Bosch GRL 400 H Professional Notice Originale page 195

Masquer les pouces Voir aussi pour GRL 400 H Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
Батарея бөлімі қақпағының ысырмасын (18) сыртқа
тартып, батарея бөлімінің қақпағын (29) ашыңыз.
Батареяны енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея туралы ескерту (b) алғаш рет дисплейде (25)
пайда болса, лазер қабылдағышын тағы шамамен 3 сағат
пайдалануға болады.
Лазер қабылдағышын ұзақ уақыт
u
пайдаланбасаңыз, одан батареяны шығарып
алыңыз. Лазер қабылдағышында ұзақ уақыт сақтауда
жатқан батареяны тот басуы және оның заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Өлшеу құралы мен лазер қабылдағышын ылғалдан
u
және тікелей күн сәулелерінен қорғаңыз.
Өлшеу құралы мен лазер қабылдағышын айрықша
u
температуралардан немесе температураның
шұғыл өзгерістерінен қорғаңыз. Оны, мысалы,
автомобильде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Температура өзгерістері өте шұғыл болғанда, алдымен
өлшеу құралы мен лазер қабылдағышының
температурасын бейімдеңіз. Өлшеу құралымен жұмыс
істеуді жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік
тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының
дәлдігін тексеру", Бет 197).
Айрықша температуралар немесе температураның
шұғыл өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралы
мен лазер қабылдағышының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 197).
Жұмыс аймағын лазер сәулесін қайтаруы немесе
u
оған кедергі келтіруі мүмкін бөгеттерден таза
ұстаңыз. Мысалы, қайтарғыш немесе жылтыр
беттердің үстін жауып қойыңыз. Шыны әйнектер
немесе ұқсас материалдар арқылы өлшемеңіз.
Лазер сәулесі қайтарылған немесе оған кедергі
келтірілген жағдайда, өлшеу нәтижелері қате болуы
мүмкін.
Ротациялық лазерді қолданысқа енгізу
Өлшеу құралын орнату
Өлшеу құралын көлденең
күйде тұрақты бетке
қойыңыз немесе
штативке (31) орнатыңыз.
Жоғары нивелирлеу дәлдігіне байланысты өлшеу құралы
дірілге және күй өзгерістеріне өте сезімтал жауап
қайтарады. Сондықтан қосымша нивелирлеу себебінен
Bosch Power Tools
болатын жұмыс үзілістерінің алдын алу үшін өлшеу
құралының тұрақты күйіне көз жеткізіңіз.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (4)
басыңыз. Барлық индикаторлар қысқа уақытқа жанады.
Өлшеу құралы шығару саңылауынан (1) айнымалы лазер
сәулесін (2) шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралы автоматты түрде нивелирдеу әрекетін
бірден бастайды. Нивелирлеу кезінде күй индикаторы (5)
жасыл түспен жыпылықтап, лазер айналмай
жыпылықтайды.
Күй индикаторы (5) үздіксіз жасыл түспен жанып, лазер
үздіксіз жанып тұрғанда, бұл өлшеу құралының
нивелирленгенін білдіреді. Нивелирлеу аяқталғаннан
кейін, өлшеу құралы автоматты түрде ротациялық жұмыс
режимінде іске қосылады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралы тұрақты айналу жылдамдығымен
ротациялық режимде ғана жұмыс істейді, бұл режим
лазер қабылдағышын пайдалануға да жарамды.
Әдепкі бойынша соққы туралы ескерту функциясы
автоматты түрде қосылып тұрады, соққы туралы ескерту
функциясының индикаторы (3) жасыл түспен жанып
тұрады.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (4)
қысқаша басыңыз. Соққы туралы ескерту іске
қосылғанда (соққы туралы ескерту функциясының
индикаторы (3) қызыл түспен жыпылықтайды), қосу/
өшіру түймесін соққы туралы ескерту функциясын қайта
қосу үшін бір рет қысқаша басып, содан кейін өлшеу
құралын өшіру үшін қайтадан қысқаша басыңыз.
Өлшеу құралы 2 сағаттан ұзақ өздігінен нивелирлеу
аймағынан тыс болса немесе соққы туралы ескерту
2 сағаттан ұзақ жұмыс істеп тұрса, өлшеу құралы
батареяларды немесе аккумуляторларды қорғау үшін
автоматты түрде өшіп қалады. Өлшеу құралын жаңадан
орналастырып, қайта қосыңыз.
Лазер қабылдағышын қолданысқа енгізу
Лазер қабылдағышын орнату (A суретін қараңыз)
Лазер қабылдағышын ротациялық лазерден
кемінде 0,5 м алшақ орнатыңыз. Бірнеше жұмыс режимі
бар ротациялық лазерлерде ең жоғары айналу
жылдамдығымен көлденең немесе тік жұмыс режимін
таңдаңыз.
Лазер қабылдағышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне
(24) жететіндей етіп орналастырыңыз. Оны лазер сәулесі
қабылдау өрісінен көлденеңінен өтетіндей етіп туралаңыз
(суретте көрсетілгендей).
Қазақ | 195
1 609 92A 5S3 | (09.09.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 400 lr 1 professional

Table des Matières