Télécharger Imprimer la page

Stihl RM 3.1 RT Manuel D'utilisation page 511

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 49
● Пышақ бұрандамасын (1) жаңа
қорғауыш шайбамен (3) бұрап
бекітіңіз.
Созылу мезеті:
60 - 65 Нм
12.4 Шапқыш пышағын қайрау
Қажетті білім немесе анықтама
жетіспеген жағдайда пышақты өткірлеу
жұмысын білікті маманға тапсыру
қажет. Пышақтар дұрыс қайралмаған
кезде (қайрау бұрышы дұрыс емес,
теңсіздік жəне т.б.) құрылғының
жұмысына теріс əсер етіледі.
Қайрау бойынша нұсқаулық
● Шапқыш пышағын шығарып алыңыз.
(
12.3)
● Шапқыш пышақтарын өткірлеу
барысында, мысалы, сумен
салқындату қажет.
Көк түс пайда болмауы керек,
əйтпесе жарамдылық мерзімі
қысқара түседі.
● Тепе-теңдіктің жоқтығына
байланысты дірілді болдырмау үшін,
шапқыш пышағын түзу ұстаңыз.
● Қайрау бұрышын 30° етіп сақтаңыз.
● Тозудың шегін (
12.2) сақтаңыз.
12.5 Іштен жанатын қозғалтқыш
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз.
0478 111 9954 A - KK
Жалпы нұсқаулар:
Тіркемедегі іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтағы пайдалану жəне қызмет
көрсету жөніндегі нұсқауларды
орындаңыз.
Ұзақ мерзімді пайдалану үшін май
мөлшерінің əрқашан жеткілікті болуы
жəне май мен ауа сүзгісін ауыстыру
əсіресе маңызды.
Ұсынылатын майды
ауыстыру-аралығы, сондай ақ мотор
майы жəне майды толтыру мөлшері
туралы ақпарат іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта қолжетімді.
Суыту қабырғалары үнемі таза тұруы
керек, себебі тек сонда ғана іштен
жанатын қозғалтқыштың жеткілікті
түрде суытылуы қамтамасыз етіледі.
12.6 Дөңгелектер мен беріліс
қорабы
Дөңгелектердің иінтіректері қызмет
көрсетуді талап етпейді.
Беріліс қорабы қызмет көрсетуді талап
етпейді.
12.7 Сақтау (қысқы қаңтарылу
кезеңінде)
Қолданыстан шығарған кезде (қысқы
қаңтарылу кезеңі) келесі талаптарды
сақтаңыз:
● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін дұрыстап тазалап
шығыңыз.
● Барлық қозғалмалы бөлшектерді
жақсылап майлаңыз.
● Жағармай багі мен карбюраторды
босатыңыз (мысалы, жағармайды
əбден тауысыңыз).
● Оталдыру білтені бұрап алып
шығыңыз (қозғалтқышты қолдану
жөніндегі нұсқаулықты қараңыз)
жəне оталдыру білтесіне арналған
саңылау арқылы қозғалтқышқа
шамамен мотор майының 3 см³
құйыңыз. Қозғалтқышты оталдыру
білтесінсіз-ақ бірнеше рет
айналдырып көріңіз (стартердің
арқанын тартып).
Өрттің туындау қаупі бар!
Тұтандыру білтесінің түйіспелі
ұштығын ұяшықтан алшақ
ұстаңыз, себебі оның жану қаупі
бар.
● Оталдыру білтені қайтадан орнына
бұрып қойыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
● Майды ауыстырыңыз (қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
қараңыз).
● Көгалшапқышты құрғақ, жабық əрі
шаңсыз жерде сақтаңыз. Үй-жай
балалардан алшақ екеніне көз
жеткізіңіз.
509

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rm 3 rt