220 | Қазақ
Штативке монтаждау: қабырға бекіткішін (42) дәл
осындай жолмен артқы жақтағы штатив бекіткішімен (41)
штативке бұрап орнатуға болады. Мұндай бекіту тәсілі
әсіресе айналу жазықтығы анықтамалық сызыққа
бағытталған кезде ұсынылады.
Туралау блогының көмегімен монтаждалған өлшеу
құралын шамамен 16 см диапазонда тігінен (қабырғаға
монтаждаған кезде) немесе көлденеңінен (штативке
монтаждаған кезде) жылжытуға болады. Ол үшін туралау
блогындағы бұранданы (43) босатып, өлшеу құралын
қажетті күйге жылжытыңыз да, бұранданы (43) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Лазер қабылдағышымен (керек-жарақ) жұмыс істеу
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер
қабылдағышын (36) пайдаланыңыз.
Бірнеше жұмыс режимі бар ротациялық лазерлерде ең
жоғары айналу жылдамдығымен көлденең немесе тік
жұмыс режимін таңдаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу үшін оның
пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып орындаңыз.
Қашықтан басқару құралымен жұмыс істеу
Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын
нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу
қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын
пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді.
Қашықтан басқару құралына арналған датчиктер (7)
өлшеу құралының үш жағында, мысалы, алдыңғы
жақтағы басқару панелінің үстінде орналасқан.
Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу (E
суретін қараңыз)
Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу
үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы
(37) пайдалануға кеңес беріледі.
Өлшегіш рейканың (37) үстінде салыстырмалы өлшем
шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың
астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты
биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)
Пайдалану мысалдары
Биіктік мәндерін көшіру/тексеру (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең күйде берік бетке қойыңыз
немесе штативке (38) (керек-жарақ) монтаждаңыз.
Штативпен жұмыс істеу: лазер сәулесін қажетті биіктікке
дейін туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктік мәнін
көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Штативсіз жұмыс істеу: лазер сәулесі мен анықтамалық
нүкте биіктігінің айырмашылығын лазер нысандық
тақтасының (47) көмегімен анықтаңыз. Мақсатты жердегі
өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе
тексеріңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын
параллель етіп туралау/тік бұрышты белгілеу
(G суретін қараңыз)
Тік бұрышты белгілеу немесе аралық қабырғаларды
туралау қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр
табанын (9) параллель етіп, яғни негізгі сызықтан
(мысалы, қабырғадан) бірдей арақашықтықта туралаңыз.
Ол үшін өлшеу құралын тік күйге орнатып, оны жоғары
қаратылған перпендикуляр табаны негізгі сызыққа
параллель болатындай етіп орналастырыңыз.
Дәл орналастыру үшін жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
тікелей өлшеу құралында лазер нысандық тақтасының
(47) көмегімен өлшеңіз. Жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
өлшеу құралынан мүмкіндігінше алшақ тұрып өлшеңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын негізгі
сызыққа дейінгі қашықтығы тікелей өлшеу құралында
өлшегендей болатындай етіп туралаңыз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанына (9) тік
бұрыш айнымалы лазер сәулесімен (6) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты көрсету (H суретін
қараңыз)
Перпендикуляр немесе тік жазықтықты көрсету үшін
өлшеу құралын тік күйде орнатыңыз. Тік жазықтық негізгі
сызыққа (мысалы, қабырғаға) тік бұрышта өтуі қажет
болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (9)
осы негізгі сызықпен туралаңыз.
Перпендикуляр айнымалы сәулемен (6) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты туралау (I
суретін қараңыз)
Тік лазер сызығын немесе айналу жазықтығын
қабырғадағы анықтамалық нүктемен туралау үшін өлшеу
құралын тік күйде орнатып, лазер сызығын немесе
айналу жазықтығын анықтамалық нүктемен шамамен
туралаңыз. Анықтамалық нүктені дәлме-дәл туралау үшін
айналу жазықтығын тік ось бойынша бұраңыз (қараңыз
„
Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B
суретін қараңыз)", Бет 218).
Bosch Power Tools