256 | Қазақ
Нұсқау: Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
тұтқа (5) құралды пайдалану алдынан дұрыс түрде
белсенсіз етіліп қойылмаса, шынжырлы ара іске қосыла
алынбайды.
Өшіру:
– Қосу/Өшіру түймесін (2) босатып жіберіңіз. Іске
қосылып кетуінен қорғайтын бұғаттаушы түймесі
қауіпсіздік/бұғаттау қалпына кері оралады.
– Құралды қолданғаннан кейін, кері соққыдан қорғау
тежеуішін белсендіру үшін тұтқасын (5) 1-позициядан,
алға қарай, алдыңғы тұтқадан (4) жылжыта отырып, 2-
позицияға итеріңіз.
Кесу бойынша әрекеттенуге қатысты жалпы
нұсқаулар (F суретін қараңыз)
– Құралды алғашқы рет қолданатын пайдаланушылар
ағаш діңгектерін кесуді алдымен діңгектерді тұғырық
үстіне қойып үйреніп алуы тиіс.
– Араны өшіріп, ағаш алдында лайықты тұрыс позицияға
тұрыңыз.
– Шынжырлы араны іске қосып, ара шынжыры ағашқа
жанасқанша дейін толық жылдамдықпен жұмыс істеп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
– Кесуді тұрақтандыру үшін, тісті таяныш тірегін (9)
ағашқа қарсы баса отырып, кесуді бастаңыз.
– Қалыңырақ бөренелерді немесе ағаш діңгектерін
арамен кескеніңізде, кесу барысында тісті таяныш
тірегін қадамдап төменірек санға жеткізіп, тісті таяныш
тірегін иінтірек ретінде пайдаланыңыз. Ол үшін
шынжырлы араны сәл артқа қарай, тісті таяныш тірегі
босатылғанша дейін тартып, арамен кесуді жалғастыру
үшін, шынжырлы араны төменірек деңгейде қайта
енгізіңіз. Шынжырлы араны кесік жасалған жерден
толығымен шығармаңыз.
– Шынжырлы араны бүкіл кесу барысында қосылған
қалыпта ұстап, біркелкі жылдамдықпен жұмыс істеңіз.
– Арамен жұмыс істегенде ара шынжырына күшпен
баспаңыз, оны тек қана ұстап, өз-өзімен жұмыс
істетіңіз.
– Шынжырлы араны әрқашан ағаш кесіктен ара
шынжыры жұмыс істеп тұрғанда шығарыңыз.
– Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Шынжырлы
ара өзінің тек қана бір негізгі кескіш жиегімен жұмыс
істей бастаған сәттен бастап ауырлық күші кездейсоқ
түрде өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттанып қалу қаупі
бар.
– Кесу барысы аяқталған сәтте, Қосу/Өшіру түймесін
босатып, шынжыр тоқтағанынша күтіңіз және кері
соққыдан қорғау тежеуішін (5) лайықты түрде "O"
позициясына қойыңыз (E1 суретін қараңыз).
Араның кері соғуы (G суретін қараңыз)
Кері соққы туралы негізгі ақпаратты білу арқасында
жазатайым оқиғаларға апара алатын кері соққының
ықтималдығын азайтуға болады.
F 016 L94 704 | (11.07.2024)
Әрқашан жерде тұрақты түрде тұрғаныңызға және тепе-
теңдікті жоғалтпауыңызға көз жеткізіңіз.
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Әсіресе арамен көлденең және қиғаш бағытта, сондай-ақ
бойлық кесулерді арамен кескенде ерекше назар
аударыңыз. Осындай кесулерді жасағанда әдетте тісті
таяныш тірегі (9) қолданыла алынбайды.
Кері соққы қаупін азайту үшін, келесі қауіпсіздік
шараларын ұстаныңыз:
– Әрқашан шынжырлы араның дұрыс пайдаланылуына
назар аударыңыз.
– Кері соққы пайда болған жағдайларда шынжырлы ара
бойынша басқаруды жоғалтпау үшін, шынжырлы
араны нық ұстап тұрып, сол жақ қолыңызды шымыр
түрде ұстаңыз.
– Арамен кесу жұмыстары өткізілетін аумақта ешбір
бөгеттердің болмауына көз жеткізіңіз. Шапқының ұшы
ешбір ағаш діңгегіне, бұтаққа, дуалға немесе Өзіңіз
арамен жұмыс істеу барысында тиіп қалатындай басқа
бір бөгетке жанасып қалмауына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: Шапқының ұшы кез келген бір бөгетпен жанасып
қалуы кері соққының пайда болуына апаруы мүмкін.
– Әрқашан шынжырлы араның толық жылдамдығымен
кесіңіз. Қосу/Өшіру түймесін (2) толығымен басып,
біркелкі кесу жылдамдықпен жұмыс істеңіз.
– Тек қана Bosch арқылы ұсынылған қосалқы
шапқыларын және кері соққы қаупі төмен болған
шынжырларды пайдаланыңыз.
Кері соққы тежеуіші
Кері соққы тежеуіші - кері соққы пайда болғанда, кері
соққы тежеуішін белсендіру үшін арналған иінтірек (5)
арқылы қол білегімен белсендірілетін қауіпсіздік
механизмі. Ара шынжыры дереу тоқтатылады. Осының
арқасында кері соққы арқылы пайда болатын
жарақаттану қаупі азайтылады.
Кері соққы тежеуіштің функционалдығын жүйелі түрде
тексеріп жүріңіз.
– Шынжырлы араны екі қолыңызбен бекем ұстаңыз.
– Шынжырлы араны іске қосыңыз.
– Ара шынжыры айналып тұрса, кері соққы тежеуішін
(5) белсендіру үшін, иінтіректі қол білегіңізбен алға
қарай басыңыз. Осы тексеру барысында ара
шынжыры дереу тоқтамаса, шынжырлы араны
пайдаланбаңыз.
Нұсқау: Қалыпты түрде пайдалану барысында, кері
соққы тежеуіштің иінтірегін (5) әдейі басу арқылы
шынжырлы араны тоқтатпаңыз.
Bosch Power Tools