216 | Қазақ
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятор жинағының ескіргенін және ауыстыру
керектігін білдіреді.
Аккумулятор заряды жоқ болғанда, өлшеу құралын ток
желісіне жалғанған зарядтағыш құрылғының (18)
көмегімен де пайдалануға болады. Өлшеу құралын
өшіріп, аккумуляторды шамамен 10 минут зарядтаңыз
да, өлшеу құралын жалғанған зарядтағыш құрылғымен
қайта қосыңыз.
Аккумуляторды (13) алмастыру үшін ысырманы (16)
күйіне бұрап, аккумуляторды өлшеу құралынан тартып
шығарыңыз. Жаңа аккумуляторды өлшеу құралына
кіргізіп, ысырманы (16)
күйіне бұраңыз.
Аккумуляторды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны
u
өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу
құралында ұзақ жатқан аккумуляторларды тот басуы
немесе олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Батареяларды/аккумуляторларды пайдалану
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын
немесе аккумуляторын пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімін (14) шығару үшін ысырманы (15)
күйіне бұраңыз. Батарея бөлімін өлшеу құралынан
тартып, батареяларды немесе аккумуляторларды
салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей
алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей
батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Батарея бөлімін (14) өлшеу құралына кіргізіп,
ысырманы (15)
күйіне бұраңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
u
батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу
құралынан шығарып алыңыз. Өлшеу құралындағы
батареялар мен аккумуляторлар ұзақ уақыт сақтаған
жағдайда, оларды тот басуы және заряды өздігінен
таусылуы мүмкін.
Заряд деңгейінің индикаторы
Егер батарея туралы ескерту (12) алғаш рет қызыл
түспен жыпылықтаса, өлшеу құралын тағы 2 сағат
пайдалануға болады.
Батарея туралы ескерту (12) үздіксіз қызыл түспен
жанып тұрса, ешқандай өлшеу әрекеттерін орындай
алмайсыз. Өлшеу құралы 1 минуттан кейін автоматты
түрде өшіп қалады.
Пайдалану
Өлшеу құралы мен қашықтан басқару пультін
u
ылғалдан және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
Өлшеу құралы мен қашықтан басқару құралына
u
айрықша температуралардың немесе температура
өзгерістерінің әсерін тигізбеңіз. Оны, мысалы,
автокөлікте ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Өлшеу құралы
мен қашықтан басқару құралын температура шұғыл
1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)
өзгерген жағдайда температурасын реттегеннен кейін
ғана пайдаланыңыз. Өлшеу құралымен жұмыс істеуді
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 219).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 219).
Қашықтан басқару құралын қолданысқа
енгізу
Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын
нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу
қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын
пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді.
Батареядағы кернеу жеткілікті болса, қашықтан басқару
құралы жұмыс істеп тұрады.
Өлшеу құралын қашықтан басқару құралының
сигналдары датчиктердің (7) біріне тікелей бағытта
жететіндей етіп орналастырыңыз. Егер қашықтан басқару
құралын датчикке тікелей бағыттау мүмкін болмаса,
жұмыс диапазоны қысқарады. Сигнал қайтарымдары
(мысалы, қабырғаларда) арқылы жанама сигнал
жағдайында да қол жеткізу қашықтығын жақсартуға
болады.
Қашықтан басқару құралындағы түймені басқаннан кейін,
сигнал жіберу индикаторының (31) жануы сигналдың
жіберілгенін көрсетеді.
Өлшеу құралын қашықтан басқару құралымен қосу/өшіру
мүмкін емес.
Ротациялық лазерді қолданысқа енгізу
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе
u
оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза
ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер
немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз.
Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі
келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
мүмкін.
Өлшеу құралын орнату
Көлденең күй
Өлшеу құралын көлденең немесе тік күйде тұрақты бетке
орналастырып, штативке (38) немесе қабырға
бекіткішіне (42) туралау блогымен орнатыңыз.
Тік күй
Bosch Power Tools