Қауіпсіздік нышандары
Бұл пайдалану нұсқаулығындағы және өнімдегі қауіпсіздік нышандары және белгі сөздер маңызды қауіпсіздік ақпаратын жеткізу үшін
пайдаланылады. Бұл бөлім осы белгі сөздер мен нышандарды жете түсіну үшін берілген.
Бұл қауіпсіздік ескертуі нышаны болып табылады. Бұл сізге ықтимал дене жарақаты қауіптері жөнінде ескерту жасау үшін пайдаланылады.
Ықтимал жарақаттың немесе өлімнің алдын алу үшін осы нышанда берілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
ҚАУІП
ҚАУІП алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
ЕСКЕРТПЕ
ЕСКЕРТПЕ мүлікті қорғауға қатысты ақпаратты білдіреді.
Бұл нышан жарақат алу қаупін азайту үшін жабдықты
пайдаланбас бұрын пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығуды білдіреді. Пайдалану нұсқаулығында жабдықты
қауіпсіз және тиісті түрде пайдалану туралы маңызды
ақпарат бар.
Бұл нышан жарақат алу қаупін азайту үшін осы жабдықты
пайдаланған кезде үнемі бүйір қалқалары бар қорғаныш
көзілдірігін немесе көзәйнекті кию керектігін білдіреді.
Бұл нышан қозғалғыш бөлік немесе басқа айналатын
бөліктерге немесе арасында саусақтың, қолдың, киімнің
және басқа заттардың ілініп қалу және езіп, жарақатқа әкелу
қаупін білдіреді.
Бұл нышан айналатын біліктерге саусақтың, аяқтың, киімнің
және басқа заттардың ілініп қалу және/немесе оралып қалып,
нәтижесінде езіліп қалу немесе соққы жарақатына әкелуі
мүмкін екенін білдіреді.
Бұл таңба электр тогының соғу қаупін көрсетеді.
Жалпы электр құралының
қауіпсіздік ескертулері*
ЕСКЕРТУ
Бұл электр құралымен берілген барлық қауіпсіздік
ескертулерін, нұсқауларын, суреттерін және сипаттамаларын
оқыңыз. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды
орындамау электр тогының соғуына, өртке және/немесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП
ҚОЙЫҢЫЗ!
Ескертудегі "электр құралы" термині желілік (сымды)
электр құралын немесе батареямен жұмыс істейтін
(сымсыз) электр құралын білдіреді.
Жұмыс аумағының қауіпсіздігі
• Жұмыс аумағын таза, әрі жарық ұстаңыз. Ыбырсытылған
немесе қараңғы орындар жазатайым оқиғаларға әкеледі.
* Осы нұсқаулықтың Жалпы электр жабдығы қауіпсіздігінің ескертулері бөліміндегі мәтін талапқа сәйкес қолданыстағы UL/CSA 62841-1 стандартынан дәлме-дәл
алынған. Бұл бөлімде электр құралдарының көптеген түрлеріне арналған жалпы қауіпсіздік әдістері бар. Әрбір сақтық шара әр құралға қолданыла бермейді және
кейбіреуі осы құралға қолданылмайды.
999-998-086.09_REV. C
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ алдын алмаған жағдайда кішігірім немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті
жағдайды білдіреді.
535 қол патронымен/
Бұл нышан құрылғының аударылып, соққы немесе езу
нәтижесінде жарақатқа әкелу қаупін білдіреді.
Бұл нышан шатысу қаупін азайту үшін осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолғап кимеу керектігін білдіреді.
Бұл таңба жарақат қаупін азайту үшін бұрандакесу
құрылғысын/электр жетегін пайдаланған кезде аяқ
қосқышын үнемі пайдалану керектігін білдіреді.
Бұл нышан жарақат қаупін азайту үшін аяқ қосқышын
ажыратпау керектігін білдіреді.
Бұл нышан жарақат қаупін азайту үшін аяқ қосқышын
(ҚОСУЛЫ күйде құлыптау) бұғаттамау керектігін білдіреді.
• Электр құралдарын жанғыш сұйықтықтар, газдар
немесе шаң бар жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз.
Электр құралдары шаң не түтінді тұтандыруы мүмкін
ұшқындарды түзейді.
• Электр жабдығын іске қосқан кезде балалар мен
жаныңыздағы адамдарды алшақ ұстаңыз. Назарыңызды
бөлу басқаруды жоғалтуыңызға әкелуі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
• Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі керек.
Ашаны қандай да бір жолмен түрлендірмеңіз. Адаптер
ашаларын жерге қосылған электр құралдарымен
пайдаланбаңыз. Түрлендірілмеген ашалар және сәйкес
келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
• Жерге қосылған не тұйықталған беттерді, мысалы,
құбырларды, радиаторларды, тізбектерді және
тоңазытқыштарды ұстамаңыз. Денеңіз жерге тиіп
тұрса, электр тогының соғу қаупі артады.
545