Stihl RME 339 Manuel D'utilisation page 499

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 49
Жарақат алу қаупі бар!
Түсірер алдында көгалшапқышты
мықты, тегіс жəне түзу жерге
қойыңыз. Тазалайтын
жұмыстарды орындауға арналған
күйде жұмыс істегенде құрылғы
аударылып кетуі мүмкін.
Құрылғының бүйір жағында
тұрыңыз. Көгалшапқыштың
алдында немесе артында тұрып
жұмыс істемеңіз.
Тазалау күйі RME 339 C:
● Жоғары еңкейту үшін құрылғыдан оң
жақта тұрыңыз.
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін ең
терең күйге орнатыңыз (тірелгенше,
бекіту тұтқасы бұл күйде
бекітілмейді). (
8.1)
● Лақтырманың қақпағын (1) оң
қолыңызбен ашып, ұстап тұрыңыз.
● Сол қолыңызбен суретте
көрсетілгендей консольді ұстап
алып, лақтырманың қақпағын
тоқтатыңыз. Дəл сол уақытта бас
бармағыңызбен тежеуіш иінтіректі (2)
басып тұрыңыз.
● Құрылғыны оң қолыңызбен алдыңғы
тіреуіш тұтқада ұстап алып, бас тұтқа
суретте көрсетілгендей топыраққа
жайылмағанша баяу артқа қарай
еңкейтіңіз.
● Лақтырманың қақпағын (1) жəне
тіреуіш иінтірегін (2) босатып,
құрылғының берік тұрғанын
тексеріңіз.
Тазалау күйі RME 339:
● Екі жақты бас тұтқаны жинау (
● Көгалшапқышты аударыңыз жəне
бас тұтқаның төменгі бөлігіне (3)
орналастырыңыз.
0478 121 9919 A - KK
Тазалау жөніндегі нұсқаулар:
● Кірді судың аз мөлшерімен,
қылшақпен немесе шүберекпен
кетіріңіз. Əсіресе шапқыш пышағын
тазалаңыз. Қысыммен аққан суды
электр қозғалтқыштың бөлшектеріне,
сонымен қатар тығыздалған
жерлерге, мойынтіректерді
орнататын орындарға жəне электр
бөлшектеріне, мысалы,
ажыратқышқа бағыттауға тыйым
салынады.
● Шөптің қалдығын алдымен ағаш
таяқпен кетіріңіз.
● Электр қозғалтқыш жеткілікті
салқындатылуы үшін электр
қозғалтқыш капоты мен корпустың
төменгі бөлігінің арасындағы суық
ауа ағынына арналған тесіктегі
(желдету саңылауы) кірді тазалаңыз.
● Қажет болса, арнайы тазартқышты
(мысалы , STIHL арнайы
тазартқышы) пайдаланыңыз.
12.3 Электр қозғалтқышы жəне
доңғалақ
Электр қозғалтқышы қызмет көрсетуді
талап етпейді.
Доңғалақтардың иінтіректері қызмет
көрсетуді талап етпейді.
8.2)
12.4 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
RME 339
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
оқшауландырғыш қабатпен жабылған.
Оған зақым келгенін байқағанда бас
тұтқаның жоғарғы бөлігін ауыстырыңыз.
12.5 Пышақ тозуын тексеру
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
Жарақат алу қаупі бар!
Пышақты пайдалану орнына
жəне уақытына байланысты
ауыстыру керек. Егер құрылғыны
құмды бетте жəне көбінесе құрғақ
жағдайларда пайдалансаңыз,
пышақ барған сайын нашар
жұмыс істейді жəне əдеттегіден
тезірек тозады. Жұқарып кеткен
пышақ бөлініп кетіп, ауыр
жарақаттар тигізуі мүмкін.
Сондықтан пышақты пайдалану
жөніндегі нұсқауларды əркез
ұстанған жөн.
● Көгалшапқышты тазалау күйіне
көтеріңіз (
12.2).
● Шапқыш пышағын (1) тазалаңыз.
● Пышақ күшін ең кемі 5 орыннан
жылжымалы калибрдің (2) көмегімен
тексеріңіз. Атап айтсақ, минималды
күші пышақ қалағының аймағында
болу керек.
● Сызғышты (3) пышақтың алдыңғы
жиегіне қойып, кері қайрау деңгейін
өлшеңіз.
17
497

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rme 339 c

Table des Matières