Télécharger Imprimer la page

Bosch 0601B47000 Notice Originale page 346

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 46
346 | Қазақ
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз.
Бекіту тетігі(22) мен қысу тұтқасын (34) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Аралау
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту тетігі(22) мен қысу тұтқасын (34) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Кіріктірілген Bluetooth® Low Energy Module GCY 42
u
модулі бар электр құралы радио интерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға
u
болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy
Module GCY 42 модулі мен түймелі аккумуляторды
шығарып алу керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (O суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабының (1) көмегімен (ені үлкен
дайындамалар) кесу үшін реттегіш бұранда (36) тарту
аспабын қысып тұрса, оны босатыңыз.
1 609 92A 8KY | (07.03.2023)
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша, (16) және тіреуіш планкаларынан ары
тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (9) баяу төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (16) және тіреуіш планкалары
бағытымен басып, дайындаманы бірқалыпты
қозғалыспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Тарту әрекетінсіз аралау (қыршу) (P суретін қараңыз)
– Тарту әрекетінсіз кесіктер жасау үшін (шағын
дайындамалар) бекіткіш бұранданы (36) ол тарту
аспабын (1) қысып қалған жағдайда босатыңыз.
Манипуляторды (16) тіреуіш планкаларға қарай
тірелгенше жылжытып, тарту аспабын бұғаттау үшін
реттегіш бұранданы (36) қайтадан тартыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (9) төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (Q суретін қараңыз)
Екі лазер сәулелері ара дискісінің аралау енін көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Лазер сәулелерін лазерді/жұмыс шамын қосу/өшіру
түймесінің (54) көмегімен қосыңыз.
– Таңбаламаны дайындамаға екі лазер сәулелерінің
арасында бағыттаңыз.
Нұсқау: аралаудан бұрын кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріңіз. Лазер сәулелері, мысалы,
қарқынды пайдаланған кезде діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең
Тік еңіс
Биіктігі [мм] Ені [мм]
еңіс
бұрышы
бұрышы
70
300
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcm 18v-216 dc professional