Stihl RME 339 Manuel D'utilisation page 490

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 49
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Ұзартқыш кабель меңгерікке оратылып
қалмауын қадағалаңыз.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Құрылғыны қосу:
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (
11.)
Аяқтарыңыз кескіш құрал-сайманнан
едəуір қашықтықта болғанын байқап
тұрыңыз.
Қосқан кезде құрылғы тегіс жерде тұруы
тиіс.
Сөндірер алдында жəне қосу
процессінде құрылғы аударулы күйде
болмауы тиіс.
Түсіріп тастауға арналған арналар
қақпақпен немесе шөп жинағышпен
жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
488
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғыны
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
асып қойып жұмыс істеуге болмайды.
Жарақат алу қаупі бар!
25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
Жұмыстың басталуы:
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз. Айналмалы
пышақты ұстамаңыз. Қалдықтарды
лақтыратын саңылаудан едəуір
қашықтықта тұрыңыз. Жұмыс істеп
тұрған шапқыштан əркез қауіпсіз
қашықтықта тұрыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
пышақты тексеруге
тырыспаңыз. Қалдықтарды
лақтыруға арналған саңылаудың
жапқышын ешқашан ашпаңыз
жəне/немесе жұмыс істеп тұрған
көгалшапқыштың шөп жинағышын
алмаңыз. Айналмалы пышақ
жарақаттың себепкері болуы мүмкін.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген - жұмыс
уақытында жүгіруге болмайды.
Құрылғымен бірге жылдам қозғалған
кезде: сүрініп қалу, тайғанап кету жəне
т.б. нəтижесінде жарақат алу қаупі
төнеді.
Шапқыштың бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Абай болыңыз: сүрініп қалуыңыз
мүмкін!
Электр қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда немесе желілік сым қосулы
болғанда құрылғыны ешқашан
көтермеңіз немесе тасымалдамаңыз.
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Егер кескіш құрал немесе құрылғы
кедергіге немесе бөгде денелерге кез
болса, электр қозғалтқышты сөндіру
қажет, желіден ажыратып, мұқият
тексеру керек.
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Электр қозғалтқышты ажыратыңыз,
– егер тасымалдау барысында
құрылғы шөп өспеген жерге тиетін
болса,
0478 121 9919 A - KK

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rme 339 c

Table des Matières