Сізді ...
... THOMAS FloorCleaner терезе бүріккішін сатып алуға
арналған.
Құрылғыңызға сенім артып, оның эксплуатациялық жан
жақты мүмкіндіктерін барынша толық қолдана алу үшін
Пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Жаңа
THOMAS құралыңызға тиісті түрде қызмет көрсетіп және
тазаласаңыз, сізге ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетеді.
Сізге рақаттана отырып пайдалануды тілейміз.
Сіздің THOMAS фирмаңыз
Жинақтың құрамы
1) «Тазалау режимін» таңдау түймесі
2) Қосу/өшіру түймесі
3) «Өзін-өзі тазалау» түймесі
4) Тұтқа
5) Жарық диодты дисплей
6) Тілді таңдау түймесі
7) Таза су ыдысының құлпын ашу түймесі
8) Таза су ыдысы
9) Лас су ыдысының құлпын ашу түймесі
10) Лас су ыдысын тасымалдау тұтқасы
11) Лас су ыдысы
12) Жұмыс дөңгелектері
13) Қақпақтың құлпын ашу батырмалары
14) Қақпақ
15) Тазартқыш білікшенің құлпын ашу тұтқасы
16) Тазартқыш білікше
17) Зарядтау станциясы
18) Аккумуляторлы зарядтау құрылғысы
19) Сүзгі
20) Тұтқасына өткір пышақ кіріктірілген тазалау щеткасы
21) Керек-жарақтар ұстағышы
114
KAZ
Пайдалану мақсаты
THOMAS FloorCleaner – ылғалды тазалауға арналған дымқыл тазалағыш –
тек түзу, тегіс, су өткізбейтін жабыны бар қатты едендер үшін, мысалы,
тегіс плитка, линолеум, ПВХ, герметикалық ламинат. Ол тек қана үй
жағдайларында қолдануға арналған. Құрылғыны тек осы пайдаланушы
нұсқаулығында берілген нұсқауларға сәйкес пайдалануға болады.
Басқа мақсаттарда қолданудан немесе оған дұрыс емес қызмет көрсетуден
пайда болуы мүмкін құралдың зақымдалуы үшін шығарушы жауап бермейді.
Сондықтан төмендегі нұсқауларға назар аудара отырып әрекеттеніңіз.
Жуғыш құралдарды дайындауда THOMAS фирмалық концентраттарын пайда-
лану жағдайында ғана құрал функциясына және тазалау кезіндегі өнімділікке
кепілдік беріледі.
Құралды ең алғаш рет пайдалану алдында осы пайдалану нұсқаулығын оқып
шығып, құралды пайдалану әдісін түсініп алуыңыз керек.
Пайдалану нұсқаулығын сақтап, қажет болса, оны құралдың келесі иесіне
бергенде құралмен бірге беріңіз.
THOMAS FloorCleaner шаңсорғышын келесі жағдайларда
пайдалануға тыйым салынады:
• коммерциялық мақсаттар үшін
• тонер, әк, цемент немесе басқа ұсақ заттар сияқты ұсақ шаңды соруға,
себебі бұл құрылғы сүзгісінің тиімділігіне әсер етеді және оны зақымдауы
мүмкін
• мысық әжетханалары мен басқа жануарлардың әжетханаларына
арналған толтырғыштар, үгінділер, түйіршіктер, құрылыс шаңының
барлық түрлері сияқты ылғалды оңай сіңіретін материалдарды сору
• темекі, өшірілген секілді көрінетін күл немесе көмір секілді өртеніп
жатқан немесе қызған заттарды соруға
• денсаулыққа зиянды заттарды соруға, сондай-ақ құрамында еріткіш бар
сұйықтықтарды соруға, мысалы, лак еріткіш, май, бензин және жемір
сұйықтықтар, басқа химиялық заттар немесе құрамында спирті бар
сұйықтықтар
• сынған әйнек, түйреуіштер, қағаз қыстырғыштар, тастар,
жабыстырғыштар, кішкентай ойыншықтар және т. б. сияқты өткір
заттарды соруға
• аяқ киім кремінен, майлы бояулардан немесе басқа да майлы, тұтқыр
немесе бояғыш заттардан пайда болған дақтарды тазартуға
• тегіс емес, ірі тастан және тегіс емес ағаштан жасалған едендерді және
кілемдерді тазалау
THOMAS FloorCleaner шаңсорғышын жарылу қаупі бар
ғимараттарда пайдалануға тыйым салынады.
Назар аударыңыз! Осы нұсқауларды орындамау құралдың
зақымдалуына және/немесе адамдардың жарақат алуына әкелуі
мүмкін.
Ақпарат. Бұл нұсқаулар құралды оңтайлы пайдалануға мүмкіндік
береді.