Тозудың шектері:
Пышақ қалыңдығы: > 1,6 мм
Кері қайрау деңгейі: < 5 мм
Пышақты келесі жағдайларда ауыстыру
қажет:
– зақымдалған кезде (жарықтар,
сызаттар),
– өлшем деректеріне бір не бірнеше
жерде жеткен кезде немесе рұқсатты
деңгейден асқан жағдайда.
Егер көгалшапқышқа керек-жарақ
ретінде қолжетімді топырақ бетін жабу
жабындарына арналған көгалшапқыш
орнатылған болса, басқа тозудың
шектері есепке алынады (керек-
жарақтарды пайдалану жөніндегі
нұсқаулығын қараңыз).
12.6 Шапқыш пышақтарын алу
жəне орнату
Пышақ бұрандамасына зақым
келтірмеу үшін, босату жəне
бұрап бекіту үшін алты қырлы
ауыстырмалы кілтті (22 мм)
пайдаланыңыз.
1 Бөлшектеу:
● Сəйкес келетін ағаш қырлы
бөрене (1) шапқыш пышағын (2)
бекіту үшін қолданылады.
● Пышақ бұрандамасын (3) бұрап
шығарыңыз жəне шапқыш
пышағын (2) шығарыңыз.
498
2 Орнату:
Жарақат алу қаупі бар!
Шапқыш пышағын тек суретте
көрсетілгендей орнату керек,
əсіресе қапсырмаларды (6)
төменге қарай қарату керек.
Шапқыш пышағын ауыстырғанда
əрдайым пышақ
бұрандамасын (3) да
ауыстырыңыз. Пышақ
бұрандамасының көрсетілген
созылу мезетін дəл сақтау қажет,
себебі кескіш құралдың бекіту
сенімділігі осыған байланысты
болады.
● Пышаққа тиіп тұратын бетті жəне
пышақтың жалғастырғышын
тазалаңыз.
● Шапқыш пышағының (2) жоғары
қарай бүгілген қалақтарын жоғары
қаратып орнатыңыз. Ұстап тұратын
шығыңқы жерлер (4) шапқыш
18
пышағының тесіктеріне (5)
орналастырылуы керек.
● Сəйкес келетін ағаш қырлы
бөрене (1) шапқыш пышағын (2)
бекіту үшін қолданылады.
● Бұрандаға пышақ бұрандамасын (3)
Loctite 243 бұрап бекітіңіз.
● Пышақ бұрандамасын (3) берік
бекемдеңіз.
Созылу мезеті:
10 - 15 Нм
12.7 Шапқыш пышағын қайрау
Қажетті ақпарат немесе анықтама
болмаған жағдайда, шапқыш пышағын
өткірлеу жұмысын білікті маманға
тапсырыңыз (STIHL компаниясы STIHL
делдалдарын ұсынады). Шапқыш
пышақтары дұрыс қайралмаған кезде
(қайрау бұрышы дұрыс емес, теңсіздік
жəне т.б.) құрылғының жұмысы
нашарлайды.
Қайрау бойынша нұсқаулық
● Шапқыш пышағын шығарып алыңыз.
(
12.6)
● Шапқыш пышақтарын өткірлеу
барысында, мысалы, сумен
салқындату қажет.
Көк түс пайда болмауы керек,
əйтпесе жарамдылық мерзімі
қысқара түседі.
● Тепе-теңдіктің жоқтығына
байланысты дірілді болдырмау үшін,
шапқыш пышағын түзу ұстаңыз.
● Қайрау бұрышын 30° етіп сақтаңыз.
● Тозудың шегін (
12.5) сақтаңыз.
12.8 Сақтау (қысқы қаңтарылу
кезеңінде)
Көгалшапқышты құрғақ, жабық əрі
шаңсыз жерде сақтаңыз. Үй-жайда
балалардың əрекет қашықтығы жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Көгалшапқышты тек техникалық қауіпсіз
жерде ғана ұстауға болады, қажет
болған жағдайда меңгерікті қайырып
тастаңыз.
Барлық гайкалар, бұрандалар мен
бұрандамалар жақсы тартылуы тиіс,
құрылғыдағы өшіріліп қалған
сақтандыру жазуларын жаңартыңыз,
оны тозу мен бұзылу нышандарына
тексеріңіз. Тозған немесе бұзылған
бөлшектерді ауыстырыңыз.
Əдетте, табылған ақауларды
құрылғыны сақтауға қояр алдында
жояды.
0478 121 9919 A - KK