Bosch GRL 400 H Professional Notice Originale page 196

Masquer les pouces Voir aussi pour GRL 400 H Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
196 | Қазақ
Қосу/өшіру
Лазер қабылдағышын қосқан кезде, дыбыстық
u
сигнал шығады. Сондықтан лазер қабылдағышын
қосқан кезде құлақтан немесе басқа адамдардан
алшақ ұстаңыз. Қатты дыбыс есту қабілетін
зақымдауы мүмкін.
Лазер қабылдағышын қосу үшін қосу/өшіру
түймесін (19) басыңыз. Барлық дисплей индикаторлары
қысқа мерзімге жанады және екі дыбыстық сигнал
беріледі.
Лазер қабылдағышы қосылғаннан кейін, әрдайым
"орташа" қабылдау дәлдігі орнатылып, дыбыстық сигнал
өшіп қалады.
Лазер қабылдағышын өшіру үшін қосу/өшіру
түймесін (19) қайтадан басыңыз.
Егер шамамен 10 мин ішінде лазер қабылдағышында
ешбір түйме басылмай, қабылдау өрісіне (24) 10 мин
ішінде ешбір лазер сәулесі түспесе, лазер қабылдағышы
батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты түрде өшеді.
Өшіру әрекеті дыбыстық сигнал арқылы көрсетіледі.
Ортаңғы сызық индикаторының реттеуін таңдау
Қабылдау дәлдігін реттеу түймесінің (20) көмегімен
лазер қабылдағышының қабылдау өрісіндегі позициясы
қандай дәлдікпен "орташа" ретінде көрсетілетінін
анықтауға болады:
– "дәл" өлшеу дәлдігі (дисплейдегі (f) индикаторы),
– "орташа" өлшеу дәлдігі (дисплейдегі (a) индикаторы).
Дәлдік реттеуін әр өзгерткен сайын, дыбыстық сигнал
беріледі.
Бағыт индикаторлары
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (24) орналасуы
осылайша көрсетіледі:
– лазер қабылдағышының алдыңғы мен артқы
жағындағы дисплейде (25) "Ортаңғы сызық астындағы
лазер сәулесі" бағыт индикаторы (c), "Ортаңғы сызық
үстіндегі лазер сәулесі" бағыт индикаторы (g) немесе
ортаңғы сызық индикаторы (e) арқылы,
– сондай-ақ дыбыстық сигнал (қараңыз „Лазер сәулесін
белгілеу үшін сигналдық дыбыс", Бет 196) арқылы.
Лазер қабылдағышы тым төмен: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (24) жоғарғы бөлігінен өтсе,
дисплейде "Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген
бағыт индикаторы (g) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал баяу ырғақпен
беріледі.
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен жоғары қарай
жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде,
"Ортаңғы сызық үстіндегі лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (g) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы тым жоғары: лазер сәулесі
қабылдау өрісінің (24) астыңғы бөлігінен өтсе, дисплейде
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторы (c) жанады.
Дыбыстық сигнал қосулы болса, сигнал жылдам
ырғақпен беріледі.
1 609 92A 5S3 | (09.09.2020)
Лазер қабылдағышын көрсеткі бағытымен төмен қарай
жылжытыңыз. Ортаңғы сызыққа жақындаған кезде,
"Ортаңғы сызық астындағы лазер сәулесі" деген бағыт
индикаторының (c) ұштығы ғана көрсетіледі.
Лазер қабылдағышы ортада: лазер сәулесі қабылдау
өрісінен (24) орта белгісі (23) биіктігінде өтсе,
дисплейде ортаңғы сызық индикаторы (e) пайда болады.
Сигнал қосулы болса, үздіксіз дыбыс шығарылады.
Лазер сәулесін белгілеу үшін сигналдық дыбыс
Лазер сәулесінің қабылдау өрісіндегі (24) орналасуы
сигналдық дыбыс арқылы белгіленуі мүмкін.
Дыбыстық сигналды екі түрлі дыбыс деңгейінде қосуға
болады.
Дыбыстық сигналды қосу немесе ауыстыру үшін
дыбыстық сигнал түймесін (21) дисплейде қалаулы
дыбыс деңгейі көрсетілгенше басыңыз. Орташа дыбыс
деңгейінде дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (d)
жыпылықтайды, жоғары дыбыс деңгейінде дыбыстық
сигнал индикаторы үздіксіз жанып тұады, ал дыбыстық
сигнал өшірулі болғанда сөнеді.
Нивелирлеу автоматикасы
Шолу
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең күйді
тексеріп, шамамен ± 8 % (± 4,6°) өздігінен нивелирлеу
аймағының аясында бұдырлылықты автоматты түрде
түзетеді.
Нивелирлеу кезінде күй индикаторы (5) жасыл түспен
жыпылықтап, лазер айналмай жыпылықтайды.
Күй индикаторы (5) үздіксіз жасыл түспен жанып, лазер
үздіксіз жанып тұрғанда, бұл өлшеу құралының
нивелирленгенін білдіреді. Нивелирлеу аяқталғаннан
кейін, өлшеу құралы автоматты түрде ротациялық жұмыс
режимінде іске қосылады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін немесе күйді
өзгерткеннен кейін 8 % шамасынан артық қисық тұрса,
ниверлирлеу әрекетін бұдан былай орындау мүмкін
болмайды. Бұл жағдайда ротор тоқтап, лазер
жыпылықтайды да, күй индикаторы (5) үздіксіз қызыл
түспен жанып тұрады.
Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, нивелирлеу
орындалғанша күте тұрыңыз. Жаңадан орналастыру
орындалмаса, 2 минуттан кейін лазер, ал 2 сағаттан кейін
өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін жүйелі түрде
көлденең күйді тексереді. Күй өзгергенде, қосымша
нивелирлеу автоматты түрде орындалады. Қате өлшеу
әрекетінің алдын алу үшін, нивелирлеу барысында ротор
тоқтап, лазер жыпылықтайды да, күй индикаторы (5)
жасыл түспен жыпылықтайды.
Соққы туралы ескерту функциясы
Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар.
Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе
тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген
жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 400 lr 1 professional

Table des Matières