Құрылғыны жəне онымен бірге
тасымалданатын бөлшектерді
(мысалы, шөпжинағыш), жеткілікті
көлемдегі бекіткіш заттардың көмегімен
(қайыстар, арқандар жəне т.б.) жүк
тасығыш қабатқа бекітіңіз.
Көтерген жəне тасыған кезде
көгалшапқышпен еш түйіспеңіз.
«Тасымалдау» бөлімінің тармақтарын
ұстаныңыз. Онда, көгалшапқышты
тасымалдаған кезде, оны қалай көтеріп
бекіту керектігі жайында жазылған.
(
13.)
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.4 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
0478 121 9919 A - KK
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді алмастыру
керек. Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп жəне ескерту
белгілерін жаңартыңыз. STIHL
делдалыңызда қосалқы жапсырмалар
мен барлық басқа қосалқы бөліктер бар.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
– құрылғының дұрыс орнатылғанын.
– кескіш құрал жəне барлық кескіш
бөліктің (шапқыш пышағы, бекіткіш
элементтер, көгалшапқыштың
корпусы) мінсіз күйін. Бас назарды
бекіткіштің қауіпсіздігіне, бүлінген
жерлеріне (жарықтар немесе
сызаттар), сондай-ақ тозғанына
аударыңыз.
– күйінің мінсіздігі жəне қорғаныс
құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі
(түсіріп тастауға арналған жапқыш,
корпус, меңгерік, қозғалтқышты
тоқтату тұтқасы сияқты).
– шөп жинағышта зақымдалған
жерлердің бар-жоғын жəне дұрыс
орнатылғандығын; зақымдалған шөп
жинағышты қолдануға болмайды.
– электр қозғалтқыштың кері шегіну
тежегішінің дұрыс жұмыс істеуін.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
«Электр тогына соғылу қаупі»
бөліміндегі ақпаратты есте сақтаңыз
(
4.8).
Ешқашан пышағы дұрыс орнатылмаған
жағдайда электр қозғалтқышты
қоспаңыз. Электр қозғалтқышының
қызып кету қаупі!
4.5 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Қоршаған орта температурасы +5°C-
ден төмен болғанда көгал шаппаңыз.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз. Айналмалы
пышақты ұстамаңыз. Қалдықтарды
лақтыратын саңылаудан едəуір
қашықтықта тұрыңыз.
Жұмыс істеп тұрған шапқыштан əркез
қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз. Тұтқасы
тиісті тұрпатта монтаждалуға тиіс,
құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Атап айтқанда,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын
меңгерікке ешқашан бекітпеңіз
(мысалы, байлау арқылы).
487