Tupperware Micro Pressure Cooker Mode D'emploi page 145

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
3. Негізгі сипаттамалары мен артықшылықтары
Сыйымдылығы:
PF = Жұмыс істеу қысымы = 60 kPa
PS = Ең жоғары рұқсат берілетін қысым = 120 kPa
Осы революциялық Шағын жылдым пісіргіш ыдысы Tupperware
компаниясының оңай пісіру шешімдеріне өсіп келе жатқан
сұранысына жауабы болып табылады. Шағын жылдым пісіргіш
ыдысы шағын толқынды пеште пісіру кезінде температураның
100°C-тан жоғары көтерілуіне мүмкіндік беретін қысымды
жасайтын жабық сауыт.
Осы ашық жасақталған жылдам пісіргіш ыдыс бүгінгі тиімді
шағын толқынды пеште пісірумен бірге дәстүрлі қысыммен пісіру
әдістерін қамтиды; жылудың біркелкі таралуын, тағам түсінің
жақсы сақталуы мен жылдам әзірлеу уақытын қамтамасыз
етеді. Қос технологияларды біріктіру арқылы тағам әзірлеудің
қарапайым жолына қол жеткізесіз; пісіру кезінде ішіндегісін
араластырудың қажеті жоқ.
4. Шағын жылдам пісіргіш ыдысын пайдалану әдісі
4.1 Алғашқы пайдалануда тексеру
• Алғашқыпайдаланардан бұрын "2. Шағын жылдам пісіргіш
бөлшектер сипаттамасы" бөлімінде аталған барлық
бөлшектердің бар болуын тексеріңіз.
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысын ыстық, сабынды суда қолмен
жуыңыз; одан кейін шайып, кептіріңіз. Нұсқаулықты мұқият
оқып шығыңыз.
4.2 Күнделікті пайдаланудағы тексеру
• Жағдайын, тазалығын және барлық құрамдастардың
жинақтығын тексеріңіз:
• Қақпақтың силиконды аралық қабатын тазалығын тексеру
үшін алып тастаңыз. Жаман жағдайдағы немесе астында
бөтен заттары бар аралық қабат ағулардың пайда болуын
тудырады (егер аралық қабат бүлінген болса, аралық қабаты
мен клапандары бар жаңа жинақ сатып алып, оларды
ауыстырыңыз).
• Симметриялы пішінді қақпақтың силиконды аралық қабатын
дұрыс орнатылғанын және қақпақтың жиегі астына дұрыс
қойылғанын тексере отырып өз орнына ауыстырыңыз.
(Б суретін қараңыз).
• Қысымды реттеуіш клапанының және қысым индикаторы
бар қысым индикаторы клапанының ашылуына кедергі
жасап тұрған қандай болмасын заттардың жоқтығына
көзіңізді жеткізіңіз ("2. Шағын жылдам пісіргіш бөлшектер
сипаттамасы" бөлімінің 5,6 және 7 суреттерін қараңыз).
Осы қауіпсіздік құрылғылар дұрыс орналастырылғанына
және бұзылмағанына көзіңізді жеткізіңіз Сур.К қар. (егер
олар бұзылған болса, аралық қабаты мен клапандары бар
жаңа жинақ сатып алып, оларды дереу ауыстырыңыз).
• Сақтық құлып тұтқаның соңғы жағындағы құлақшаны көтеріп
тұтқасын тұтқа тігінен тұрғанша құлыптаудан ашыңыз Сур.
Е қар. 90° болғанда оны қақпақтан алып тастауға болады.
Сақтық құлып тығынының бар екендігін ("2. Шағын жылдам
пісіргіш бөлшектер сипаттамасы" бөлімді және Сур.А қар.)
және ашылуы таза екендігін тексеріңіз.
• 90° градуста сақтық құлып тұтқасымен жинақтау үшін
(В суретін қараңыз), оны қақпақтың ілмектеріне шертпе
дыбысын естігенше орналастырыңыз және төменге басыңыз.
Шерту дыбысы естілгесін, сақтық құлып тұтқасын құлыптау
үшін төмен қарай басыңыз.
