Télécharger Imprimer la page

Naterial ILO Manuel D'instructions page 139

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 1
Дайындау сеансаын аяқтау
• Ас дайындаудың әр сеансынан кейін барбекюге арналған жанарғыларды максималды қуатқа
қосыңыз және оларды 5 минутқа жандырып, қалдырыңыз. Бұл процедура тамақ қалдықтарын
өртеп жіберуге, нәтижесінде тазалауды жеңілдетуге жағдай жасайды. Осы операция кезінде
қақпақтың ашық екендігіне көз жеткізіңіз.
• Мархабат, әр пайдаланған сайын барбекюді тазалаңыз, ол жану қауіпі бар дайындалған тағамнан
шыққан майдың жиналуына жол бермеу үшін жасалады.
Барбекюді сөндіру
• Барбекюмен пайдалануды аяқтап болғаннан кейін барлық газ крандарын сағат тілінің бойымен
«сөндірулі» күйіне бұрып, баллондағы газ берілуін жабыңыз.
• Қалпақты немесе қақпақты жаппас бұрын барбекюдің жеткілікті күйде суығанын күтіңіз.
4. ГАЗ БАРБЕКЮІНІҢ КҮТІМІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУІ
• Барбекюді пайдалану арасында және соның ішінде ұзақ уақыт сақтағаннан кейін үнемі тазалап
отырыңыз. Тазалау алдында барбекю және оның құрамдас бөлшектері жеткілікті суығанына
көз жеткізіңіз. Барбекюді жаңбырға және ылғалдың кез келген көзінің ықпал етуіне ешқашан
шалдықтырмаңыз.
• Егер барбекюдің беті ыссы болса ешқашан барбекюді сумен бүрікпеңіз.
• Қолыңызды қорғамай ешқашан ыстық тетік бөлшектерді ұстамаңыз.
Барбекюіңіздің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін және оны жақсы күйде ұстау үшін, егер сіз
оны ұзақ уақыт далада қалдырсаңыз, соның ішінде қыс айларында қалдырсаңыз, біз міндетті
түрде оның бетін жабуды ұсынамыз. Төзімді тыстарды және барбекюге арналған өзге керек –
жарақтарды өзіңіздің жергілікті дилеріңізден алуға болады.
Барбекюіңіз қорғайтын тыспен жабылғанның өзінде, оны бәрі бір үнемі тексеріп қарап отыру керек,
себебі онда ылғал мен конденсат пайда болып, оның зақымдалуына алып келуі мүмкін. Барбекюді
және оның қорғаныс тысының ішкі бөлігін кептіру керек болуы мүмкін. Барбекюдің бөліктерінде
май қалдықтары көгеруі мүмкін. Оны өте ыстық сабынды сумен жуу керек.
Тағам өнімдерімен байланысқа түспейтін кез келген анықталған тот басқан тетік бөлшектерді
тотты жоюға арналған амалмен өңдеу керек және барбекюге арналған термотөзімді арнайы
бояумен боялу керек.
Ас пісіру беттері
• Барбекю суып болғаннан кейін оны ыстық сабынды сумен жуып шығыңыз. Тамақ қалдықтарын
алып тастау үшін ыдыс - аяқ жууға арналған амалдарды пайдаланыңыз. Қажағыш ұнтақты немесе
ысқыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар сіздің барбекюіңіздің жабындысына қайтымсыздық
зақым келтіруі мүмкін. Жақсылап жуып, кептіріңіз. Біз торларды және тақтайшаларды салмағына
байланысты ыдыс - аяқты жуатын машиналарда жууға кеңес бермейміз.
• мұз текшелерін абсолют пайдаланбау керектігін еске саламыз, олар жылу соққысына және
тақтайша эмалінің шытынауына алып келуі мүмкін.
• Егер тамақ өнімдерімен жанасатын пісіру бетінде тот пайда болса, бұл бетті ауыстыру керек.
Жанарғыға қызмет көрсету
• Сіздің жанарғыңыз жалынның максималды қуатына келтірілген. Әдетте жанарғыны қосқанда
сіз көкшіл әлеуетті сары жиектері бар жалын көресіз. Егер жалын сары реңге ие болса, бұл
жанарғының саңылауларына немесе түтікшелеріне қоқым немесе жәндіктердің түсуімен
байланысты болуы мүмкін. Бұл бітелуге немесе газ берілісінің шектелуіне, бұл басқару панелінің
тұтануына және барбекюдің күрделі зақымдалуына алып келуі мүмкін. Егер осындай жағдай
орын алса, мүмкіндігінше баллонға газ берілуін дереу жауып тастау керек.
• Жанарғыны үнемі тексеріп отыру керек, кемінде жылына бір рет келесі шарттарға қосымша
шешіп және тазалау керек:
• Барбекюді сақтау жерінен алғанда.
• Егер бір немесе бірнеше жанарғылар жанбаса.
139
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
HE
AR
EN

Publicité

loading