2 Сипаттамасы
2.1 Тағайындалуы бойынша пайдалану
VC 60-U құрғақ шаңды тиімді кетіруге арналған әмбебап өндірістік шаңсорғыш болып
табылады. Шаңсорғыш құрғақ та, ылғалды да жинауға жарамды.
Құрылғы Hilti алмас коронкаларының немесе алмас араларының көмегімен минералды
жыныстарды ылғалды бұрғылау кезінде пайда болатын шламды соруға, сондай-ақ, Hilti
аспаптарымен бірге алмас тегістеу, кесі, перфорациялау және құрғақ алмас бұрғылау үшін
жұмыс істегенде құрғақ минералды шаңды кетіруге жарайды.
Бұған қоса, құрылғыны сұйық қалдықтарды сору үшін пайдалануға болады.
Құрылғы құрғақ жанбайтын шаңды және жанбайтын сұйықтықтарды кетіруге жарайды.
Құрылғыны жарылғыш заттарды, өшейін деп жатқан немесе жанып жатқан, жанғыш немесе
агрессивті шаңды (мысалы, магний-алюминий шаңы және т.б.), сондай-ақ, ұшпа, күйдіргіш
және тұтанғыш сұйықтықтарды (мысалы, бензин, еріткіштер, қышқылдар, майлау-салқындату
сұйықтықтары және т.б.) кетіру үшін пайдалануға болмайды.
Құрылғыны жатқан күйінде пайдалануға болмайды.
Қоқыстармен толығымен жүктеген кездегі құрылғының ең көп массасы 100 кг-нан аспауы
керек.
Құрылғыны саты ретінде қолданбаңыз.
Құрылғыны тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде автоматты немесе жартылай автоматты
қондырғыларда қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ: құрылғыға қызмет көрсететін қызметкерлер алдын ала онымен жұмыс істеу
бойынша нұсқаулар алуы керек, сондай-ақ, қоқыстар төндіретін қауіп және оларды қауіпсіз
утилизациялау туралы хабардар етілуі керек.
Шаңсорғышты су астында қолдануға тыйым салынады.
ЕСКЕРТУ: aдам денсаулығына қауіп төндіретін заттарды (оларды кетіру үшін, мысалы, М
немесе Н сериялы шаңсорғыштарды қолдану керек), майды және температурасы 60 °C-тан
жоғары сұйық орталарды соруға тыйым салынады.
Шаңсорғыштың соратын шлангысын адамдарға және жануарларға бағыттауға тыйым салы-
нады.
Электр статикалық потенциалдың пайда болуын болдырмау үшін антистатикалық соратын
шлангты қолданыңыз.
Бұл құрылғы өндірістік пайдалануға жарайды, мысалы, қонақ үйлерде, мектептерде,
ауруханаларда, фабрикаларда, дүкендерде және кеңселерде.
Құрылғыны қолданудың мүмкін салалары және нұсқалары: құрылыс алаңы, шеберхана,
жөндеу жұмыстарының әр түрлі түрлерін орындау.
Құрылғы құрылысына өзгертулер енгізуге немесе оны модификациялауға тыйым салынады.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген құрылғыны пайдалану, күту және техникалық
қызмет көрсету бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Жарақаттарды және құрылғы зақымдарын болдырмау үшін тек Hilti жасаған түпнұсқа
саймандарды және аспаптарды қолданыңыз.
Құрылғыны және оның қосымша жабдығын басқа мақсатта қолдану немесе оқытылмаған
қызметкерлердің пайдалануы қауіп төндіреді.
2.2 Стандартты жеткізу жинағына мыналар кіреді:
kk
1 Құрылғы, соның ішінде жалпақ
қатпарлы сүзгі және арба
1 Айналмалы муфта, аспап муфтасы
және конус тәрізді жалғастырғыш
бар жиналған соратын шланг
410
Printed: 05.01.2017 | Doc-Nr: PUB / 5323628 / 000 / 00