Қазақша
Пайдалану нұсқаулары
Жүректің минуттық көлемін өлшеу адаптер кабельдері катетерлер мен инъектат температурасы
зондтарын Philips емделуші мониторларының жүректің минуттық көлемін өлшеу кірісіне жалғауға
арналған. Бұл өнімдер монитор пайдаланушысының құжатында қосалқы құралдар ретінде берілген
жағдайда Philips емделуші мониторларымен бірге пайдалануға арналған.
Ұсынылған
Тек оң жақ катетер өлшемін орындауға арналған
Транспульмональдық өлшеу немесе оң жүрек катетерін өлшеу
2,4 м/2,4 м M1643A
Ескертулер, сақтық шаралары, пайдалану мақсаты, пайдалану нұсқаулары мен техникалық
сипаттамаларды емделуші мониторының Пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
Қарсы көрсетімдер
Жүректің минуттық көлемін өлшеу адаптер кабелін МРТ ортасында пайдалануға болмайды.
Тазалау жəне дезинфекциялау
Жүректің минуттық көлемін өлшеу адаптер кабельдерін алғаш пайдалану жəне басқа емделушіге
пайдалану алдында тазалап, зарарсыздандырыңыз.
Рұқсат етілген тазалау жəне зарарсыздандыру құралы
Philips компаниясы тиімділігі мен қолданысы кабельдерде сыналған төмендегі тазалау жəне
зарарсыздандыру құралын мақұлдады. Philips компаниясы бұл құралдардың тазаланатын жəне
зарарсыздандырылатын Philips өнімдеріне тиімділігі мен зақымның алдын алуын сынады:
Тазалау құралы:
•
Ферментті жуу құралы - құрамы:
Аты
Спирт, C9-11, этоксилатталған үстірт белсенді зат
Глицерин
Лимон қышқылы
N, N-Диметилоктадециламин тотығы
Субтулизиндер (протеолитикалық ферменттер)
•
Дұрыс сұйылту жəне су температурасы жөніндегі нұсқауларды жуу құралы өндірушісінің
жапсырмасынан қараңыз.
Зарарсыздандыру құралы:
•
70% изопропил спирті (Chemical Abstract Service #67-63-0)
Жұмысты бастау
Өнімді тазалау жəне зарарсыздандыру алдында:
1.
Кабельдерде зақым мен тозу белгісі бар-жоғын көзбен тексеріп шығыңыз. Жыртық, жарық немесе
майысқан коннектор істіктері секілді кез келген зақым белгісінің бар-жоғын тексеріңіз. Егер өнім
зақымдалған болса, оны қоқысқа тастаңыз, себебі зақымдалған өнім қате көрсеткіштер беруі мүмкін.
2.
Өнімде үлкен көзге көрінетін зақым (мысалы, қабығы ашылған сымдар немесе үзілген жерлер) болса,
өнімді əрқашан ауыстырыңыз.
3.
Өнімде орташа немесе қатты ластану белгісі бар-жоғын көзбен тексеріңіз. Орташа немесе қатты
ластанған өнімдер тазалауға немесе зарарсыздандыруға жарамайды. Егер мұндай жағдай пайда
болса, өнімді тастаңыз.
4.
Мына қосалқы материалдарды дайындаңыз:
- түксіз сүрткіштер;
- ұштары кішкентай сүйір мақта тампондар;
- өндіруші ұсынған концентрациядағы мақұлданған тазалау жəне зарарсыздандыру құралы.
Монитор/
катетер кабелінің ұзындығы
2,7 м/0,2 м
2,4 м/2,4 м
Пайызы %
1-5
1-5
1-5
1-2
0,1-1
Өнімнің нөмірі
M1642A
M1643A