қазақ
Бензинді ыстықтан және от көзінен
қорғаңыз.
► Бензинді төкпеңіз.
► Бензин төгілген жағдайда: бензинді
шүберекпен сүртіп алыңыз, ал
қозғалтқышты, құрылғының барлық
бөлшектері кепкеннен кейін ғана іске
қосыңыз.
► Шылым шекпеңіз.
► Жанармайды от көздерінің жанында
құймаңыз.
► Жанармай құяр алдында қозғалтқышты
өшіріп, суытыңыз.
► Бакты босату қажет болса: сыртта
орындаңыз.
► Қозғалтқышты жанармай құйған орыннан
кемінде 3 м арақашықтықта іске қосыңыз.
► Багында бензині бар қозғалтқышты
ешқашан жабық үй-жайдың ішінде
сақтамаңыз.
■ Бензин буын ішке тарту адамның улануына
әкелуі мүмкін.
Бензин буын ішке тартпаңыз.
► Жанармайды жақсы желдетілетін жерде
құйыңыз.
■ Жұмыс барысында қозғалтқыш қызады.
Бензиннің көлемі ұлғайып, жанармай
багында артық қысым пайда болуы мүмкін.
Жанармай багының қақпағы ашылған
кезде, бензин шашырауы мүмкін.
Шашыраған бензин тұтануы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы мүмкін.
Алдымен қозғалтқышты суытыңыз,
содан кейін жанармай багының
қақпағын ашыңыз.
■ Бензин тиген киім жеңіл тұтанады. Адамдар
ауыр немесе ажалды жарақат алуы,
сондай-ақ мүлікке залал келтірілуі мүмкін.
► Киімге бензин тиген жағдайда: киімді
ауыстырыңыз.
■ Бензин қоршаған ортаға қауіп төндіруі
мүмкін.
► Жанармайды төкпеңіз.
► Бензинді ережелерге сәйкес және
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен
кәдеге жаратыңыз.
■ Теріге немесе көзге бензин тисе, тері
немесе көз тітіркенуі мүмкін.
► Бензиннің тиюіне жол бермеңіз.
116
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Егер теріге тисе: терінің бензин тиген
жерлерін сабындап, мол сумен жақсылап
жуыңыз.
► Егер көзге тисе: көзді кемінде 15 минут
бойы көп мөлшердегі сумен шайып,
дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
■ Төгілген бензин тұтануы мүмкін. Адамдар
ауыр немесе ажалды жарақат алуы,
сондай-ақ мүлікке залал келтірілуі мүмкін.
► Бензинмен ластанған беттерді
тазалаңыз.
► Бензин буы тарап кетпегенше,
оталдыруға әрекеттенбеңіз.
■ Қозғалтқыштың оталдыру қондырғысы
ұшқын шығарады. Ұшқын сыртқа шығуы
және тұтанғыш немесе жарылғыш ортада
өрт және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Адамдар ауыр немесе ажалды жарақат
алуы, сондай-ақ мүлікке залал келтірілуі
мүмкін.
Қозғалтқышты тек бұрап кіргізілген
оталдыру білтесімен іске қосыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
сипатталған оталдыру білтелерін
қолданыңыз.
► Оталдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына жақсылап басыңыз.
■ Егер қозғалтқышқа жарамсыз бензин
құйылса, қозғалтқыш зақымдалуы мүмкін.
► Мерзімі өтіп кетпеген, этилденбеген
сапалы бензин қолданыңыз.
► Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
мәліметтерге назар аударыңыз.
4.3
Жұмыс істеу
Сақтандыру
■ Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда,
пайдаланылған газдар шығады.
Ішке тартылған газдар адамның
улануына әкелуі мүмкін.
► Пайдаланылған газдарды ішке
тартпаңыз.
► Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
► Жүрегіңіз айныған, бас ауырған, көру
қабілетіңіз нашарлаған, есту қабілетіңіз
нашарлаған немесе басыңыз айналған
жағдайда: жұмысты аяқтап, дәрігердің
көмегіне жүгініңіз.
0478-983-9904-A