Télécharger Imprimer la page

Hilti SMT 6-22 Mode D'emploi page 357

Masquer les pouces Voir aussi pour SMT 6-22:

Publicité

Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі
бір сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен оның
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп
класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді
пайдалану немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті
шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер
жатады:
Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
Шаңды көз бен денеден алыстату,
Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
Жарыққа (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне тікелей
бағыттамаңыз.
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт
жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры
не жүйкесіне теріс әсер тиюі мүмкін.
Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт
қаупі туындайды!
Дайындаманы қысқыш немесе басқа құралдың көмегімен тұрақты астыңғы бетке бекітіп
тіркеңіз. Дайындаманы тек қана қолмен немесе денеңізге қысып ұстаған кезде, бақылау
мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларының
бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
жағдайда, өнімнің сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Өнімді тек құрғақ ажарлау мақсатында пайдаланыңыз. Электр құралға су тиюі нәтижесінде
электр тогының соғу қаупі артады.
Ылғалды материалдарды (мысалы, тұсқағаз) және ылғалды бетті қырнауға болмайды. Электр
құралға су тиюі нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Жұмыс ауданын құрамында еріткіш бар сұйықтықтармен өңдемеңіз.
дайындаманың қызып кетуінен улы бу пайда болуы мүмкін.
Қолыңызды аралау аймағынан алшақ ұстаңыз. Өңделетін бұйымды астынан ұстап алмаңыз.
Ара төсемімен жанасудан жарақат алу қаупі туындайды.
Өнімді әрдайым екі қолмен ұстап тұрыңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз. Өнім екі қолмен
ұсталған кезде сенімдірек жүргізіледі.
Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғаптарды киіңіз. Алмалы-салмалы аспап пайдалану
кезінде қызып, күйіп қалу қаупін тудырады.
Алмалы-салмалы аспапқа және/немесе құрал бекіткішіне жабысатын кірді, жоңқаны немесе
басқа бөгде заттарды кетіріңіз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап дұрыс тартылмайды.
Өнімді, ол жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз. Өнімді, алмалы-салмалы аспап
дайындамаға тимеген кезде ғана қосыңыз.
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін жасамаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды
қолданбаңыз. Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз
пайдалануға кепіл бермейді.
*2381015*
Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген
2381015
Қырнау кезіндегі
352

Publicité

loading