Пайдалы сыйымдылығы:
• Егер кез келген бөлшектің бір түрі бұзылған болса, Шағын
жылдам пісіргіш ыдысты қолданбаңыз және өзіңіз жөндеп
алуға тырыспаңыз. Сатып алу үшін Tupperware кеңес
берушісімен байланысыңыз және бұзылған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
4.3 Шағын жылдам пісіргіш ыдысын ашу әдісі
• Сақтық құлып тұтқасын оның құлақшасынан (тұтқаның
төменгі жағында) шертпе дыбысын естігенше көтеріңіз
(Г суретін қараңыз).
• Қақпақты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта қақпақтың
көрсеткілері мен іргесі жарасқанша бұраңыз (Ғ суретін
қараңыз). Қақпақты көтеріп ашыңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: қақпақты бұрау және алып тастау үшін, қақпақты
бүйірлік тұтқаларынан немесе қақпақтың ортаңғы тұтқасынан
ұстауға болады. Қақпақты бұрау үшін сақтық құлып тұтқасын
ешқашан пайдаланбаңыз, себебі ол сынып кетуі мүмкін.
4.4 Тағамды әзірлеу әдісі
• Жылдам және біркелкі пісіру үшін ет пен көкөністерді кішкене
және біркелкі өлшемді бөліктерге тураңыз.
• Алма, қызанақ, кәді мен қабығымен пісірілетін картоп секілді
қабығы бар барлық тағамдарды шаншып шығыңыз және
толық балықты тілшелеңіз, бұл артық будың шығуына және
ішінде жиналған қысымның себебінен жарылуын болдырмауға
мүмкіндік береді.
• "7. Басты тағам пісіру уақыттары" бөлімінде көрсетілгендей
сұйықтықтың дұрыс мөлшерімен қоса бөлшектерін Шағын
жылдам пісіргіш ыдысы ішіне салыңыз. Тағам сұйықтықта
толығымен батырылғанына көз жеткізіңіз.
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысы ішіне пісіру үшін қосылған
сұйықтықтың мөлшері маңызды болып табылады. Шағын
жылдам пісіргіш ыдысында сұйықтықтың болмауы қатты
қызып кетуіне және өнімнің бұзылуына алып келеді.
• Әрқашан келесі үйлесімділікті ұстаныңыз: пісіру уақытының
10 минутына ең азы 150 мл сұйықтық.
• Әрқашан шағын жылдам пісіргіш ыдысын кем дегенде 400 мл
дейін толтырыңыз, бұны ең аз деңгейін (MIN) көрсететін сызық
арқылы көре аласыз.
• Толтыру кезінде Шағын жылдам пісіргіш ыдысының
2/3 сыйымдылығынан асырмаңыз. 2Л деңгейінде көрсетілген
ең жоғары толтыру сызығын ұстаныңыз.
• Көбік шығаратын және ұлғаятын тағамдарды пісіру кезінде
(күріш, кептірілген көкөніс) Шағын жылдам пісіргіш ыдысы
сыйымдылығының жартысынан асырып толтырмаңыз.
• Шағын жылдам пісіргіш ыдысын шамадан аса толтыру
қауіпсіздік құрылғыларын жауып, Шағын жылдам пісіргіш
ыдысында артық қысымның пайда болуын тудырады.
!ЕСКЕРТПЕ: Шағын жылдам пісіргіш ыдысты қуыру, карамель,
попкорн жасау немесе жұмыртқа қайнату үшін пайдаланбаңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Мүкжидек, арпа жарма, сұлы жарма немесе
басқа жармалар, уатылған бұршақ, кеспе, макарон, рауғаш
немесе спагетти секілді тағамдарды пісірмеңіз. Бұл тағамдар
көбік шығарады, шашырайды және қысымды шығарғыш
құрылғыларын жауып тастайды. Бұл тағамдар Шағын жылдам
пісіргіш ыдысында пісірілмеуі тиіс.
!ЕСКЕРТПЕ: Шағын жылдам пісіргіш ыдысын ішінде басқа
сауыттармен пайдаланбаңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Стерилизатор ретінде медициналық мақсаттар
үшін пайдаланбаңыз.
!ЕСКЕРТПЕ: Аралас шағын толқынды пешіңізде грильдік немесе
басқа жылыту атқарымды ешқанаш қолданбаңыз.
KK

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières