Télécharger Imprimer la page

Kärcher B 60 C Classic Mode D'emploi page 84

Masquer les pouces Voir aussi pour B 60 C Classic:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
Бұйымыңызды алғашқы
қолдану алдында пайдалану
нұсқауын мұқият оқып шығыңыз,
нұсқауларды орындап, кейінгі
пайдалану үшін немесе осы бұйымды
кейін пайдаланатын тұлғалар үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
– Бұйымдағы ескерту жəне нұсқау
белгілер маңызды бұйымды қауіпсіз
қолдану үшін нұсқауларды береді.
– Пайдалану нұсқауындағы
ережелермен қоса, жалпы заңды
қауіпсіздік жəне жазатайым оқиғаны
алдын алу талаптарын сақатаған жөн.
– Қаптама қағазын балалардан аулақ
ұстаңыз, тұншығып қалу қаупі бар!
Қауіп деңгейі
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып
соғатын тікелей түрде түсе алатын
тəуекелге нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып
соғатын ықтимал қауіпті жағдайларға
нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын
ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Бұйымдағы белгілер
АБАЙЛАҢЫЗ
Қысылу жəне кесілу қаупі,
бұйым мен тазалағыш
бастиек арасында
ұстамаңыз.
Қолдану
ҚАУІП
– Төмен температурасы кезінде
бұйымдардың далада ашық аспан
астында қолдануға болмайды.
– Тек өндіруші ұсынған жуу
құралдарын қолданған жөн, сонымен
қатар қолдану нұсқаулығын,
қалдықтарды жою мен жуу
құралының өндірушісінен берілген
ескертулерді қадағалау керек.
– Ұсынылатын тазалау бұйымдарды
ерітілмеген түрде қолдануға
болмайды. Өнімдер пайдалану үшін
қауіпсіз, себебі олардың құрамында
қышқылдар, сілтілер мен экология
үшін зиянды заттар жоқ. Біз тазалау
бұйымдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтауды
ұсынамыз. Тазалау бұйымдары көзге
тиген жағдайда дереу мұқият сумен
шайыңыз жəне жұтылған жағдайда
дереу дəрігердің көмегіне жүгініңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
– Кір суды жəне сілтілерді кəдеге
жаратқан кезде қолданыстағы
ережелерді орындау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
– Бұйымды аяздан сақтаңыз.
84
Қолдану
ҚАУІП
– Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдану керек.
Бұйыммен жұмыс істеу кезінде
жергілікті ерекшеліктерге назар
аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды, əсіресе балаларды,
ескеруі қажет.
– Бұйым жұмыс істеген кезінде
əрқашан еселі қолғабын киіңіз.
– Бұйымды инструктаждан өткен,
бұйымды қолдануға жүйріктік бар
жəне белгілі бұйымды қолдануға
бұйрықты алған адамдар ғана
қолдануы мүмкін.
– Балаларға немесе нұсқау
берілгенжоқ адамдарға бұл бұйымды
пайдалануға болмайды.
– Дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері
шектеулі немесе тəжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар бақылау
астында немесе бұйымды қауіпсіз
қолдану туралы нұсқау алғанда
жəне оған қатысты тəуекелдерді
түсінген жағдайда ғана бұл
бұйымды қолдана алады.
– Бұйыммен ойнауға жол бермеу үшін,
бұйым жанындағы балаларды
бақылап отыру лазым.
Жөндеу
ҚАУІП
– Жөндеу жұмыстар тек қана осы
жұмыстар үшін рұқсаты бар
арнайы сервистік қызмет көрсету
орны немесе тиісті қауіпсіздік
нұсқауларымен таныс болған, осы
саланың мамандар арқылы
ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Бұйым керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері
ҚАУІП
Бұйым шығарушысы тарапынан
рұқсат етілген ғана керек-жарақтары
мен қосалқы бөлшектерінің
қолданылуы тиіс. Бұйым шығарушысы
шығарған түпкі керек-жарақтары мен
түпкі қосалқы бөлшектерін
қолданылғанында бұйымның кедергісіз
жұмыс істеуі үшін кепілдеме беріледі.
Бұйымды мақсатына
сəйкес қолдану
Бұл бұйымды тек осы пайдалану
нұсқаулығындағы мəліметтерге сəйкес
қолданыңыз.
– Бұйым тек ылғалға сезімтал емес
жəне тегістеуге сезімтал емес қатты
қабаттарды тазалау үшін
пайдаланылуы тиіс.
Жұмыс температуралар диапазоны
+5°C жəне +40°C аралығында
болады.
– Бұйым мұздатылған беттерді
(мысалы, тоңазытқышта) тазалауға
арналмаған.
– Бұйымды тек түпнұсқа керек-
жарақтармен жəне қосалқы
бөлшектермен пайдалануға болады.
1
-
KK
– Бұйым ішкі аймақтағы қуыссыз,
құрылымдалмаған едендерді немесе
жабылған беттерді тазалау үшін
əзірленген.
– Бұйым ашық жолдарды тазалауға
арналмаған.
– Бұйым жарылыс қаупі бар қоршаған
орталарда пайдаланылуға
арналмаған.
Функция
– Таза су багынан тазалағыш
ерітіндінің реттелмелі мөлшері
тазалағыш бастиек арқылы астыңғы
бетке қолданылады.
– Тазалағыш бастиекке орнатылған
төсем жəне тоқусыз материал
тазалағыш ерітіндімен бірге еденнен
кірді кетіреді.
– Кір су резеңке ысқышпен жиналып,
кір су багына сорылады.
– Бұйымның жетегі күшпен іске қосылады.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдар екінші рет
өңдеуге жарамды. Орауыштарды
үй қоқысымен бірге кəдеге
жаратпаңыз, оларды қайта өңдеу
үшін бөлек лақтырыңыз.
Ескі бұйымдарда бағалы, қайта
өңдеуге болатын материалдар
бар. Батареялар, жанармай жəне
ұқсас заттар қоршаған ортаға
түспеуі тиіс. Сондықтан ескі
бұйымдарды арнайы жинақтау
жүйелері арқылы қайта өңдеңіз.
Құрамындағы заттар туралы
анықтамалар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы
соңғы мағлұматтарды астыда көрсетілген
интернет беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Басқару элементтері
1-сурет, сыртқы бетті қараңыз
1 Тазалағыш ерітінді мөлшері
2 Қақпақ, таза су багының толтыру
саңылауы
3 Тасымалдауға арналған таспа
бағыттауышы
4 Тазалау бұйымдарына арналған
баллон ұстағышы
5 Итеру қапсырма
6 Итеру қапсырмасының жұлдызшалы
тұтқасы
7 Тазалағыш бастиек
8 Сыпырғы ұстағышы
9 Кір су багының қақпағы
10 Кір суды шығару құбыры
11 Кір су багы
12 Төсем
13 Тоқусыз материал
14 Сорғыш келте құбыр
15 Резеңке ысқыш
16 Тазалағыш бастиектің жұлдызшалы
тұтқасы
17 Тазалағыш бастиектің ұстағышы
18 Жетекші дөңгелек
19 Толтыру деңгейінің индикаторы/таза
су төгу құбыры

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

B 10 c classic