254 | Қазақ
Ара шынжырын, лайықты қолғаптарды киіп,
қолыңызбен шапқы (11) үстінен, кесілім
ұзындығының ортасы жанынан ұстап, ара шынжырын
(12) шынжырлы араның салмағына қарсы аздап
көтеріңіз.
– Ара шынжыры тым қатты керілген болса, монтаждау
аспабын (13) қолдана отырып, шынжырды керу
бұрамасын (7) сағат тіліне қарсы бағытта, шынжырдың
дұрыс керу мәні орнатылғанынша дейін, бұраңыз.
Назарыңызда болсын: Ара шынжырын тым қатты
кермеңіз - тым қатты керу ара шынжырының шамадан
тыс тозуына және қызмет мерзімінің қысқартылуына
апарып, шынжыр бағыттаушысын зақымдай алады.
Назарыңызда болсын: Жаңа ара шынжырлары алғашқы
пайдалануда айтарлықтай ұзаруы мүмкін. Алғашқы екі
жұмыс сағаттарында құрал аккумуляторын шығарып
алып, ара шынжырдың кернеуін тексеріңіз.
– Бекіту сомындарын (15) монтаждау аспабымен (13)
тартып, жапқышты (14) шынжырлы араға бекітіп
орнатыңыз.
– Бекіту сомындарының (15) екеуі де жұмыс алдында
орнатылып және бекітіліп қойылғанына көз жеткізіңіз.
Ара шынжырын және шапқыны бөлшектеу
– Шынжырлы араны жапқышымен (14) лайықты төсем
үстінен жоғарыға қарай қаратып қойыңыз.
– Бекіту сомындарын (15) жеткізілім көлемінде болған
монтаждау аспабымен (13) алып, жапқышты (14)
шығарып қойыңыз.
– Шынжырды керу бұрамасын (7) монтаждау
аспабымен (13) сағат тілі бағытына қарсы бұра
отырып, ара шынжырын (12) босатыңыз.
– Шапқыны (11) бекіту бұрандамаларынан (8) босатып
шығарыңыз.
– Шынжырды жетекші шынжырлы доңғалақтан
шығарыңыз.
Май резервуарын толтыру (C суретін
қараңыз)
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде
шынжырлы ара арнайы ара шынжыр майымен
толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану алдынан
оның маймен толтырылған болуы маңызды. Шынжырлы
араны ара шынжыры үшін арналған арнайы майсыз
қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
деңгейден төмен болғаны ара шынжырдың бұзылуына
апарады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (17)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағы (17) айналасындағы
аумақты тазалаңыз. Ласталған жерлерді тазалау үшін,
таза шүберекті пайдаланыңыз.
F 016 L94 704 | (11.07.2024)
– Май резервуарының қақпағын (17) сағат тілі бағытына
қарсы бұрыңыз.
– Май резервуарын шынжырлы араларына арналған,
биологиялық тұрғыдан ажырай алатын Bosch майымен
толтырыңыз. (Тапсырыс беру нөмірі: F 016 800 642)
– Шынжырлы араларға арналған майларын құю
барысында май резервуарына ешбір лас немесе бөтен
заттардың түсіп қалмауына көз жеткізіңіз.
– Май резервуарының қақпағы (17) шынжырлы араға
бекітілген. Маймен толтыру барысында май
резервуарының қақпағы май резервуарының құю
саңылауын бұғаттап тұрмауына көз жеткізіңіз.
– Жұмыс уақыттағы май деңгейін май деңгейін бақылау
терезі (18) арқылы бақылауыңызға болады. Май ең
төмеңгі деңгейіге жеткенде, жаңа май құйып
толтырыңыз.
– Май резервуарының қақпағын (17) орнатып, нық
тартып қойыңыз.
Нұсқау: Шынжырлы араларына арналған Bosch майын
немесе осыған ұқсас, шынжырлы араларға арналған
шынжырлы майды пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген
майларды қолдану май жүйесінің жұмысына жағымсыз
әсер етуі мүмкін. Рұқсат етілмеген майды пайдалану
кепілдіктің жарамсыз болып қалуына апарады.
Назарыңызда болсын: Ең оңтайлы жұмыс нәтижесіне
қол жеткізу үшін, шынжырлы араларына арналған,
биологиялық тұрғыдан ажырай алатын Bosch майын
пайдалану лазым.
Ара шынжырын майлау (E3 суретін қараңыз)
Ара шынжырының қызмет ету мерзімі мен кесу өнімділігі
оның майлану оңтайлығына байланысты болады.
Сондықтан ара шынжыры май бүріккіші (6) арқылы іске
қосылып қолданылған уақытта автоматты түрде ара
шынжыры үшін арналған арнайы майымен майланып
отырады.
Ара шынжырының дұрыс майлануын жүйелі түрде
тексеріп жүріңіз:
– Шынжырлы араны, оның май резервуары
толтырылған қалыпта болғанда, шапқы ұшымен ашық
түсті бір аумаққа бағытталған түрде ұстаңыз.
– Электр құралды шамамен 1 минут бойы қосылған
түрде істетіңіз немесе оны май ашық түсті аумақта
көрілгенінше дейін істетіңіз.
– Май көрілмесе, қателерді анықтауды "Ара шынжыры
құрғақ" қатесін қараңыз.
– Майлы жүйесі одан кейін де дұрыс істемей тұрса,
Bosch компаниясының клиенттерге қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
Назарыңызда болсын: Май фильтрі май резервуары
ішіне кіріктірілген. Тазалау немесе қателерді жою
сұрақтары бойынша Bosch компаниясының техникалық
қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын: Төмен температураларда май
тұтқыр болып кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің
деңгейі төмендеп кетеді.
Bosch Power Tools