Télécharger Imprimer la page

MSA V-Gard H1 Manuel D'utilisation page 59

Masquer les pouces Voir aussi pour V-Gard H1:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 40
Қауіпсіздік нұсқаулары
1
Қауіпсіздік нұсқаулары
Ескерту!
Пайдаланбас бұрын және пайдаланғаннан кейін бұл қорғаныс жабдығы мен оның бекітпе
жабдықтарында жарықтар, сызаттар, дақтар, осал жерлері, сынғаннан пайда болған сызат ізі,
түссізденген немесе ағарған жерлерінің бар-жоғын тексеріп алыңыз. Егер қорғаныс жабдығында
тозу немесе зақымдалу белгілері байқалса, оны дереу ауыстырыңыз. Соққыдан немесе енуден
кейін қорғаныс жабдығын әрдайым ауыстырыңыз.
Күнқағарлар көз бен бетті шектеулі қорғаныспен қамтамасыз етеді. Көзілдірік көзді шектеулі
қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл қорғаныс жабдығы көп жағдайда ұшатын заттарға, ұсақ
заттарға, бөлшектерге, құмға, шашылған су секілді жағдайларға қарсы тиімді қорғанысты
қамтамасыз етуі керек. Тегістейтін дөңгелектердің бүлінуі немесе жарылатын құрылғылар
сияқты кейбір жағдайлар көзәйнекті сындырып, көздің немесе беттің жарақаттануына себеп
болуы мүмкін. Бұл қорғаныс жабдығын осы қауіпті заттардан соққы алу қаупі бар жерлерде
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл қорғаныс жабдығын электрлік қауіптерден, инфрақызыл және
ультракүлгін сәулеленуден қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Торлы күнқағарларды шашыраған сұйықтықтан, ағын судан, құмнан, шаңнан немесе осыған
ұқсас нәрселерден қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Торлы көз қорғағыштары – төменгі қуатты
соққыдан қорғау жабдығы және ол шашыраған сұйықтықтан (балқыған металмен қоса), ағын
судан, ыстық қатты заттардан, электрлік қауіптерден, құмнан, шаңнан немесе инфрақызыл және
ультракүлгін сәулеленуден ҚОРҒАМАЙДЫ. Кез келген қатты немесе өткір ұшқыш заттарға тиіп
кету қаупі бар кезде, S белгісі бар торлы қорғағыштарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл ереже F не
одан жоғары санаттағы белгімен белгіленген өнім үшін қолданылмайды. Кернеулі сымдар
немесе электр өткізгіштеріне тиіп тұрған торлы күнқағарларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Қауіпті
электр тогы соғуы мүмкін.
Теріге тиетін материал сезімтал адамдарға аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Бұл қорғаныс жабдығын дәнекерлеу кезінде немесе инфрақызыл сәулеленудің басқа көздерінен
қорғау үшін ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл қорғаныс жабдығын спортқа, шартты соғыс ойындарына,
пейнтбол ойындарына немесе осыларға ұқсас әрекеттерге ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Күңгірт көзілдірік түнде немесе әлсіз жарықтандыру жағдайларында көз көрерлігін одан артық
азайтуы мүмкін. Күңгірт көзілдірікті түнде немесе әлсіз жарықтандыру жағдайларында
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Егер сіз түнде немесе әлсіз жарықтандыру жағдайларында күңгірт
көзілдірікпен дулығада жұмыс істейтін болсаңыз, көз қорғанысының баламалы құралдарын
пайдаланыңыз, олар болжамды қауіптіліктер үшін сәйкес келеді және күңгірттелмеген.
Күңгірттейтін линзалар қажет болған жерде күңгірт көзілдірік пайдалануға сәйкес келмейді. Көз
қорғау құралдарын дұрыс таңдау үшін міндетті түрде қауіпсіздік техникасы жөніндегі
инспектормен ақылдасу керек.
Бұл ЖҚЖ тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Әрдайым қорғаныш көзілдірігін немесе қауіпсіздік көзілдірігін күнқағарлармен бірге тағыңыз.
KZ
Қорғаныш көзілдірігі немесе қауіпсіздік көзілдірігі EN 166:2001, EN 1731:2006, ANSI/ISEA Z87.1
және CSA Z94.3 соңғы түзетулерінің тиісті талаптарына сай болуы КЕРЕК. Бұл қорғаныс
жабдығын стандартты көзілдіріктің үстінен киюдің нәтижесінде пайдаланушыға көп соққы күші
түсуі мүмкін.
Көзілдірік соққыға және қауіпсіздік көзілдірігіне қойылатын ANSI/ISEA Z87.1 және CSA Z94.3
®
стандарттарындағы басқа тиісті талаптарға сәйкес келеді. V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасын
пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес, касканың басыңызға сәйкес келіп тұрғанына
және оның орнықты және дұрыс киілгеніне көз жеткізіңіз. Жұмыс істеу күйіндегі көзілдірік киген
болсаңыз және бетіңіз бен көзілдіріктің арасы ашық болса, бұл сыртқы агенттердің көзіңізге
енуіне және зиян тигізуіне әкелуі мүмкін. Көзілдіріктің астынан қауіпсіздік көзілдірігін тағыңыз.
Қауіпсіздік көзілдірігі EN 166:2001, EN 1731:2006, ANSI/ISEA Z87.1 және CSA Z94.3 соңғы
түзетулерінің тиісті талаптарына сай болуы КЕРЕК. Көзілдірікті стандартты көзілдіріктің үстінен
киюдің нәтижесінде пайдаланушыға көп соққы күші түсуі мүмкін.
Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
®
59
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы - көз және бет қорғанысы

Publicité

loading