260 | Қазақ
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға
жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба
аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch
қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған
қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап
беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы
бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті
түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім
нөмірін атаңыз.
Бұл мәтін ең алдымен Bosch өнімдерін жасанды
көшірмелерден қорғау үшін мақсатталған. [Seidel,
Seitter, Merl арқылы 15.4.2010 күні шығарылған шешім]
Мағыналы аударма: "Келесі елдер үшін: Ресей,
Беларусь, Қазақстан
Pts құралдары бойынша кепілдік шеңберіндегі қызметтер
және жөндеу жұмыстары, өндірушінің талаптары мен
стандарттары себептерінен, тек қана Bosch
компаниясының өз фирмалық немесе авторизацияланған
сервистік орталықтарында өткізіледі. Сақтандыру!
Түпнұсқалы емес өнімдерді пайдалану қауіпті бола
отырып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Түпнұсқалы
емес өнімдерге қарсы, Әкімшілік құқықтық заңдарға
және Қылмыстық кодекске сай, тиісті шаралар
қолданылады."
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда
таба аласыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
F 016 L94 704 | (11.07.2024)
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,
жоғары температура әсерінен электр
қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы
немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Ұсынылатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті
өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша
құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әуе
көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер
арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы
талаптарды ұстану керек. Мұндау жағдайларда, жіберуге
дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша
арнайы маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.Қажет
болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Қажет
болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Өнімдер, аккумуляторлар, керек-жарақтар
мен қаптамалар экологиялық тұрғыдан
лайықты түрде қайта өңделуге тапсырылуы
тиіс.
Электр құралдарын және
аккумуляторларды/батареяларды
тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне
тастамаңыз!
Bosch Power Tools