8.5 Артқы дөңгелектің кесу
биіктігін орнату параметрін
реттеу
● Артқы дөңгелектің кесу биіктігін
орнату иінтірегін (1) алдымен артқы
дөңгелек бағытымен тартып
тұрыңыз.
● Қалаулы кесік биіктігін таңдаңыз
(суретте көрсетілгендей 1 - 5 кесік
биіктіктері) жəне иінтіректі қайтадан
тіреңіз.
8.6 Алдыңғы дөңгелектің кесу
биіктігін орнату параметрін
реттеу
Жарақат алу қаупі бар!
Қолмен не саусақтармен кесу
биіктігін орнату алдыңғы
дөңгелегінің астынан ұстауға
болмайды.
Қол мен аяқты ешқашан корпус
пен топырақ арасында қоймаңыз.
Жану қаупі бар!
Құрылғыға дөңгелек
ашасынан (1) тиген кезде іштен
жанатын қозғалтқыш пен
дыбысты басқыштан жеткілікті
қашықтықты сақтаңыз – іштен
жанатын қозғалтқыштың
бөліктері ұзақ мерзімді жұмыс
кезінде қызып кетеді.
0478 111 9954 A - KK
● Реттеу үшін, құрылғыны суретте
көрсетілгендей дөңгелек
ашасынан (1) ұстаңыз, босату
7
иінтірегін (2) көрсеткі бағытымен
итеріңіз жəне орнату əрекетінің
барысында бекемдеңіз.
Дөңгелек ашасын (1) қолыңызбен
жоғары қарай ұстап тұрыңыз да,
көгалшапқыш өзінің салмағына
байланысты ең төмен кесу биіктігіне
түспейді.
● Реттегіш өзекті (3) «Кесік биіктігін
реттеу»(=орташа параметр) күйіне
орнатыңыз.
● Кесік биіктігін азайту:
Дөңгелек ашасын (1) басу арқылы
8
кесік биіктігі азаяды.
Кесік биіктігін арттыру:
Құрылғыны көтеріп, екінші
қолыңызбен жоғарыдан алдыңғы
дөңгелектің айналу осіне (4) басыңыз
да, қалаулы кесік биіктігіне қол
жеткізесіз.
● Кесік биіктігін бақылау:
Кесік биіктігін (суретте
көрсетілгендей 1 - 5 кесу биіктіктері)
артқы дөңгелектегі кесу биіктігі
алдыңғы дөңгелектегі кесу биіктігімен
бірдей болатындай етіп таңдаңыз.
Корпус топырақпен қатарлас тұруы
керек.
● Босату иінтірегін (2) жіберіңіз.
● Реттегіш өзекті (3) қажетінше
қайтадан солға не оңға итеріңіз.
(
8.3)
8.7 Лақтырманың қақпағын ашу
жəне жабу
Корпустағы бітелуді болдырмау
үшін, лақтырманың қақпағын
əрдайым толығымен ашып
жабыңыз.
1 Лақтырманың қақпағын жабу:
● Лақтырма қақпағының бекіткішін (1)
босатып, лақтырманың қақпағын (2)
жабыңыз – корпусқа итеріңіз.
● Лақтырма қақпағының бекіткішін (1)
қайта бұрап бекітіңіз.
2 Лақтырманың қақпағын ашу:
● Лақтырма қақпағының бекіткішін (1)
босатып, лақтырманың қақпағын (2)
ашыңыз – тірелгенше сыртқа
тартыңыз.
● Лақтырма қақпағының бекіткішін (1)
қайта бұрап бекітіңіз.
9. Сақтандырғыш
құрылғылар
Қауіпсіз түрде пайдалану жəне
мақсатынан тыс қолданудан қорғану
мақсатында, құрылғы бірнеше
сақтандырғыш құрылғымен
жабдықталған.
Жарақат алу қаупі бар!
Егер сақтандырғыш құрылғыда
ақау табылса, құрылғыны
пайдалануға болмайды.
Делдалға жүгініңіз, STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
9
505