Bosch GLL 3-80 C Professional Notice Originale page 176

Masquer les pouces Voir aussi pour GLL 3-80 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
OBJ_BUCH-3106-001.book Page 176 Friday, June 2, 2017 10:18 AM
176 | Қaзақша
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанар май
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Bluetooth ® сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH
арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады.
1 609 92A 3PX | (2.6.17)
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және
тексеруге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Лазер сәулесінің шығыс тесігі
2 Аккумуляторлар/батареялар заряд күйі
3 CAL guard көрсеткіші
4 Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
индикаторы
5 Қабылдағыш режим пернесі
6 Қабылдағыш режим көрсеткіші
7 Лазер жұмыс түріне арналған түймешік
8 Bluetooth® байланысы көрсеткіші
9 Bluetooth® пернесі
10 Аккумулятор бөлімі
11 Батарея адаптерінің орамы*
12 Батареялар*
13 Аккумулятор/батарея адаптерінің босату пернесі*
14 Батарея адаптерінің құлыптау қақпағы*
15 Аккумулятор*
16 Қосқыш/өшіргіш
17 Штатив патроны 1/4"
18 Штатив патроны 5/8"
19 Сериялық нөмір
20 Лазер ескерту тақтасы
21 Түймешікті ұяшық
22 Кіші батарея ұстағышы
23 Кіші батарея бөлімшесі
24 Әмбебап ұстағыш*
25 Айналатын платформа*
26 Лазер қабылдауышы*
27 Лазер нысандық тақтасы*
28 Лазер көру көзілдірігі*
29 Қорғайтын қалта*
30 Таған*
31 Телескоптық қарнақ*
32 Шабадан*
33 Ішпек*
* Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gll 3-80 cg professional

Table des Matières