Bosch GLL 3-80 C Professional Notice Originale page 180

Masquer les pouces Voir aussi pour GLL 3-80 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
OBJ_BUCH-3106-001.book Page 180 Friday, June 2, 2017 10:18 AM
180 | Қaзақша
±4° тұрса лазер сызықтары үздіксіз жанып, сигнал
дыбысы өшеді.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеуден соң қателердің алдын алу үшін көлденең
немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге
салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті 16 "
On" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу
автоматикасы өшірулі болғанда 4 көрсеткісі қызыл түсте
жанып, лазер сызықтары жай жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Лазер
сызықтары бір біріне тік ретте болмайды.
"Levelling Remote App" арқылы қашықтан
басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол
радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі
арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл функцияны пайдалану үшін "Levelling Remote App"
бағдарламасы керек болады. Бұл соңғы құрылғыға
байланысты тисті App-Store-дан (Apple App Store, Google
Play Store) жүктеп алуға болады.
Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік
алғышарттар туралы Bosch интернет сайтында төмендегі
мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы
құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау
шарттары пайда болады.
Bluetooth® қосу
Bluetooth® қашықтан басқару үшін қосу үшін Bluetooth®
пернесін 9 басыңыз. Bluetooth® ұясы мобильді
құрылғыңызда белсенді болуын қамтамасыз етіңіз.
Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильды
құралмен өлшеу құралы арасында байланыс жасалады.
Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса керекті өлшеу
құралын таңдаңыз. Егер белсенді өлшеу құралы табылса
байланыс автоматты ретте жасалады.
Bluetooth® көрсеткісі 8 жанғанда байланыс бар болады.
Bluetooth® байланысы өлшеу құралы мен мобильді соңғы
құрылғы арасындағы ұзақ қашықтық немесе кедергі және
электрмагниттік ақаулық көздері себебінен үзілуі мүмкін.
Бұл жағдайда Bluetooth® көрсеткісі жыпылықтайды.
Bluetooth® өшіру
Bluetooth® қашықтан басқару үшін өшіру үшін Bluetooth®
түймешігін 9 басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.
CAL guard калибрлеу ескертуі
CAL guard калибрлеу ескертуі өлшеу құралының күйін
бақылайды ол өшік болса да. Егер өлшеу құралы аккуму-
лятор немесе батарея арқылы энергия жабдықтауысыз
болса, ішкі энергия сақтағышы 72 сағат ішінде сенсорлар
ырқылы үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.
1 609 92A 3PX | (2.6.17)
Сенсорлар өлшеу құралының алғашқы іске қосылуымен
белсендіріледі.
Калибрлеу ескертуінің іске қосылуы
Төмендегі оқиғалар біреуі пайда болса, CAL guard
калибрлеу ескертуі іске қосылып 3 көрсеткіші қызыл түсте
жанады:
– Калибрлеу аралығы (әр 12 ай) өтті.
– Өлшеу құралы сақтау температурасы аймағынан тыс
сақталып тұр.
– Өлшеу құралы қатты қағылған (мысалы, құлап еденге
қағылғанда).
"Levelling Remote App" бағдарламасында оқиғалардың
қайсысы калибрлеу ескертуін іске қосқанын көруге
болады. Бағдарламасыз себеп айқындалмайды, CAL guard
3 көрсеткішінің жануы тек нивелирлеу дәлдігін тексеру
керектігін білдіреді.
Ескерту іске қосылғаннан соң CAL guard 3 көрсеткіші
нивелирлеу дәлдігі тексеріліп көрсеткіші өшірілгенше
жанады.
Калибрлеу ескертуі іске қосылғаннан соң жасалатын
әрекеттер
Өлшеу құралының нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз ("Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру" 180 бетінде қараңыз).
Егер максималдық ауытқу ешбір тексеруде өтілмесе, онда
CAL guard 3 көрсеткішін өшіріңіз. Ол үшін қабылдағыш ре-
жим 5 пернесі мен Bluetooth® пернесі 9 бір уақытта ке-
мінде 3 сек басып тұрыңыз. CAL guard 3 көрсеткіші өшеді.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималды ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының нивелирлеу
дәлдігін, сосын тік лазер сызықтарының нивелирлеу
дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималды ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Көлденең осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен
B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының қасында штативке
немесе қатты тегіс табанда орнатыңыз. Өлшеу құралын
нивелирлеу автоматикасымен қосыңыз. Көлденең
лазер жазықтығы мен тік лазер жазықтығы өлшеу
құралы алдында жасалатын жұмыс түрін таңдаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gll 3-80 cg professional

Table des Matières