3M Versaflo TR-602E Notice D'utilisation page 90

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 8
K
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Осы нұсқауларды 3M™ Versaflo™TR-602E Powered Air Turbo респираторының
анықтамалық кітапшасымен бірге оқып шығыңыз, онда келесі ақпаратты табасыз:
• Жоғарғы қорғаныс жиынтығы бекітілген
• Қосалқы бөлшектер
• Аксессуарлар
ҚАПТАМАНЫ АШУ
3M™ Versaflo™ TR-602E Powered Air Turbo респираторлық жүйесінде келесілер болуы
керек:
a) Powered Air Turbo респираторы
b) Ауа ағынының индикаторы
c) Пайдалану бойынша нұсқау
d) Анықтамалық кітапша
^ Назар аударыңыз
Бұйым пайдаланушыны ауамен тасымалданатын белгілі бір ластағыш заттардан
қорғауға көмектесуі үшін бұйымды тиісті түрде таңдап алу, оны пайдалануға
үйрету, пайдалану жəне бұйымға техникалық күтім жасау қажет. Осы бұйымдарды
тыныс органдарын қорғау үшін пайдалану бойынша нұсқаудың талаптарын
сақтамау жəне/немесе пайдаланушыға ластағыш заттар əсер етететін кезде оны
дұрыс киіп жүрмеу пайдаланушының денсаулығына теріс əсер етуі, оның өміріне
қауіп төндіретін ауруларға немесе еңбек қабілетін айырылуына алып келуі мүмкін.
Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті ережелерді
сақтаңыз, берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе қауіпсіздік техникасы
саласындағы маманнан / 3М өкілінен кеңес алыңыз. (Жергілікті байланыстар туралы
ақпарат).
^ Аталмыш ескерту нұсқауларына (арнайы қауіп белгісінде) аса назар аудару
қажет.
ЖҮЙЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ
3M™ Versaflo™ TR-602E Powered Air Turbo респираторлық жүйесі бекітілген қорғаныс
дулығалардың біреуімен пайдалану үшін жасалған (анықтамалық кітапшаны қараңыз).
Бұл өнім EN12941 стандартының талаптарына сəйкес келеді (Респираторлық қорғау
құрылғылары – Powered сүзу құрылғылары).
Powered Air Turbo респираторлық жүйесінде стандартты үнемдеу (TR-630) немесе
сыйымдылығы жоғары батареяларын (TR-632) жəне бір қатар құрама бөлшек/газ жəне бу
сүзгілерін немесе бөлшекті ұстайтын сүзгілерді таңдауға болады (біреуі қосымша
жағымсыз иіс шығарады). Ауа ағынының үш деңгейін қамтамасыз ету үшін (стандартты,
орташа жəне жоғары) Powered Air Turbo респираторлық жүйесін қолмен орнатуға болады.
Оның құрамына сондай-ақ батареяның төмен қуаты жəне/немесе қорғаныс дулығадағы
төмен ауа ағыны туралы дыбыстық, көрінетін жəне вибрациялық ескертуді қамтитын
электронды басқару құрылғысы кіреді. Турбо жүйесінде бөлшекті ұстайтын сүзгіні жүктеу
бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететін сүзгі индикаторы жəне батареяның заряды
туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін батарея күйінің индикаторы бар.
^ Сүзгіні жүктеу индикаторы тек бөлшектер үшін. Газ бен будың қызметтік мерзімі
туралы ақпаратпен қамтамасыз етпейді.
^ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР
Бұл респираторды барлық нұсқауларды ұстана отырып пайдалану керек:
- осы кітапшадағы нұсқау,
- жүйенің басқа құрамдас бөліктерімен бірге берілетін нұсқаулар
(мысалы,TR-602EPowered Air Turbo анықтамалық кітапшасы, сүзгі пайдаланушы
нұсқаулығы жəне қорғаныс дулыға пайдаланушы нұсқаулығы).
Ластаушы заттардың шоғыралануы жоғарғы қорғанысты пайдалану бойынша
нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерден артық болған жағдайда ешқашан қолданбаңыз.
Осы бұйымды тыныс жолдарын белгісіз атмосфералық ластағыш заттардан немесе
ластағыш заттардың концентрациясы белгісіз немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп
туғызатын ортада қорғау үшін пайдаланбаңыз.
Осы бұйымды оттегінің мөлшері 19,5%-дан аз ортада пайдаланбаңыз (3М анықтамасы:
кейбір елдер оттегі мөлшерінің жеткіліксіздігіне қатысты өз шектеулерін қолдануы мүмкін.
Күмəніңіз болса, кеңес сұраңыз).
Осы бұйымды оттегілік немесе оттегімен байытылған орталарда пайдаланбаңыз.
Тек қана анықтама брошюрасында көрсетілген жоғарғы қорғаныс жəне
қосымшалар/аксессуарлармен ғана жəне техникалық спецификацияда ұсынылған
пайдалану шарттары шегінде ғана қолдану керек.
Бұйымды тек оны пайдалануға үйретілген қызметкерлер пайдаланулары тиіс.
Келесі жағдайларда жұмыс аймағынан тез шығыңыз:
a) Eгер жүйенің кез-келген бір бөлігі бүлінсе.
b) қорғаушы дулығаға берілетін ауа ағыны азайса немесе тоқтап қалса.
c)Төмен ауа ағыны немесе төмен батарея қуаты туралы ескертулер қосылса.
d) тыныс алу қиындаса.
e) Басыңыздың айналуы немесе басқа аурулар пайда болса.
f) Ауызыңызда ластағыш заттардың дəмін, иісін сезінсеңіз немесе теріңіз қыши бастаса.
Бұл бұйымда ешқандай түрде түрлендірмеңіз жəне өзгертпеңіз. Бұйымның тозған
қосалқы бөлшектерін тек 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен алмастырыңыз.
^ Бұл өнімдерді тұтанғыш немесе жарылғыш орталарда пайдалануға болмайды.
Механикалық жетегі бар Air Turbo құрылғысы ұшқын атып жəне металдың немесе басқа
да жанатын бөлшектердің балқуына алып келетін барлық жағдайларда ұшқын басқыш
қолданылуы тиіс.
Жоғары магниттік өрістерге бейімделген орталарда пайдалану үшін, 3M техникалық
қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Бұйымның пайдаланушының терісіне тиюі мүмкін бөліктерінің материалдары
адамдардың көпшілігінде аллергия туғызатыны туралы ақпарат жоқ.
Осы бұйымдардың табиғи резиналық латекстен жасалған құрамдас бөліктері жоқ.
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Респиратор жүйелері зиянды заттың əсерлерін азайтуға арналған жəне оны пайдалану
алдында толық тексеріп, əрқашан ұқыпты қолдану керек. Тексерілген аппарат толық
жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс жиналған болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе
ақаулы бөлшектер айдаланылғанға дейін 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен
алмастырылуы тиіс. Алдын ала, жоғарғы қорғанысты пайдаланбас бұрын, пайдалану
бойынша тиісті нұсқаулықта көрсетілгендей оның конструкциясын тексеріңіз.
Батарея
Мақұлданған батареяны таңдаңыз. (3M бекіткен батареяларды TR-602E Powered Air
Turbo анықтамалық кітапшасынан көруге болады). Батареяның корпусын, топсаны,
ысырманы жəне батареядағы электр түйіскен қадалық істіктерді тексеріңіз, егер батарея
зақымдалған болса, оны ауыстырыңыз. Қабылдап алған соң батареяны бұйымның
қаптамасында көрсетілгендей дереу зарядтау керек (1-суретті қараңыз). Батареяны
зарядтау бойынша нұсқауларды батареяны зарядтау бумасындағы пайдаланушы
нұсқауларынан көруге болады. Батарея зарядын 2-суретте көрсетілгендей индикаторды
басу арқылы анықтауға болады. (1 таяқша = 20%-дан аз, 5 таяқша = 80 - 100%). Сонымен
қатар сондай батарея индикаторы Powered Air Turbo дисплейінде бар. Батареяны
3-суретінде көрсетілгендей салыңыз. Ысырма естілетіндей тарс етіп жабылуы керек.
Орнына бекітілгенін тексеру үшін батареяны жай тартыңыз.
сүзгі
Мақұлданған сүзгіні таңдаңыз. (3M бекіткен сүзгілердің тізімін TR-602E Powered Air Turbo
анықтамалық кітапшасынан қараңыз). Ішкі сақина тəрізді тығыздауыш сүзгі мен Powered
Air Turbo арасындағы бастапқы тығыздауыш болып саналады. Сыртқы тосқауыл шаң мен
қоқыстың кіруіне жол бермейді.
^ Алғашқы орнатудан немесе қайта орнатудан бұрын сүзгіні жəне ішкі тығыздауышты
тексеріңіз, егер зақымдалған болса, оны ауыстырыңыз.
Сүзгінің бұрыштарына жəне ілмектеріне қоса, оның пластмасса корпусын мұқият
тексеріңіз. Зақымдалған болса, дереу ауыстырыңыз.
Сүзгі дұрыс қолданылмаса немесе оны түсіріп алсаңыз, толықтай тексеріп шығыңыз.
Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, 3M техникалық қызметіне хабарласыңыз.
^ Əрқашан сүзгіні Powered Air Turbo респираторына тиісті түрде орнатыңыз.
Powered Air Turbo респираторы өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Сүзгіні орнату үшін сүзгінің сол жағын Powered Air Turbo топсасына орналастырыңыз
жəне оң жағын орнына сарт етіп бекітіңіз (4-суреттен қараңыз). Екі жағынан да дұрыс
салынуын тексеру үшін, сүзгіні ақырын тартыңыз. Соған қоса сүзгінің қақпағы сүзгіге
бекітілген болуы мүмкін. Тез анықтау жəне үйлесімділігін білу мақсатында сүзгілер мен
сүзгінің қақпақтары таңбалармен белгіленген. Толық ақпарат үшін анықтамалық
кітапшаны қараңыз. Сүзгінің қақпағын қолдану міндетті емес, бірақ қолдану ұсынылады.
