Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GRL 250 HV Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GRL 250 HV Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
Нұсқау: қашықтан басқару құралымен соққы туралы
ескерту функциясын қосу немесе өшіру мүмкін емес, тек
іске қосылғаннан кейін қайта іске қосуға болады.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Ауытқулар шамамен 20 м қашықтықтан бастап маңызды
болып, 100 м қашықтықта 20 м ауытқудан екі еседен төрт
есеге дейін үлкен болуы мүмкін.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте
қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу
қашықтығында тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің
екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз.
– Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30 м
шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз
немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу
құралын қосыңыз.
30 m
– Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
d
Bosch Power Tools
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына
бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ
нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің
Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d
айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының
дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін
өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
ауытқу:
30 м × ±0,1 мм/м = ±3 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ нүктелер
арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу әрекетінің
әрқайсысында ең көбі 6 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану (мына суретті
қараңыз: C)
Лазер нысандық тақтасы (47) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (47)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін
ұсынады. Өлшеу құралын 5/8 дюймдік штатив
бекіткішімен (21) штативтің (38) ирек оймасына
орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі бекіткіш
бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік
өзгерісін тікелей реттеуге болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
WM 4 қабырға бекіткішімен (керек-жарақ) жұмыс
істеу (D суретін қараңыз)
Өлшеу құралын қабырға бекіткішіне де туралау
блогымен (42) монтаждауға болады. Ол үшін қабырға
бекіткішінің 5/8 дюймдік бұрандасын (44) өлшеу
құралындағы штатив бекіткішіне (21) бұрап кіргізіңіз.
Қабырғаға монтаждау: қабырғаға монтаждау, мысалы,
180°
штатив шығатын биіктігінен жоғары немесе тұрақты емес
бетте және штативсіз жұмыс істегенде ұсынылады.
Қабырға бекіткішін (42) бұрандалардың көмегімен
бекіткіш саңылаулар (40) арқылы қабырғаға немесе
бекіткіш бұранданың (39) көмегімен рейкаға бұрап
бекітіңіз. Қабырға бекіткішін қабырғаға мүмкіндігінше
тігінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Қазақ | 219
1 609 92A 5S1 | (09.09.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières