5 Қозғалтқышты жұмысқа дайын ету
■ Қозғалтқыш іске қосылған соң қызып кетуі
мүмкін.
Адамдар күйіп қалуы мүмкін.
► Тазалау алдында қозғалтқыш суығанша
күтіңіз.
■ Пайдаланушы құлақ қорғанысын киген және
қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
пайдаланушы шуды шектеулі түрде естуі
және түсінуі мүмкін.
► Абайлап және ақылды жұмыс істеңіз.
■ Қозғалтқыш жоғары айналу жиілігінде
өшірілген кезде, қате оталдыру немесе
кейінгі оталдыру орын алуы мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіруден бұрын 20 секунд
ішінде минималды айналу жиілігімен
жұмыс істетіңіз.
5
Қозғалтқышты жұмысқа
дайын ету
5.1
Қозғалтқышты толтыру
Іштен жанатын қозғалтқыш этилденбеген
бензин үшін мақұлданған. Этилденбеген
бензин азырақ қалдықтармен жанады, от
алдыру білтесіндегі тұнбаларды азайтады
және газ шығару жүйесінің қызмет ету
мерзімін ұзартады. Бензин мына талаптарды
орындауы тиіс:
– Бензин таза, ластанбаған және
этилденбеген.
– Бензиннің октандық саны кемінде 85
құрайды.
– Бензиннің құрамындағы этанол 10% (E10)
шамасынан аспайды.
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus
жанармайын ұсынады. Бұл жанармай
құрамында бензол, күкірт пен денсаулыққа
зиянды иістер жоқ дерлік.
Бак сыйымдылығы 0,9 литр құрайды.
Назар аударыңыз
■ Егер қозғалтқыш дұрыс бензинмен
толтырылмаса, қозғалтқыш зақымдалуы
мүмкін.
STIHL компаниясы жаңа бензин маркаларын
пайдалануды ұсынады, екі тактілі қоспаны
(май қоспасы бар бензинді) қолдануға тыйым
салынады.
Тұрып тұнған немесе кірленген бензинді құюға
болмайды.
Бак ішінің кірмен және сумен ластануын
болдырмаңыз.
0478-983-9904-A
Тек рұқсат етілген бензинді қолданыңыз (E85
емес).
Гүрсіл не шуыл естіген жағдайда бензин
маркасын ауыстырыңыз.
► Қажет болса, делдалға хабарласыңыз,
STIHL компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
► Жанармай багы қақпағының айналасын
ылғал шүберекпен сүртіңіз.
► Жанармай багының қақпағын (1) шығарып
алу мүмкін болғанша сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
► Жанармай багының қақпағын ашып
алыңыз.
► Жанармай сүзгісінің орнатылуын тексеріңіз.
► Бензинді ол шашырамайтындай етіп
арнайы құйғыштың көмегімен құйыңыз.
Бензинді жанармай багының жиегіне дейін
кемінде 15 мм бос орын қалатындай етіп
құйыңыз.
► Жанармай багының қақпағын жанармай
багына салыңыз.
► Жанармай багының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап, қолмен мықтап
қатырыңыз.
Жанармай багының қақпағы жабылды.
5.2
Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлайды және
суытады.
Назар аударыңыз
■ Қозғалтқыш мотор майынсыз жеткізіледі.
Рұқсат етілген май деңгейінен асыру және
түсіру қозғалтқыштың зақымдалуына алып
келуі мүмкін.
► Алғаш қолданысқа енгізер алдында
мотор майын құйыңыз.
► STIHL құрылғысын тегіс бетке қойыңыз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
қазақ
117