Télécharger Imprimer la page

Hilti SMT 6-22 Mode D'emploi page 365

Masquer les pouces Voir aussi pour SMT 6-22:

Publicité

Үздіксіз жылжыту және сәл қысым қолдану арқылы ажарлаңыз. Ұшымен ғана емес, бүкіл
ажарлау бетімен жұмыс істеңіз.
Тәрелкелі ажарлағыш дөңгелекті айналдырыңыз. Осылайша ажарлағыш төсем мен тәрелкелі
ажарлағыш дөңгелектің біркелкі тозуына қол жеткізесіз.
Қырнау
Құрама құралды төмен немесе орташа жылдамдық деңгейіне орнатып қойыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты материалды кетіру керек жерге орнатып қойыңыз.
Орташа қысыммен жұмыс істеңіз. Қысым тым қатты болғанда, астыңғы бет зақымдалуы
мүмкін.
Жіктерді кетіру
Жұмысты бастамас бұрын жіктің енін өлшеп, жарамды алмалы-салмалы аспапты таңдаңыз.
Құрама құралды орташа немесе жоғары жылдамдық деңгейіне орнатып қойыңыз.
Жік толтырғыш ерітіндіні қайтымды ілгерілеме қозғалыспен бірнеше жүріс арқылы кетіріңіз.
Алмалы-салмалы аспаптың жікпен тураланғанына көз жеткізіңіз және әрекет барысында
алмалы-салмалы аспапқа тым көп бүйірлік қысым түсірмеңіз.
Алмалы-салмалы аспаптың карбид түйіршіктенуін батыру тереңдігінің индикаторы ретінде
пайдаланыңыз.
сызығынан жоғары батырмаңыз.
Тереңдік шектегішін пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ
Алмалы-салмалы аспаптан жарақат алу және зақым келтіру қаупі бар. Тереңдік шектегіші
мен алмалы-салмалы аспап бір-біріне тиген жағдайда, тереңдік шектегіші және/немесе алмалы-
салмалы аспап зақымдалуы мүмкін.
Тереңдік шектегішін әрдайым алмалы-салмалы аспапқа тимейтіндей етіп реттеңіз.
Тереңдік шектегішінің көмегімен дайындама артындағы нысандарға немесе үстіңгі беттерге
зақым келтірмей батырып кескен кезде батыру тереңдігін бақылауға болады.
1.Бекіткіш манжетаны және тереңдік шектегішін монтаждаңыз.
Алмалы-салмалы аспап қиғаш орнатылған болса, бекіткіш манжетаны, тереңдік шектегіші
алмалы-салмалы аспаппен параллель тұрғанша бұраңыз. Қысқыш бұранданы қайтадан
мықтап тартыңыз.
2.Бекіткіш бұранданы босатыңыз.
3.Алмалы-салмалы аспап ұшы мен тереңдік шектегішінің ұшы арасындағы «X» қашықтығын
орнатыңыз.
4.Бекіткіш бұранданы тартыңыз.
Параллель тіректі пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ
Алмалы-салмалы аспаптан жарақат алу және зақым келтіру қаупі бар. Параллель тірек
пен алмалы-салмалы аспап бір-біріне тиген жағдайда, параллель тірек және/немесе алмалы-
салмалы аспап зақымдалуы мүмкін.
Параллель тіректі әрдайым алмалы-салмалы аспапқа тимейтіндей етіп реттеңіз.
Параллель тіректі кесікті бағыттау үшін немесе тереңдік шектегіші ретінде пайдалануға болады.
Параллель тіректі кесікті бағыттау үшін пайдалану
Параллель тіректі тік кесіктерді жиек бойымен параллель етіп жасау үшін пайдаланыңыз.
Қажет болса, пайдаланылатын қысқыштар құрама құралдың еркін қозғалуына кедергі
келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
*2381015*
Астыңғы беттің зақымдалуына жол бермеу үшін карбид түйіршіктенуінің
5
6
2381015
357
360

Publicité

loading