Tupperware Micro Pressure Cooker Mode D'emploi page 146

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
!ЕСКЕРТПЕ: Өнімді тиісті түрде қолдану үшін шағын толқынды
өндірушінің нұсқау кітапшасына әрқашан жүгініңіз.
!ЕСКЕРТПЕ: Пайдалану кезінде шағын толқынды пешті
ешқашан қараусыз қалдырып кетпіңіз.
4.5 Шағын жылдам пісіргіш ыдысын жабу әдісі
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысын шағын толқынды пеші ішіне
қоймас бұрын дұрыс жабылғанын әрдайым тексеріңіз. Егер
жақсы жабылмаса, Шағын жылдам пісіргіш ыдысы ішінде
қысым құрылмайды.
• Қақпақты іргеге қақпақтағы көрсеткі іргедегі көрсеткі
сызығында болатындай етіп қойыңыз (Д суретін қараңыз).
• Қақпақты қақпақтың бүйірлік тұтқалары мен негіз бір-бірінің
үстінде орналасқанша сағат тілі бағытымен бұрыңыз. Аса
кедергіні сезінсеңіз, қақпақтың силиконды аралық қабатының
қақпақ жиегі ішіне дұрыс орналасқанын тексеріңіз (Б суретін
қараңыз).
• Сақтық құлып тұтқасын Шағын жылдым пісіргіш ыдысын
шертпе дыбысын естігенше итеріңіз (Е суретін қараңыз).
4.6 Шағын жылдым пісіргіш ыдысын шағын толқынды
пеште пайдалану әдісі
• Пісіру уақыты мен ваттағы қуаттылығын Басты тағам пісіру
уақыттары бөлімінде көрсетілгендей орнатыңыз.
• Ұсынылатын қуат - 900 Ватт (Ең кем дегенде 600 Ватт).
• Бір уақытта 30 минуттан көп, пісірмеңіз. Қайта пайдаланбас
бұрын өнімді де шағын толқынды пешті де суытыңыз.
• 30 минуттан астам уақыт пісіру өнім мен шағын толқынды
пештің бұзылуына алып келуі мүмкін.
• Қысым индикаторы Шағын жылдам пісіргіш ыдысында қысым
көтерілгенде көтеріледі (Ж суретін қараңыз); бұл сұйықтық
қайнай бастаған уақыттан кейін болады. Оған сұйықтық/тағам
мөлшеріне байланысты бірнеше минут кетеді.
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысы толығымен қысымдалған кезде,
қысымды реттеуіш клапан қысымды абайлап босатады. Бұл
әрекет қалыпты болып табылады және артық будың шығуына
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ызың дыбысын естуіңіз
немесе шағын толқынды пеш терезесінде будың суға айлануы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
• Қысымды реттеуіш клапаны жұмыс істемеген жағдайда, онда
қысым индикаторы клапаны артық қысымды шығарады.
Бұл қауіпсіздік мақсатында орнатылған. Пісірген соң,
"5. Шағын жылдам пісіргіш ыдысын тазалау әдісі
бөлімінде көрсетілгендей қысымды реттеуіш клапанын
ақаулығының жоқтығын және тазалығын тексеріңіз".
• Шағын толқынды пешті айналма тәрелкесіз пайдаланған
кезде, Шағын жылдам пісіргіш ыдысын қысым индикаторы
клапанымен, осы сақтық клапан қысымды шығаратынын
тексеру үшін, шағын толқынды пештің терезесіне қаратып
қойыңыз.
• Шағын толқынды пеш сигнал дыбысын шығарғанда, Шағын
жылдам пісіргіш ыдысын шағын толқынды пештен тоқтау
уақыты аяқталғанша алып тастаңыз. Тоқтау уақыты әрбір
рецепт үшін жалпы пісіру уақытының бөлігі ретінде есептеледі
және қажетті: ол қысымның табиғи жолмен басылуына
және тағамның пісуіне мүмкіндік береді. Қысым индикаторы
төмендейді. 7. Басты тағамды пісіру уақыттары бөлімін
қараңыз.
4.7 Шағын жылдам пісіргіш ыдысымен шағын толқынды
пеште тағамды пісіргеннен кейін не істеу қажет?
