Télécharger Imprimer la page

Philips M1642A Mode D'emploi page 73

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 6
Кабельдерді тазалау
Кабельді таза, тегіс бетке қойыңыз. Тазалау барысында кабельдің коннектор ұшын ішіне сұйықтық
кірмейтіндей етіп орналастырыңыз.
Егер процедура барысындағы кез келген уақытта сүрткіштердің ластануы байқала бастаса, ластанған
сүрткіштерді қоқысқа тастап, таза сүрткіштерді пайдаланыңыз.
Процедура барысында, қажет болса, тігістерді, ойықтарды жəне тар жерлерді мақта тампондармен
тазалаңыз жəне шайыңыз.
Тазалау
1.
Түксіз сүрткішке мақұлданған тазалау құралын сіңдіріңіз.
2.
Өнімнің бүкіл бетіне тазалау құралын сіңдіріңіз.
3.
Беттерді 3-5 минут дымқыл күйінде қалдырыңыз.
4.
Басқа түксіз сүрткішті тазалау құралына малыңыз.
5.
Өнімнің бүкіл бетін таза болып көрінгенше сүртіңіз. Өнімнің барлық жағы таза екенін тексеріңіз.
Шаю
6.
Түксіз сүрткішке ауыз суын сіңдіріңіз.
7.
Монитордың ұштық коннекторынан бастап, өнімнің бүкіл бетін кемінде бір рет сүртіңіз.
8.
Өнімді қарап шығып, қажет болса, 6-7-қадамдарды қайталаңыз. Егер қандай да бір бөлшек таза
болып көрінбесе, ойықтарды жəне тар жерлерді мақта тампонмен тазалаңыз.
9.
Өнімнің бүкіл бетін таза сүрткіштермен құрғатыңыз.
Кабельді зарарсыздандыру
Кабельді таза, тегіс бетке қойыңыз. Зарарсыздандыру барысында кабельдің коннектор ұшын ішіне
сұйықтық кірмейтіндей етіп орналастырыңыз.
Егер процедура барысындағы кез келген уақытта сүрткіштердің ластануы байқала бастаса, ластанған
сүрткіштерді қоқысқа тастап, таза сүрткіштерді пайдаланыңыз.
Процедура барысында, қажет болса, тігістерді, ойықтарды, ашық аймақтарды жəне тар жерлерді мақта
тампондармен зарарсыздандырңыз жəне шайыңыз.
Зарарсыздандыру
1.
Түксіз сүрткішке мақұлданған зарарсыздандыру құралын сіңдіріңіз.
2.
Өнімнің бүкіл бетіне толық сіңдіріңіз.
3.
Беттерді 10 минут дымқыл күйінде ұстаңыз. Барлық тігістерге, ойықтарға жəне тар жерлерге сіңгенін
тексеріңіз.
Шаю жəне түпкілікті тексеруді аяқтау
4.
Түксіз сүрткішке ауыз суын сіңдіріңіз.
5.
Монитордың ұштық коннекторынан бастап, өнімнің барлық бетін сүртіңіз.
6.
Қосымша сүрткіштерді қажетінше пайдаланып, 5-қадамды тағы да екі рет қайталаңыз.
7.
Таза сүрткіштермен өнімді толық құрғатыңыз.
8.
Өнімнің барлық беті таза жəне құрғақ екенін қарап шығыңыз.
Зарарсыздандыру
Кабельдерді стерильдемеңіз.

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

M1643a