Дегенмен, ұшқын басқышты жəне/немесе алдын ала тазалау сүзгісін қолданған кезде
сүзгі қақпағын пайдалану қажет. Егер сүзгі қақпағы зақымдалған болса, оны
ауыстырыңыз. Сүзгі қақпағы сүзгіні Powered Air Turbo құрылғысына орнатудан бұрын
бекітілуі тиіс. Төменгі ысырма құлақшасы орнына түскеніне жəне сүзгі затбелгісі сүзгі
терезесінен көрінетініне көз жеткізіп, сүзгіні қақпаққа салыңыз. Содан кейін Powered Air
Turbo құрылғысына 4-суретте көрсетілгендей орнатыңыз. Қосымша ұшқын басқышты
жəне/немесе алдын ала тазалау сүзгісін қолданған кезде, оларды сүзгі қақпағына
5A-суретінде көрсетілген ретімен орналастырыңыз (мұнда1=Сүзгі қақпағы;2=Ұшқын
басқыш;3=Алдын ала тазалау сүзгісі жəне4=Сүзгі). Сүзгіні бекіту алдында ұшқын
басқыштың жəне алдын ала тазалау сүзгісінің кесінділері дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Ұшқын басқышты жəне алдын ала тазалау сүзгісін дұрыс орналастыру үшін5B
жəне5C-суретін қараңыз. Механикалық жетегі бар Air Turbo құрылғысы ұшқын атып жəне
металдың немесе басқа да жанатын бөлшектердің балқуына алып келетін барлық
жағдайларда ұшқын басқыш қолданылуы тиіс.
Ауа ағынын тексеру
Қажетті ауа ағыны қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу үшін Powered Air Turbo құрылғысы
алдын ала калибрленген. Ол сондай-ақ биіктікке (теңіз деңгейінен жоғары биіктік) жəне
ауа температурасына байланысты ауа тығыздығы өзгерістерін қалпына келтіреді.
Пайдалану алдында ауа ағыны индикаторының түтігі арқылы 6-суретте көрсетілгендей
ауа ағынын тексеріңіз. Ауа ағынын тексеру түтігін шығыс тетігіне қосудан1 минут бұрын
Powered Air Turbo құрылғысын іске қосыңыз. Ауа ағыны тұрақтағанша тағы бір минут
күтіңіз. Ауа ағынын тексеру түтігін тігінен ұстап, қалқымалы шардың түбі сіздің
'аймағыңызды' ұсынатын 'əріптің' ең төмен ағын белгісінің деңгейінде немесе одан
жоғары болуын тексеріңіз (6-суретті қараңыз). Аймағыңызды анықтау үшін ауа ағыны
тексерілетін ортаның биіктігі мен температурасын білуіңіз керек.7-суретте көрсетілген
кестеден сіздің биіктігіңіз бен температураның қиылысқан аймағын табыңыз.
Дабылды тексеру
Дыбыстық, көрінетін жəне вибрациялық дабыл өндірушінің ең төмен есептік ағынына
жететін ауа ағынын белсендіреді (MMDF). Дабылдардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру
үшін, қолыңызды Powered Air Turbo құрылғысы шығыс тетігінің үстіне қойыңыз. Дыбыстық
жəне вибрациялық дабылды қосу керек жəне сүзгі белгішісіндегі төменгі жарық диоды
қызыл түспен жыпылықтайды.
Ескертпе: қоршаған ортаның жоғары шу деңгейі немесе есту мүшесін қорғау құралын
қолдану пайдаланушының дыбыстық дабылдарды естуіне кедергі келтіруі мүмкін. Қалың
киім немесе жоғары деңгейлі вибрациялық тапсырмалар вибрациялық дабылды сезінуге
кедергі келтіруі мүмкін. Бұл орталарда пайдаланушылар көрінетін дабылдарды жиі
тексеріп тұруы керек.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Киілуі
1. Тиісті кеңірдекті таңдаңыз (анықтама брошюрасын, бекітілген 3М кеңірдектер тізімін
қара.) жəне оның жоғарғы шетін жоғарғы қорғаныс конструкциясына қосыңыз.
Дем алу трубканаң байонет жағын қатаюшыны бұзылуға немесе тозуға тексеру керек
(ауа тасымалдайтын шамасы) . Егер жапрсар тозған немесе бұзылған болса демалу
трубка ауыстырылу керек
2. Дем алу түтігінің астыңғы ұшын Powered Air Turbo құрылғысының шығыс тетігіне салып,
нық салынғанын тексеру үшін дем алу түтігінің ұшын бұраңыз.
89

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières