Өлшемдер
Дисплей деректері мен күй
Дыбыс қысымының деңгейі (SPL), орташа мəн (LEQ/LAVG),
көрсеткіштері
Optime дабылы жəне HP, ең үлкен мəн (MAX), ең кіші мəн
(MIN), орындау уақыты (99 сағатқа дейін), Асып кету (OL)
жəне Диапазонға жетпеу (UR)
Көрсету диапазоны
40 - 130 дБ (динамикалық диапазон)
Сызықтық диапазон
45 - 130 дБ (динамикалық диапазон)
Жиілік түзетуі
A немесе C
Əрекет ету уақыты
Жылдам (125 мсек) немесе баяу (1 сек)
Алмасу жылдамдығы (АЖ)
3 дБ немесе 5 дБ
Мөлшерлегіш
Мөлшерлеу 114дБ, 1кГц мəндерінде орындалуы керек
Арнайы функциялар
ЖШД шамдары: жарық диодтары Optime дабылы ЖШД (HP) өлшем экранында қосылады.
Олар төменде көрсетілген деңгейлерде жыпылықтайды. (Ескертпе. Олар «E» мемлекеттік код
деңгейлеріне орнатылған.)
• Жасыл ЖШД шамы шу өлшемдері 80-85 дБ (A) болғанда жыпылықтайды.
• Сары ЖШД шамы шу өлшемдері 83-93 дБ (A) болғанда жыпылықтайды.
• Қызыл ЖШД шамы шу өлшемдері 87-95 дБ (A) болғанда жыпылықтайды.
• Қызыл ЖШД шамы шу өлшемдері 95 дБ (A) болғанда екі рет жыпылықтайды.
Өнім туралы ақпарат
• Акустикалық детектор жиынтығы, USB кабелі, желден қорғау экраны (3M ID: 70-0715-6546-2)
Қосалқы құралдар
• Желден қорғау экраны (1 данасы бар) (3M ID: 70-0716-0639-9)
• Шағын USB кабелі (1 данасы бар) (3M ID: 70-0715-8175-8)
• 056-990 1,27 см мөлшерлегіш адаптері (3M ID: 70-0715-8115-4)
• Мөлшерлегіш: QC-10: 1 кГц шығыста 114дБ (3M ID: 70-0715-7972-9)
• Үш аяқты тірек (3M ID: 70-0715-8374-7)
Жаңартулар
Өнімдерді тұрақты жетілдіру үшін, 3M компаниясының өнімдердің техникалық сипаттамаларын
ескертусіз өзгерту құқығы бар.
Осы өнімге қолданылған ең соңғы жаңартуларды түсіну жəне осы пайдаланушы
нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін, 3M веб-торабына кіріңіз:
www.3M.com/OccSafety
Кепілдік
3M™ SD-200 акустикалық детекторының ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ. 3M™ компаниясы 3M
нұсқаулары мен ұсыныстарына сай қолданылған SD-200 акустикалық детекторының
материалдары мен құрылымында сатылу уақытынан (түбіртекте көрсетіледі) бастап 1 жыл
бойы ақау болмайды деп кепілдік береді. Кепілдік мерзімінде бір құрамдас бөлшегі бұзылса,
ол тегін алмастырылады немесе жөнделеді.
Бұл кепілдік бөлшектері өзгертілген, өз бетімен жөнделген немесе байқамай не басқаша
себеппен ұқыпсыз қолданылған құрылғыларға қатысты болмайды.
Жоғарыдағы кепілдік басқа барлық тікелей кепілдіктердің, міндеттемелердің немесе
жауапкершіліктердің орнына жүреді.
ОСЫ САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚТЫҢ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙҒАРЫНДЫ
КЕПІЛДІКТЕРІ ӨНІМДІ САТЫП АЛҒАН КҮННЕН БАСТАП БІР ЖЫЛ ЖАРАМДЫ БОЛАДЫ.
3M компаниясы есту органдарын қорғау құрылғыларын дұрыс пайдалануға қатысты немесе
соған байланысты туындайтын кез келген басқа тікелей немесе ұйғарынды кепілдік үшін
жауапты болмайды. Өндірушінің немесе оның агентінің жауапкершілігі жоғарыда бекітілгендей
алмастырумен немесе жөндеумен шектеледі.
Сатып алушының зиянды толтырудың жалғыз жəне бір амалы бар. Ол — тауарларды
қайтарып беру, құнын қайтарып алу, бұзылған тауарлар мен бөлшектерді алмастырып алу
немесе жөндетіп алу.
74