Télécharger Imprimer la page

Thomas AQUA FLOORCLEANER CORDLESS Mode D'emploi page 115

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
Техникалық қауіпсіздік ережелері
• Егер бақылауда болса немесе осы құрылғыны пайда-
лану қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулар алған болса және
осы құрылғыны пайдалануға қатысты қауіптерді түсінсе,
бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан бала­
лар және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері шектелген адамдар немесе тәжірибесі және/
немесе білімі жеткіліксіз адамдар пайдалана алады.
Балалардың құралмен, оның ұсақ бөлшектерімен неме-
се орамасымен ойнамауын қадағалаңыз. Ересектердің
қадағалауынсыз балалардың тазалауына және күтім
көрсетуіне тыйым салынады.
• зауыттық тақтайшада көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келуі
қажет. Зауыттық тақтайшасы құрылғының артқы жағында орналасқан.
• Құрылғыны төмендегі жағдайларда мүлдем іске қосуға болмайды:
– аккумуляторлы зарядтау құрылғысының қуат сымы зақымдалған,
– құрылғыда көрініп тұрған зақымдар бар,
– оның алдында құрылғы құлаған.
• Аккумуляторлы зарядтау құрылғысын 16 А автоматты сақтандырғышпен
қорғалған розеткаға ғана қосыңыз.
• Бұл құрылғыны өртенуі мүмкін заттар сақталған немесе газдар
пайда болатын бөлмелерде пайдалануға тыйым салынады. Қауіпті
аймақтардағы, мысалы, жанармай құю станцияларындағы қауіпсіздік
ережелеріне назар аударыңыз.
• Қосылып тұрған құрылғыны ешқашан бақылаусыз қалдырмаңыз.
• Құрылғыны берік, тұрақты түпқойма үстіне – әсіресе баспалдақтарда
шаң сорып жүрген кезде қойыңыз.
• Құралдың үстіне тұрмаңыз.
• Тазартқыш білікше жұмыс барысында адам басына жақын болмауы
керек – жарақаттану қаупі бар.
• Адамдарды немесе жануарларды шаңсорғышпен сормаңыз.
• Құрылғыны тек су өткізбейтін жабыны немесе тығыздағышы бар түзу,
тегіс қатты едендерде пайдаланыңыз. Кілем жабыны бар едендерді таза-
лау үшін құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Тазалау, күту, толтыру, босату алдында, сондай-ақ техникалық
қызмет көрсету және ақаулар пайда болған кезде құралдағы барлық
қосқыштарды өшіріп, ашаны электр желісі розеткасынан босату қажет.
• Құралды ашық жерге қалдырмаңыз және ылғал тікелей әсер ететін жерге
қоймаңыз немесе сұйықтыққа батырмаңыз.
• Құрал мен оның жабдықтарын құрғақ, таза және жабық үй-жайларда
сақтаңыз.
• Құралды қызу әсер ететін жерге қоймаңыз, химиялық сұйықтықтарға
салмаңыз.
• Ашаны розеткадан ешқашан кабелінен тартып шығармаңыз, тек қана
ашадан ұстап шығарыңыз.
• Қуат сымы өткір жиектердің немесе беттердің үстінен тартылмағанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғының, бөлшектердің немесе электр сымының зақымдарын
ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Құрылғыны тек қана техникалық қызмет
көрсету орталығының мамандарына тексертіп жөндетіңіз. Құрылғыға
енгізілген өзгерістер денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан,
тек THOMAS түпнұсқа фирмалық бөлшектері мен керек-жарақтары пайда-
ланылатынына көз жеткізіңіз.
Ылғалды тазалау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері:
• Адамдарды немесе жануарларды, розеткаларды немесе электр
құрылғыларын шаңсорғышпен сормаңыз.
• Бет терісі сезімтал адамдар жуғыш ерітіндіні тікелей пайдаланбауы
қажет.
• Жуғыш ерітінді шырышты қабатқа (көзге, ауыс қуысына және т.б.)
тікелей тиген жағдайда оны судың көп мөлшерімен тез арада жуу қажет.
• Ылғалды ғимараттарда ұзартқыш кабельді пайдаланбаңыз.
• Тазалауды және сұйықтықты жинауды аяқтаған соң барлық ыдыстар-
ды босатыңыз. Химиялық құралдар (тазалауға арналған құралдар)
балалардың қолдарына түспеуі қажет.
Аккумуляторға және тиісті зарядтау құрылғысынна қатысты
қауіпсіздік нұсқаулары:
• Аккумуляторлы зарядтау құрылғысының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеу параметрі, электр желісіндегі кернеуге сәйкес келуі тиіс.
• Аккумуляторлы зарядтау құрылғысын төмендегі жағдайларда мүлдем іске
қосуға болмайды
– зарядтау құрылғысының ашасы зақымдалған,
– құрылғының көрінетін зақымдары бар,
– құрылғы бұрын құлаған.
• Зарядтау құрылғысын розеткадан алыңыз,
– бұйым зарядталмайтын болса,
– зарядтау кезінде ақаулар орын алса,
– керек-жарақтарды орнату/шешіп алу алдында және
– бұйымды тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында.
• Зарядтау барысында құрылғыны ток көзінен ағытпаңыз.
• Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін қуат ашасын розеткадан ағытыңыз.
• Зарядтау құрылғысын температурасы 5°C және 45°C градус
аралығындағы құрғақ бөлмеде қолданыңыз және сақтаңыз.
• Зарядтау құрылғысын ешқашан дымқыл қолмен ұстамаңыз немесе
оны ағып тұрған су тәрізді сұйық затқа батырмаңыз. Электр тогының
соғуынан өлім қаупі бар!
• Зарядтау құрылғысын тура түсетін күн сәулесінен, ашық от көзінен неме-
се басқа жылу көзінен қорғаңыз. Өрт және жарылыс қаупі бар!
• Зарядтау үшін тек берілген жиынтықтың құрамындағы түпнұсқа аккуму-
ляторлы зарядтау құрылғысын ғана қолданыңыз. Басқа аккумуляторлы
зарядтау құрылғыларын қолданбаңыз.
• Жиынтыққа кіретін аккумуляторлы зарядтау құрылғысын басқа
бұйымдарды зарядтау үшін пайдаланбаңыз. Жарылыс, жарақаттану неме-
се бұйымның ықтимал зақымдалу қаупі бар.
• Аккумуляторды немесе зарядтау құрылғысын ашпаңыз. Жөндеуді тек
білікті қызметкерлер жүргізуі керек.
• Егер аккумулятордан сұйықтық ағып кетсе, тікелей жанасудан аулақ
болыңыз. Аккумулятордан сұйықтықтың ағуы тітіркенуге және күйікке
әкелуі мүмкін.
• Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторларды немесе
құрылғыларды пайдаланбаңыз. Бұл өрт, жарылыс және соның салдары-
нан жарақат алу сияқты күтпеген салдарға әкелуі мүмкін.
115

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Aqua floorcleaner cordless plus