Электр Қауіпсіздігі - Hilti TE 805 Mode D'emploi

Burineur électropneumatique
Masquer les pouces Voir aussi pour TE 805:
Table des Matières

Publicité

ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ТҮПНҰСҚА НҰСҚАУЛЫҚ
Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар
НҰСҚАУ
1-тарауда берілген қауіпсіздік техникасы бо-
йынша нұсқаулар осы нұсқаулықта қабылданған
нормаларға сай берілетін электр құралдарын
пайдалану бойынша барлық жалпы шараларды
қамтиды. Осыған байланысты осы аспапқа
қатысты емес ережелер бар болуы мүмкін.
1. Электр құралдары үшін қауіпсіздік
техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
a)
ЕСКЕРТУ! Сақтық шаралары бо-
йынша барлық нұсқауларды жəне
нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр
тогының соғуына, өртке əкелуі мүмкін жəне/не-
месе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды жəне нұсқауларды келе-
сі пайдаланушы үшін сақтаңыз. Бұдан
əрі қолданылатын "электр құрал" термині
электр желісінен (желілік кабельмен) жəне
аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс
істейтін электр құралға қатысты.
1.1 Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a) Жұмыс орнындағы тазалықты жəне тəртіп-
ті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы рет-
сіздік жəне нашар жарық сəтсіз жағдайларға
əкелуі мүмкін.
b) Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң
бар жарылыс қаупі бар аймақта электр
құралды қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр
құралдар ұшқындар шығады жəне ұшқын-
дар шаңды немесе буларды тұтандыруы
мүмкін.
84
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5071241 / 000 / 01
c) Балалардың жəне бөгде адамдардың
жұмыс істеп тұрған электр құралға
жақындауына рұқсат етпеңіз. Жұмысқа
көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау
жоғалуы мүмкін.
1.2 Электр қауіпсіздігі
a) Электр құралдың біріктіруші айыры электр
желісінің розеткасына сай болуы керек.
Айырдың конструкциясын өзгертпеңіз.
Қорғауыш жерге қосуы бар электр
құралдарымен бірге өтпелі айырларды
қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар жəне оларға
сай розеткалар электр тогының соғу қау-
пін азайтады.
b) Жерге қосылған беттерге, мысалы,
құбырларға, жылыту құралдарына,
пештерге (плиталарға) жəне тоңазытқыш-
тарға, тікелей тиюді болдырмаңыз.
Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
c) Электр құралдарды жаңбырдан неме-
се ылғал əсерінен сақтаңыз. Электр құралға
су тиюі нəтижесінде электр тогының соғу
қаупі артады.
d) Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз,
мысалы, электр құралды тасымалдау,
оны іліп қою немесе электр желісінің ро-
зеткасынан айырды шығару үшін. Кабельді
жоғары температуралардың, майдың, үшкір
жиектердің немесе айналатын бөліктердің
əсерлерінен қорғаңыз. Кабельдің зақым-
далуы немесе қабаттасуы нəтижесінде
электр тогының соғу қаупі артады.
e) Егер жұмыстар ашық ауада орындал-
са, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат
етілген ұзартқыш кабельдерді пайда-
ланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жа-
рамды ұзартқыш кабельді пайдалану
электр тогының соғу қаупін азайтады.
f) Егер электр құралмен ылғалдылық
жағдайларында жұмыс істеуді бол-
дырмау мүмкін емес болса, шығып ке-
тетін токтан қорғау автоматын қолданыңыз.
Шығып кететін токтан қорғау автоматын қол-
дану электр тогының соғу қаупін азайта-
ды.
1.3 Адамдардың қауіпсіздігі
a) Ұқыпты болыңыз, əрекеттеріңізге көңіл
бөліңіз жəне электр құралмен жұмыс іс-
теуге дұрыс қараңыз. Шаршасаңыз не-
месе есірткілер, алкоголь немесе дəрі-
дəрмек əсерінің астында болсаңыз,
электр құралды пайдаланбаңыз. Электр
құралмен ұқыпсыз жұмыс істегендегі мар-
дымсыз қате ауыр жарақаттанудың себе-
бі болуы мүмкін.
b) Жеке қорғану құралдарын пайдала-
ныңыз жəне əрқашан міндетті түрде
қорғауыш көзілдірікті киіңіз. Электр
құралының түріне жəне пайдалану жағдай-
ларына байланысты жеке қорғану құрал-
дарын, мысалы, респираторды, ұлтаны
сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш каска-
ны немесе қорғауыш құлаққапты қолдану
жарақаттану қаупін азайтады.
c) Электр құралының кездейсоқ қосы-
луын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу
жəне/немесе аккумуляторды қою, көте-
ру немесе тасымалдау алдында электр
құрал өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Электр
құралды тасымалдағанда саусақтар сөндір-
гіште болатын немесе қосылған электр құрал
желіге қосылатын жағдайлар сəтсіз жағдай-
ларға əкелуі мүмкін.
d) Электр құралды қосу алдында реттеу-
ші құрылғыларды жəне гайка кілтін
алыңыз. Электр құралдың айналатын бөлі-
гіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға əке-
луі мүмкін.
e) Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға
тұрмауға тырысыңыз. Денеңізді кез кел-
ген сəтте тепе-теңдікте ұстау үшін бе-
рік жəне тұрақты күйде тұрыңыз. Бұл күтпе-
ген жағдайларда электр құралды жақсы-
рақ басқаруға мүмкіндік береді.
f) Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді не-
месе əшекейлерді кимеңіз. Шашты,
киімді жəне қолғапты аспаптың айналатын
бөліктерінен ары ұстаңыз. Бос киім, əше-
кейлер жəне ұзын шаш оларға ілінуі
мүмкін.
g) Егер шаңды жинау жəне кетіруге арналған
құрылғыларды қосу қарастырылған
болса, олар қосылғанына жəне мақса-
ты бойынша қолданылып жатқанына көз
жеткізіңіз. Шаңды кетіру модулін пайда-
лану шаңның зиянды əсерін азайтады.
1.4 Электр құралды қолдану жəне оған
қызмет көрсету
a) Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
Дəл осы жұмысқа арналған электр
құралды қолданыңыз. Бұл ережені
сақтау көрсетілген қуат диапазонында
жоғарырақ жұмыс сапасын жəне қауіпсіз-
дігін қамтамасыз етеді.
b) Сөндіргіші бұзылған элеткр құралын қол-
данбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр
құрал қауіпті жəне оны жөндеу керек.
c) Электр құралды реттеуге, саймандарды
ауыстыруға кірісу алдында немесе
жұмыстағы үзіліс алдында розеткадан
айырды жəне/немесе электр құралдан
аккумуляторды шығарыңыз. Бұл сақтық
шарасы электр құралдың кездейсоқ қосы-
луын болдырмайды.
d) Қолданылмайтын электр құралды ба-
лалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр
құралды оны пайдалана алмайтын не-
месе осы нұсқауларды оқып шықпаған
тұлғаларға бермеңіз. Электр құралдар тəжі-
рибесі жоқ пайдаланушылардың қолында
қауіпті болады.
e) Электр құралдарына ұқыпты қараңыз.
Қозғалатын бөліктердің мүлтіксіз қыз-
мет ететінін, олардың жүрісінің жеңіл-

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières