STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Кескіш бөліктің жұмысын тек мықты
жұмыс қолғаптарын киіп, өте сақ түрде
орындаңыз.
Барлық сомындар, бұрандамалар мен
бұрандалар, əсіресе пышақ бұрандасы
жақсылап тартылғанын жəне
құрылғының қауіпсіз əрі қалыпты
күйінде тұрғанын байқап тұрыңыз.
490
Құрал мен шөпжинағышта тозған жəне
зақымды жерлерінің бар-жоғын əсіресе
қоймаға қабылдар алдында үнемі
тексеріп отырыңыз (мысалы, қысқы
үзіліс кезінде). Қауіпсіздік түсінігіне
орай, тозған жəне зақымданған
бөлшектерді дереу ауыстыру керек,
соның арқасында құрал қауіпсіз əрі
қалыпты қолданыс жағдайында
болады.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
Шабу пышағын тұрақты түрде
бекіткіштің қауіпсіздігіне, зақым келуін
жəне тозуын тексеріп отырыңыз.
4.7 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Суыған құрылғыны сақтау үшін құрғақ,
жабық орынға қойыңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
4.8 Ескерту! Электр тогына соғылу
қаупі!
Назар аударыңыз!
Электр тогына соғылу қаупі!
Қауіпсіздік мақсатында
желі сымының, желілік
штекерге
ажыратқыштар мен
қосатын сымға ерекше назар
аударыңыз. Ток соғу қаупінің
алдын алу үшін, зақымданған
шоғырсымдарды, ұяларды,
айырлар мен нұсқалған қосу
сымдарын пайдалануға тыйым
салынады.
Сол себепті зақым белгілеріне
(сынғыштық) қосу сымдарын
тұрақты тексеріп тұру қажет.
Желілік сымы жазылған құрылғыны
ғана қолданысқа енгізіңіз.
Кабель барабанын пайдаланған кезде,
оны пайдалану алдында толықтай жазу
керек.
Зақымдалған ұзартқыш кабельді
пайдалануға тыйым салынады.
Зақымдалған ұзартқыш кабельді
жаңасына ауыстыру керек, ұзартқыш
кабельді жөндеуге тыйым салынады.
Құрылғыны сымдары зақымданған
немесе тозған болса пайдалануға
болмайды. Қосатын сымда зақым келу
мен тозу белгілерінің болмауына
ерекше назар аударып тексеріңіз.
Электр сымдарын жөндеу мен
айырбастауды тек арнай оқытылған
қызметкерлер ғана жүзеге асыру керек.
0478 121 9919 A - KK