10 Кәдеге жарату
Hilti аспаптары жасалған материалдардың көпшілігін екінші рет өңдеуге болады. Утилизация алдында
материалдарды дұрыс сұрыптау керек. Көп елдерде Hilti компаниясы қолданылған құрылғыларды
утилизациялау үшін қабылдау туралы келісімдер жасасты. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпаратты Hilti
компаниясының клиенттерге қызмет көрсету бөлімінде немесе сатылымдар бойынша консультантта алуға
болады.
Тек ЕО елдері үшін
Электр құрылғыларды тұрмыстық қоқысқа лақтырмаңыз!
Электр және электрондық жабдықты утилизациялау туралы еуропалық директиваға және оның
ұлттық заңнамадағы нұсқасына сай пайдаланылған электр құрылғыларды және аккумулятор
батареяларын бөлек жинау және экологиялық тұрғыдан таза утилизацияға жіберу керек.
Утилизация
Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында бұрғылау қалдықтарының табиғи су қоймаларына немесе канализацияға
сәйкес алдын ала өңдеусіз түсуіне жол бермеу керек. Сәйкес ақпаратты және нұсқауларды жергілікті билік
органдарынан алуға болады. Алдын ала өңедуді келесідей орындау ұсынылады:
1.
Бұрғылауды кейін шламды жинаңыз (мысалы, ылғалды жинауға арналған шаңсорғыш көмегімен).
2.
Шламды тұндырыңыз және қатты фракцияларды өндірістік қалдықтарды тастау жеріне утилизациялаңыз.
(флокулянттарды қосу тұну процесін тездетуі мүмкін)
3.
Қалған суды (сілтілік, pH 7) канализацияға төгу алдында оны қышқылдық реагенттерді қосып немесе судың
көп мөлшерімен араластырып бейтараптандыру керек.
Қоқыстарды утилизациялау
Жиналған бұрғылау шаңын бар мемлекеттік ережелерге сай утилизациялау керек.
11 Өндіруші кепілі
Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса,
жергілікті HILTI серіктесіне хабарласыңыз.
All manuals and user guides at all-guides.com
kk
145