Қауіпсіздік Нұсқаулары - MSA Advantage 200 S Manuel D'utilisation

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
ADVANTAGE
1
Қауіпсіздік ережелері
1.1 Дұрыс қолданылуы
Ауасүзгіш қорғаныс сүзгілері (газ сүзгілері, ұсақ бөлшек сүзгілері, аралас
сүзгілер) беттік бөліктерімен бірге (тұтас беттік бетперде, жарты беттік
бетперде немесе турбо сүзгі құрылғылармен қоса), қоршаған орта ауасында
зиянды материалдар, яғни, қатерлі газдар мен булар (улы газдар), сондай-ақ
ұсақ бөлшектер (шаң, бу, тұман, бүріккіш заттар) болған жағдайда тыныс алу
жолдарын қорғауға арналған сүзгілеу құрылғылары ретінде пайдаланылады.
Бұл нұсқаулықта сипатталған бетті жартылай жауып тұратын маска мен
сүзгілер 89/686/EEC директивасының сəйкес EU 2016/425 регламентіне сай
келеді жəне Institut fur Arbeitsschutz (IFA, Alte Heerstrase 111, 53757 Sankt
Augustin, Германия, сілтемелік нөмірі: 0121) тарапынан сынақтан өткен жəне
сертификатталған, сондай-ақ жеке қауіпсіздік жабдығына арналған Ресей
Федерациясы, Қазақстан республикасы, Қырғызстан республикасы, Армения
республикасы мен Беларусь республикасы бойынша Кеден одағының TR TS
019/2011 техникалық ргеламентіне, Укранинаның DSTU EN 140:2000, DSTU
EN 14387:2017 жəне DSTU EN 143:2002 нормаларына сəйкес келеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде міндетті түрде осы пайдаланушы нұсқаулығын
оқып шығып, нұсқауларды орындау керек. Атап айтқанда қауіпсіздік жөніндегі
нұсқауларды жəне киімді жұмысқа пайдалану туралы ақпаратты мұқият оқып
шығып, орындау керек. Сонымен қатар пайдаланушының елінде
қолданылатын кез келген қолданыстағы ұлттық заң ережелері де пайдалану
қауіпсіздігі мақсатында ескерілуге тиіс.
Басқа мақсатта немесе осы техникалық сипаттамадан тыс пайдалану
нұсқауларды орындамағандық деп саналады.
Егер өнім осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сəйкес пайдаланылмаса жəне күтіп
ұсталмаса, өнімге қатысты MSA берген кепілдіктер жарамсыз болады.
Сүзгілеу құрылғыларын таңдау мен пайдалану MSA компаниясының
бақылауына жатпайды, олар үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.
Сондықтан MSA компаниясының жауапкершілігі тек осы өнімнің біртекті
сапасын ғана қамтиды.
Жоғарыда айтылған жайттар сату мен жеткізу жағдайлары мен кепілдіктеріне
қатысты мəлімдемелерді өзгертпейді.
1.2 Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрамындағы оттегі мөлшері жəне улы газдар мөлшері
Осы ауасүзгіш қорғаныс құрылғысы оттегімен жабдықтамайды.
Қоршаған орта ауасындағы оттегінің рұқсат етілетін ең төменгі мөлшері
ұлттық заң ережелері арқылы басқарылады. Олар бойынша оттегінің ең
төменгі мөлшері əр түрлі болуы мүмкін, сондықтан бұл қауіпсіздік пайдалану
үшін назарға алынуға тиіс (əдетте 17% - 19.5% аралығында болады).
Қоршаған орта ауасындағы зиянды заттардың мөлшерінің сүзгіш құрылғыны
пайдалануға рұқсат етілетін шектерін біліп алу керек. Күмəн туындаған
жағдайда ауамен жабдықтайтын аспапты пайдаланыңыз.
Оттегімен қанықтырылған ауада (тұтану) немесе жарылыс болуы ықтимал
ауада (яғни, еріткіш заттар арқылы) əсіресе сақ болу керек.
200
®
82
80
Advantage 200 жарты беттік бетпердесін жарылыс қатері бар атмосферада
пайдалануға болады жəне 0,1 жəне 2 дəрежелі газды аймақтарда, сондай-
ақ 20, 21, 22 дəрежелі шаңды аймақтарда Tabtec газ сүзгілерінен басқа
барлық сүзгі қиысымдарымен пайдалануға болады.
Салмағы ауадан ауыр қатерлі газдар жерге жақын жерлерде көбірек
шоғырланған болуы мүмкін.
Ластанған аймақтан төмендегі жағдайда кетіп қалыңыз: ластағыш заттың иісі,
дəмі шықса немесе тітіркену тудырса; тыныс алуыңыз қиындаса; басыңыз
айналса немесе қатты əлсіресеңіз.
Иісі білінбейтін улы газдар
Таза ауа аймағында иісі білінбейтін улы газдарды пайдалану бойынша,
пайдаланылған уақыты мен пайдаланылуының өзіне негізделген арнайы
қолдану ережелері бар. Егер улы газдардың құрамы туралы ешқандай күмəн
болмаса, ауамен жабдықталатын тыныс алу аспабы қолданылуға тиіс.
Пайдаланардан бұрын
Газ сүзгілерін пайдаланған кезде, ауада ұсақ бөлшекті улы заттар жоқ екеніне
көз жеткізіңіз, ал ұсақ бөлшек сүзгілерін пайдаланған кезде, ауада улы газдар
жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер олай болмаса, аралас сүзгілер пайдаланылуға
тиіс.
Сүзгілер тұмшаланып жабылған жəне бүтін болуға тиіс.
Қолданылу жағдайлары
Сүзгілеу аспаптарын шектеулі кеңістіктерде (сауыттар, арналар, шұңқырлар
жəне т.с.с.) пайдалануға болмайды.
Кейбір қолдану кездерінде көз бен денеге арналған қосымша қорғаныс
құралдары көзделген болуға тиіс.
Жəне пайдаланып болғаннан кейін жарты беттік бетперде мен сүзгілерді
тексеріңіз де, егер қажет болса, тазалап, зарарсыздандырыңыз жəне жаңа
сүзгілерді пайдаланыңыз. Əрқашан да толық əрі бүлінбеген ауасүзгіш
қорғаныс құрылғысын пайдаланыңыз. Сүзгілеу құрылғысын пайдаланушы
оны қолдану бойынша білікті əрі жаттыққан болуға тиіс. Таңдалған сүзгі мен
нақты беттік бетперде ақаусыз күйде əрі мақсатына сай қолдануға жарамды
болуы керек.
Ашық жанған от, металл тамшылары
Ашық жанған от пен металл тамшыларымен (яғни, дəнекерлеу) жұмыс істеген
кезде сүзгілеу құрылғыларын пайдалану сүзгі материалының тұтануы
салдарынан елеулі қатер тудыруы мүмкін, себебі улы заттардың аса үлкен
деңгейі пайда болуы ықтимал.
2
Пайдалану
Қолданыстағы Ұлттық заң ережелері орындалуға тиіс. Басшылыққа алу үшін
EN 529:2005 (Таңдау, пайдалану, күтіп ұстау мен техникалық қызмет көрсету
бойынша ұсыныстар) қолданыста бар.
KZ

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Advantage 200 mAdvantage 200 l430357430356430358

Table des Matières