(К суретін қараңыз)
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысында қысым бар болған кезде,
оны қысым басылғанша шағын толқынды пештің ішінде
Шағын жылдам пісіргіш ыдысы
қалдырыңыз. Шағын жылдам пісіргіш ыдысын шағын толқынды
пештен алу үшін пешке арналған қолғаптарды киіп, тіреуіштің
үстіне қойыңыз. Шағын жылдам пісіргіш ыдысын әрқашан тік
жағдайда тасымалдаңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Шағын жылдам пісіргіш ыдысын ағынды су астында
салқындатпаңыз немесе қысымның шығуын жылдамдату үшін
суға салмаңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Шағын жылдам пісіргіш ыдысында қысым бар болған
кезде, қауіпсіздік құрылғыларды ұстамаңыз.
• Қысым индикаторы төмендегенде және тұру уақытынан кейін,
пешке арналған қолғапты киіп қақпақты ашуға болады. Осы
әрекетті орындау кезінде жылдам пісіргіш ыдысы алдында
тұрмаңыз.
• Сақтық құлып тұтқасын оның құлақшасынан (тұтқаның төменгі
жағында) шертпе дыбысын естігенше ағытыңыз және көтеріңіз.
(Е суретін қараңыз). Абай болыңыз, сақтық құлып тығынынан
бу шығып кетеді (З суретін қараңыз). Осы тығынға қолыңызды
пешке арналған қолғапсыз қоймаңыз, себебі ыстық бу
қолыңызды күйдіруі мүмкін.
• Қақпақты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта қақпақтың
көрсеткілері мен ірге жарасқанша бұраңыз (Ғ суретін
қараңыз).
• Саусақтарыңызды бу алмас үшін қақпақты әрдайым өзіңізден
алыстап көтеріңіз.
!ЕСКЕРТПЕ: сақтық құлыпты қақпақты бұрау үшін ешқашан
пайдаланбаңыз, себебі бұл сынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысты қысым индикаторы
төмендемейінше ашпаңыз. Бұл ішкі қысымның шыққанын
білдіреді.
АШУ ҮШІН КҮШ САЛМАҢЫЗ.
5. Шағын жылдам пісіргіш ыдысын тазалау әдісі
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысын суытқан соң дереу
тазалап, шайыңыз және кептіріңіз. Бұл өткір иістердің пайда
болуын және/немесе тотығуын төмендетеді. Өткір иіс болған
жағдайда, Шағын жылдам пісіргіш ыдысыңызды ыдыс жуу
машинасында бір рет 75°С температурасында жуыңыз.
• Қысымды реттеуіш клапанын және қысым индикаторы бар
қысым индикаторы клапанын ластанған кезде жуыңыз.
• Қысымды реттеуіш клапаны
• Алып тастау үшін, клапан шыққанша бір саусақпен басыңыз.
• Орнату үшін, қақпақтың жоғарғы жағындағы саңылаудың
ішіне қарай басыңыз (И суретін қараңыз). Оны қос бағытта
да қоюға болады. Оның қақпақтың екі жағынан дұрыс
қойылғанын тексеріңіз.
• Қысым индикаторы бар қысым индикаторы клапаны
• Алып тастау үшін, индикатор шыққанша бір саусақпен
басыңыз.
• Тиімдірек тазалау үшін, қысым индикаторын қысым
индикаторы клапанынан алып тастаңыз.
• Орнату үшін, алдымен қысым индикаторын қысым
индикатор клапанына дөңгелек басын клапанның саңылауы
арқылы басу арқылы жинақтаңыз. Одан кейін, беті жоғары
қараған қысым индикаторының дөңгелек басымен оны
қақпақтың соңғы жағындағы саңылау арқылы басыңыз
(И суретін қараңыз). Оның қақпақтың екі жағынан дұрыс
қойылғанын әрқашан тексеріп тұрыңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Қысымды реттеуіш клапанының диаметрі мен
қысым индикаторы клапаны бірдей, сондықтан оларды
қақпақтың кез-келген саңылауына салуға болады.
!ЕСКЕРТПЕ: Қысым индикаторы мен қысым индикаторы
клапанын қақпақ саңылауына орнатудың бір ғана әдісі бар!

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières