Ұзақ Мерзім Бойы Сақтау; Пайдаға Асыру; Таңбалардың Сипаттамасы - Stihl RME 545 Manuel D'utilisation

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 53
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы жəне
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы жəне қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Кескіш бөліктің жұмысын тек мықты
жұмыс қолғаптарын киіп, өте сақ түрде
орындаңыз.
Барлық сомындар, бұрандамалар мен
бұрандалар, əсіресе пышақ бұрандасы
жақсылап тартылғанын жəне
құрылғының қауіпсіз əрі қалыпты
күйінде тұрғанын байқап тұрыңыз.
0478 121 9910 A - KK
Құрал мен шөпжинағышта тозған жəне
зақымды жерлерінің бар-жоғын əсіресе
қоймаға қабылдар алдында үнемі
тексеріп отырыңыз (мысалы, қысқы
үзіліс кезінде). Қауіпсіздік түсінігіне
орай, тозған жəне зақымданған
бөлшектерді дереу ауыстыру керек,
соның арқасында құрал қауіпсіз əрі
қалыпты қолданыс жағдайында
болады.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
Шабу пышағын тұрақты түрде
бекіткіштің қауіпсіздігіне, зақым келуін
жəне тозуын тексеріп отырыңыз.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Суыған құрылғыны сақтау үшін құрғақ,
жабық орынға қойыңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
4.9 Пайдаға асыру
Ауыстырылған агрегат нұсқаулыққа
сəйкес пайдаға асырылатынына көз
жеткізіңіз. Пайдаға асырар алдында,
агрегатты қолданысқа жарамсыз етіңіз.
Сонымен қатар, жазатайым
жағдайлардан сақтану үшін қоректің
желілік кабелін немесе электр
қозғалтқыш кабелін ағыту ұсынылады.
Дене зақымын алу қаупі!
Өз мерзімін қызмет етіп аяқтаған
құрылғыны ешқашан назарсыз
қалдырмаңыз. Құрылғы мен кескіш
құрал балалардан алшақ жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
5. Таңбалардың
сипаттамасы
Назар аударыңыз!
Қолданар алдында
пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қауіпті аймақта
адамдардың болуына
тыйым салынған.
481

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rme 545 cRme 545 v

Table des Matières