MITSUI CHEMICALS KULZER Dispensing gun Mode D'emploi page 101

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
тазартқыш щеткасы (мысалы, Interlock #09098 щеткасы
басының ұзындығы: 35 мм x 10 мм, 25 мм x 5 мм, жалпы
ұзындығы: 175 мм), жууға арналған бак/тегеш.
1) Тазалағыш жууға арналған өндірушінің
нұсқауларына сәйкес дайындалған (мысалы, neo-
disher Mediclean forte 1%) (ең жоғарғы температура
40°C).
2) Ластанған сұйықтық шашырамауы үшін барлық
қадамдарды сұйықтық деңгейінен төмен орындаңыз.
3) Құралды (Dispensing gun) тазарту ерітіндісіне
толығымен батырыңыз.
4) Суға батып тұрған құралдың қол жетпейтін жерлерін
жұмсақ щеткамен 1 минут жуыңыз. Тазалау
тиімділігін бағалау мүмкін емес, қол жетпейтін
жерлерге көбірек көңіл бөліңіз.
5) Барлық жылжитын құрамдастарды тазарту
ерітіндісіне 5 рет салыңыз.
6) Тазарту ерітіндісіндегі жалпы төзімділік уақыты кем
дегенде 5 минут (5 минут расталды).
7) Құралды (Dispensing gun) тазарту ерітіндісінен
шығарып, тазарту ерітіндісін толығымен кетіру
үшін ағын құбыр судың астында 1 минут жүыңыз
(ең азы ауыз судың сапасы). Барлық жылжитын
құрамдастарды 5 рет жылжытыңыз.
Тазалығын тексеріңіз, егер қоқыс көрінсе, жоғарыдағы
әрекеттерді қайталаңыз.
Дезинфекциялау: қолмен:
- Жабдық: пероксидті қосылыстардың негізіндегі (VAH
немесе кемінде DVV тізіміндегі) дезинфекциялық құрал
(мысалы, Dr. Weigert neodisher Septo Fin #420735)
деминералсызданған су (KRINK / BfArM ұсынысына
сәйкес факультативті патогенді микроағзасыз
деминералсызданған су) (20 ± 2°C), дезинфекциялық
бак, тықыр дәке, медициналық сығылған ауа
(Еуропалық фармакопеяға сәйкес).
1) Дезинфекциялық ерітінді өндірушінің
дезинфекциялау нұсқауларына сәйкес дайындалған
(мысалы, neodisher Septo Fin 3% тексерілді).
2) Құралды (Dispensing gun) дезинфекциялық
ерітіндіге толығымен батырыңыз. Барлық беттерге
дезинфекциялық ерітіндінің толығымен тигеніне көз
жеткізіңіз. Барлық жылжитын құрамдастарды 5 рет
жылжытыңыз. Дезинфекциялық ерітіндінің төзімділік
уақыты өндірушінің нұсқауларына сәйкес (15 минут
расталды).
3) Құралды (Dispensing gun) дезинфекциялық
ерітіндіден шығарып алыңыз.
4) Дезинфекциялық ерітіндіні толығымен кетіру үшін
құралды толығымен деминералсызданған сумен 1
минут шайыңыз (KRINK / BfArM ұсынысына сәйкес
факультативті патогенді микроағзасыз). Барлық
жылжитын құрамдастарды 5 рет жылжытыңыз.
5) Тықыр дәкемен сүртіңіз және/немесе медициналық
сығылған ауамен құрғатыңыз (Еуропалық
фармакопеяға сәйкес).
Тазалау және дезинфекциялау: автоматтандырылған WD
- Жабдық: Жылу бағдарламасы бар EN ISO 15883-1
+ -2 стандартына сәйкес дезинфекциялайтын жұғыш
құрылғы (90-95°C температура), жұмсақ сілтілі
тазартқыш құрал (мысалы, neodisher Mediclean forte, Dr.
Weigert #405035 расталды), медициналық сығылған ауа
(Еуропалық фармакопеяға сәйкес).
1) Қысқыш қақпағын ашып, құралды (Dispensing gun)
қолайлы науаға салыңыз немесе барлық ішкі және
сыртқы беттерді тазартып, зарарсыздандыру үшін
оларды жүк салғышқа салыңыз.
2) WD жауып, бағдарламаны қосыңыз, бағдарлама
параметрлері төмендегі кестеде көрсетілген.
101

Publicité

Table des Matières
loading

Produits Connexes pour MITSUI CHEMICALS KULZER Dispensing gun

Table des Matières