– Май бүріккішінен (6) лас пен кірді абайлап кетіру үшін,
таза бір шүберекті қолданыңыз. Май бүріккішіне (6)
лас пен кірдің түсіп қалмауына көз жеткізіңіз, себебі
бұл май бүріккіштің бітеліп қалуына апарып, құрал
майлануына жағымсыз әсер ете алады.
Ара шынжыры бойынша күтім
– Құралды ұзақ уақыт үшін сақтауға қою алдынан, құрал
бөлшектерінің сыналап қалуын болдырмау үшін,
алдымен шапқы мен ара шынжырын тазалап алыңыз.
Ара шынжырын келесідей тазалаңыз:
– Жапқышты (14), шапқыны(11) және ара
шынжырын(12) шынжырлы арадан шығарып алып,
оларды қатты бір қылшақпен тазалаңыз. (қараңыз „Ара
шынжырын және шапқыны бөлшектеу", Бет 254).
– Ара шынжырында зақымдалған жерлердің бар не жоқ
болуын тексеріп, ара шынжырын ауыстырыңыз
немесе қайраңыз.
Ара шынжырын алмастыру және қайрау
Құралдың оңтайлы жұмысын және құрал
u
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алу үшін, ара
шынжыры өткір болуы тиіс.
Ара шынжырын қайрау бойынша тәжірибеңіз
u
болмаған жағдайда ара шынжырын ешқашан
Өзіңіз қайрамаңыз.
Ара шынжыры өзінің ұзақ уақыт бойы пайдаланғанынан
кейін немесе ағаштан басқа заттарға жанасып қалған
жағдайда дөкір болып қалуы мүмкін.
– Ара шынжырын ара шынжырлар үшін арналған Bosch
құрамдас бөлшектерімен алмастырыңыз немесе ара
шынжырын лайықты мамандар арқылы қайратып
алыңыз, "Құрамдас бөлшектер" тарауын қараңыз.
– Ара шынжырын құралда құрастырып орнату үшін,
(қараңыз „Шапқыны орнату және ара шынжырын керу
(B1 – B4 суреттерін қараңыз)", Бет 253).
Шапқы бойынша күтім
Тек қана құрал мен нұсқауларды лайықты түрде
u
түсініп және білгенде ғана шапқыны өз
басыңызбен алмастырыңыз, басқаша болған
жағдайда Bosch компаниясының техникалық
қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Тек Bosch арқылы ұсынылған қосалқы
u
шапқыларын пайдаланыңыз.
Шапқыда жарықтар немесе тозған жерлердің бар не жоқ
болуын тексеріңіз. Шапқы зақымдалған жағдайда, оны
алмастырыңыз. Шапқыны шығарып алу бойынша
нұсқауларды(қараңыз „Ара шынжырын және шапқыны
бөлшектеу", Бет 254) тарауында таба аласыз.
Қосалқы және құрамдас бөлшектер (K суретін
қараңыз)
www.bosch-pt.com сайтында құрастырмалық сызбасын
және қосалқы бөлшектері бойынша деректерді таба
аласыз.
Шапқы
Ара шынжыры
Bosch Power Tools
Шынжырлы араны тасымалдау және сақтау
Шынжарлы араны тасымалдау алдынан:
– Әрқашан құралдың аккумуляторын шығарып алыңыз.
– Жарақаттануларға жол бермеу үшін, шынжырлы ара
пайдаланылмаған уақытта шынжырдың қорғау
бөлшегін (16) шапқыда (11) орнатыңыз.
– Қолды қорғау бөлшегін/шынжыр тежеуішін алға қарай
итере отырып, шынжыр тежеуішін әрқашан бұғаттап
қойыңыз.
– Шынжырлы араны шапқысымен артқа қарай тасып
жүру ұсынылады.
Шынжырлы араны сақтауға қою алдынан, шынжырлы
араны тасымалдау бойынша берілген қадамдарға
қосымша келесі қадамдарды өткізіңіз:
– Шынжырлы араны сақтауға қою алдынан, май
резервуарын босатыңыз, және оны пайдалану
алдынан жаңадан қайта толтырыңыз.
– Шынжырлы араны әрқашан қауіпсіз, құрғақ және
балалар қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз.
– Шынжырлы араның үстінен ешқашан ешбір басқа
заттарды қоймаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
1 600 A03 0J6
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
F 016 800 647
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қазақ | 259
F 016 L94 704 | (11.07.2024)