Télécharger Imprimer la page

Hilti SMT 6-22 Mode D'emploi page 362

Masquer les pouces Voir aussi pour SMT 6-22:

Publicité

Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Аккумуляторды зарядтау
1.Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2.Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3.Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде
бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1.Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2.Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3.Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
Аккумуляторды шығару
1.Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2.Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
Бекіткіш манжетаны және тереңдік шектегішін немесе параллель тіректі орнату
1.Бекіткіш манжетаның қысқыш бұрандасын тереңдік шектегішіндегі немесе параллель тіректегі
алты қырлы тетіктің көмегімен босатыңыз.
2.4 орналастыру бастиегін аспап мойнындағы ойықтармен туралап, бекіткіш манжетаны аспап
мойнына жылжытыңыз.
3.Бекіткіш манжетаны қажетті позицияға бұраңыз.
4.Қысқыш бұранданы мықтап тартыңыз.
5.Бекіткіш манжетаның бекіткіш бұрандасын босатыңыз.
6.Тереңдік шектегішін немесе параллель тіректі бекіткіш манжетаға кіргізіп, оны бекіткіш
бұрандамен бекітіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты енгізу
ЕСКЕРТУ
Рұқсат етілмеген алмалы-салмалы аспаптан жарақат алу қаупі бар. Жарамсыз алмалы-
салмалы аспаптар жұмыс барысында бұзылуы немесе өнімді бақылау мүмкіндігінен айырылуға
апарып соғуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспаптың ұйғарынды тербелістер саны кем дегенде өнімде берілген
максималды тербелістер санымен бірдей екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ
Алмалы-салмалы аспапты қате туралаудан жарақат алу қаупі бар. Алмалы-салмалы аспап
жұмыс кезінде ауыр кесілу жарақаттарына әкеледі.
Алмалы-салмалы аспапты ешқашан тұтқаға қарап тұратындай бағыттамаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі қыспа иінтіректің кері жүрісінен.
Қыспа иінтіректі жабу кезінде оның бақылаусыз кері жүрісін болдырмаңыз. Қыспа иінтіректі
берік ұстап тұрыңыз және оны абайлап жабыңыз.
STARLOCK MAX құрал бекіткіші STARLOCK PLUS және STARLOCK алмалы-салмалы
аспаптарымен үйлесімді.
357
3
354
2381015
*2381015*
2

Publicité

loading