198 | Қазақ
Ротациялық лазермен жұмыс істеу бойынша
нұсқаулар
Әрдайым тек лазер сызығының орталығын
u
пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен
өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (38) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (38)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін
ұсынады. Өлшеу құралын 5/8 дюймдік штатив
бекіткішімен (13) штативтің (31) ирек оймасына
орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі бекіткіш
бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік
өзгерісін тікелей реттеуге болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу (D
суретін қараңыз)
Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу
үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы
(32) пайдалануға кеңес беріледі.
Өлшегіш рейканың (32) үстінде салыстырмалы өлшем
шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың
астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты
биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу
бойынша нұсқаулар
Ватерпаспен туралау
Ватерпастың (26) көмегімен лазер қабылдағышын тігінен
(перпендикуляр бойынша) туралауға болады. Қисық
1 609 92A 5S3 | (09.09.2020)
қойылған лазер қабылдағышы өлшеу қателерін
тудырады.
Белгілеу
Лазер қабылдағышының оң және сол жағындағы орта
белгісінде (23) қабылдау өрісінің (24) ортасынан өтетін
лазер сәулесінің орналасуын белгілеуге болады.
Орта белгісі өлшеу құралының жоғарғы жиегінен 45 мм
қашықтықта орналасқан.
Лазер қабылдағышының белгілеу кезінде дәл тігінен
(көлденең лазер сәулесінде) немесе көлденеңінен (тік
лазер сәулесінде) туралануын қамтамасыз етіңіз, әйтпесе
белгілер лазер сәулесінен жылжып кетеді.
Ұстағышпен бекіту (B суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ұстағыштың (35) көмегімен
өлшегіш рейкаға (32) (керек-жарақ) да, макс. ені 65 мм
құрайтын басқа да көмекші құралдарға бекітуге болады.
Ұстағышты (35) бекіткіш бұрандамен (34) лазер
қабылдағышының артындағы бекіткішке (30) бұрап
бекітіңіз.
Ұстағыштың айналмалы түймесін (33) жіберіңіз,
ұстағышты, мысалы, өлшегіш рейкаға (32) жылжытып,
айналмалы түймені (33) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Ұстағыштағы анықтамалық ортаңғы сызық (36) ортаңғы
белгімен (23) бірдей биіктікте орналасқан және лазер
сәулесін белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Магнитпен бекіту (C суретін қараңыз)
Берік бекіту керек болмаса, лазер қабылдағышын
магниттердің (22) көмегімен болат бөліктерге бекітуге
болады.
Пайдалану мысалдары
Құрылыс шұңқырларының тереңдігін тексеру
(D суретін қараңыз)
Өлшеу құралын тұрақты бетке қойыңыз немесе
штативке (31) орнатыңыз.
Штативпен жұмыс істеу: лазер сәулесін қажетті биіктікке
дейін туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктік мәнін
көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Штативсіз жұмыс істеу: анықтамалық нүктедегі лазер
сәулесі мен биіктік арасындағы айырмашылықты
өлшеңіз. Мақсатты жердегі өлшенген биіктік
айырмашылығын көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Үлкен қашықтықта өлшеген кезде кедергі әсерлерін
азайту үшін өлшеу құралын әрдайым жұмыс бетінің
ортасына қойып, штативке орнату керек.
Тұрақты емес бетте жұмыс істеген кезде өлшеу құралын
штативке (31) монтаждаңыз. Жер қозғалыстары немесе
өлшеу құралында діріл орын алғанда, қате өлшеу
әрекеттерінің алдын алу үшін соққы туралы ескерту
функциясының қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools