CST/BERGER RL25H Notice Originale page 330

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 45
ротациялық лазердің пайдалану нұсқаулығын қараңыз)
тікелей бағыттауда жететін етіп реттеңіз. Егер басқару
құрылғысы қабылдау линзасына тікелей бағытталмайтын
болса жұмыс аймағы қысқарады. Сигнал қайтарулары
(мысалы, қабырғада) арқылы тікелей келмеген сигналдар
жағдайында да жету қашықтығын жақсарту мүмкін.
Басқару құрылғысындағы түймешені басып пайдалану
көрсеткішінің 54 жануы сигнал жіберілгенін көрсетеді.
Ротациялық лазерді басқару құрылғысымен қосу/өшіру
мүмкін емес.
Пайдалану түрлері
Ротациялық лазер мен басқару құрылғысында бар пернелер
функциялары бірдей. Күту функциясынан басқа, басқару
құрылғысымен ротациялық лазердің ешқандай функциясын
басқару мүмкін емес.
Мысал: Ротациялық жұмыс пернесі басылғанда ротациялық
лазер сызықтық жұмыстан ротациялық жұмысқа ауысады.
Бұл ротациялық жұмыс пернесі ротациялық лазерде не
басқару құрылғысында басылуынан байланысты емес ретте
орындалады. Ротациялық лазерде түрлі ротация
жылдамдықтары болмаса, онда ротациялық жылдамдықты
басқару құрылғысымен да өзгертіп болмайды.
Шок ескерту функциясын басқару құрылғысымен басқару
мүмкін емес.
Ротациялық лазердің функциялары туралы қосымша
ақпаратты ротациялық лазердің пайдалану нұсқаулығында
табасыз.
Күту жұмысы жұмыс түрін сақтаумен
Ротациялық лазерді максималды 2 сағатқа күту режиміне
өткзіу мүмкін. Ол үшін басқару құрылғысында күту пернесін
53 басыңыз. Ротация, лазер және ротациялық лазердің
барлық индикаторлары, нивелирлеу индикаторынан басқа,
өшіп реттелген жұмыс түрі сақталады. Күту жұмысын тек
басқару құрылғысының көмегімен іске қосу мүмкін.
– Басқару құрылғысында кез келген пернені басып,
ротациялық лазерді сақталған жұмыс түрінде қайта іске
қосыңыз.
Ротациялық, сызықтық және нүктелік жұмыс
Ротациялық жұмыс пернесін 61 басып сызықтық жұмыстан
ротациялық жұмысқа ауыстыру мүмкін немесе ротация
жылдамдығын сатылы ретте тоқтағанша (нүктелік жұмыс)
ақырындату мүмкін.
Сызықтық жұмыс пернесін 55 басып ротациялық жұмыстан
сызықтық жұмысқа ауыстырып тесік бұрышын сатылы ретте
үлкейту мүмкін.
Лазер нүктесін/лазер сызығын ротация дейгейінде бұрау
Лазер нүктесін немесе лазер сызығын ротациялық
жазықтықта 360° сатылы ретте бұрау мүмкін. Сағат тілімен
бұрау үшін 57 пернесін, ал сағат тіліне қарсы бұрау үшін 59
пернесін басыңыз. Пернелер ұзақ басылса ротациялық бас
керекті бағытта әрекетін жылдамдатады.
Бір осьтік еңістегі жұмыс/Ротациялық жазықтықты
вертикалды күйде теңестіріңіз
Ротациялық лазердің күйіне байланысты жоғары 63, төмен
58, оңға 56 және солға 60 бағыт пернелерін басып X немесе
Y осінен бұраңыз.
800.561.8187
330 | Қазақша
Ол үшін алдымен бір осьтік еңіс жұмысы пернесін 62
басыңыз.
Ротациялық лазердің горизонталды күйінде ротациялық
жазықтықты жоғары 63 мен төмен 58 бағыт пернелерін X
осімен бұраңыз.
Ротациялық лазердің вертикалды күйінде ротациялық
жазықтықты оңға 56 мен солға 60 бағыт пернесімен Y осінен
бұрау мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
– Басқару құрылғысын әрдайымн таза ұстаңыз.
– Басқару құрылғысын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
– Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде басқару құрылғысының зауыттық
тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық
мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп
бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Басқару құрылғысын, оның жабдықтары мен орамасын
қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру
қажет.
Басқару құрылғысы мен аккумуляторлар/батареяларды үй
қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
www.
.com
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша
жарамсыз электр құралдары және Еуропа
2006/66/EC ережесі бойынша
зақымдалған немесе ескі
аккумулятор/батареялар бөлек жиналып,
кәдеге жаратылуы қажет.
information@itm.co
2 609 141 178 • 2.4.14

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Rl25hvRd5Rm7Chnm1

Table des Matières