тұрмаса, алдымен тік еңіс бұрышының 0° реттеуін және
бұрыш индикаторын тағы бір рет тексеріп шығыңыз.
Содан кейін тік 45° еңіс бұрышын қайтадан реттеп
шығыңыз.
Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (17) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (23) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (Y1 суретін қараңыз)
– Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (15) мен
аралау дискісі (13) арасында аралау үстеліне (17)
орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (13) жатуы керек.
Реттеу: (Y2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттегіш бұранданы (73) крест тәрізді
бұрауышпен босатып, аралау үстелін (17) шкаламен
(19) бірге бұрыштық калибрдің бір жағы ара
дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша
бұраңыз.
– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (26) реттегеннен кейін
шкаланың (19) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (74) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен
туралаңыз.
Тасымалдау (Z суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (36) тартылған болса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып,
бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Тереңдік тіреуішінің (35) толығымен ішке басылуын
және дәлдеу бұрандасы (4) манипуляторды
жылжытуда тереңдік тіреуішіне тимей тесікке кіруін
қамтамасыз етіңіз.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған
ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық
контейнерге салыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (3) ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарынан (29) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Bosch Power Tools
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі
жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш
қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп
шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және
жоңқаны кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті (5) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Қазақ | 349
1 609 92A 8KY | (07.03.2023)