Bosch GRL 400 H Professional Notice Originale page 197

Masquer les pouces Voir aussi pour GRL 400 H Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып
кетуінен болатын қателердің алдын алады.
Соққы туралы ескертуді іске қосу: өлшеу құралын
қосқаннан кейін, соққы туралы ескерту функциясы
әдепкі бойынша қосылып тұрады (соққы туралы ескерту
индикаторы (3) жасыл түспен жанады). Соққы туралы
ескерту өлшеу құралын қосқаннан кейін немесе соққы
туралы ескерту функциясын қосқаннан кейін шамамен
30 секунд жұмыс істейді.
Соққы туралы ескерту іске қосылды: өлшеу
құралының күйін өзгерткен кезде, нивелирлеу дәлдігінің
диапазонынан асырған немесе қатты діріл тіркелген
жағдайда, соққы туралы ескерту іске қосылады: лазердің
айналуы тоқтап, лазер сәулесі жыпылықтайды да, күй
индикаторы (5) сөнеді және соққы туралы ескерту
индикаторы (3) қызыл түспен жыпылықтайды.
Соққы туралы ескерту іске қосылғанда, қосу/өшіру
түймесін (4) қысқаша басыңыз. Соққы туралы ескерту
функциясы қайтадан іске қосылып, өлшеу құралы
жұмысын нивелирлеу әрекетінен бастайды. Өлшеу
құралы нивелирленгеннен кейін (күй индикаторы (5)
үздіксіз жасыл түспен жанып тұады), ол автоматты түрде
ротациялық режимде іске қосылады.
Енді лазер сәулесінің анықтамалық нүктедегі позициясын
тексеріп, қажет болса, өлшеу құралының биіктігін
түзетіңіз.
Соққы туралы ескертудің іске қосылған күйінде функция
қосу/өшіру түймесін (4) басу арқылы қайта іске
қосылмаса, 2 минуттан кейін лазер, ал 2 сағаттан кейін
өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.
Соққы туралы ескерту функциясын өшіру: соққы
туралы ескерту функциясын өшіру немесе қосу үшін
қосу/өшіру түймесін (4) 3 секунд басыңыз. Соққы туралы
ескерту іске қосылғанда (соққы туралы ескерту
индикаторы (3) қызыл түспен жыпылықтайды), қосу/
өшіру түймесін алдымен бір рет қысқаша басып, содан
кейін қайтадан 3 секунд басыңыз. Соққы туралы ескерту
өшірулі болғанда, соққы туралы ескерту индикаторы (3)
сөнеді.
Соққы туралы ескерту функциясы қосылған болса, ол
шамамен 30 секундтан кейін іске қосылады.
Соққы туралы ескерту функциясының реттеуі өлшеу
құралы өшкенде жадта сақталады.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Ауытқулар шамамен 20 м қашықтықтан бастап маңызды
болып, 100 м қашықтықта 20 м ауытқудан екі еседен төрт
есеге дейін үлкен болуы мүмкін.
Bosch Power Tools
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте
қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу
қашықтығында тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің
екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз.
– Өлшеу құралын қабырғадан 30 м арақашықтықта
штативке монтаждаңыз немесе оны берік әрі тегіс
бетке қойыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.
30 m
– Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына
бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ
нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің
Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d
айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының
дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін
өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
ауытқу:
30 м × ±0,08 мм/м = ±2,4 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ
нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу
әрекетінің әрқайсысында ең көбі 4,8 мм болуы керек.
Қазақ | 197
180°
1 609 92A 5S3 | (09.09.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 400 lr 1 professional

Table des Matières