Télécharger Imprimer la page

Hilti SMT 6-22 Mode D'emploi page 364

Masquer les pouces Voir aussi pour SMT 6-22:

Publicité

Қосу
Қосқыш/ажыратқышты алға жылжытыңыз.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұр.
Өшіру
Ажыратқышты артқа жылжытыңыз.
Қозғалтқыш тоқтап қалады.
Жылдамдық деңгейін реттеу
ЕСКЕРТУ
Жылдамдық деңгейін жүктеме астында реттеу нәтижесінде жарақат алу қаупі туындайды.
Өнімді бақылау мүмкіндігінен айырылу.
Жылдамдық деңгейін, өнім өшірулі немесе бос жүріс күйінде болғанда ғана реттеуге болады.
Жылдамдық деңгейін бос жүріс күйінде реттеу кезінде өнімді тұтқасынан берік ұстаңыз.
Өнімде 6 жылдамдық деңгейі бар, оларды + және - түймелерінің көмегімен реттеуге болады.
Жылдамдық деңгейін өнімді қоспас бұрын немесе өнімнің жұмыс барысында реттеуге болады.
Жарық диодтары ағымдағы жылдамдық деңгейін көрсетеді.
Өнімнің өшірулі күйінде реттеу
+ немесе - түймесін басыңыз.
Жылдамдық деңгейлерінің индикаторы іске қосылып, ағымдағы уақытта реттелген деңгейді
көрсетеді.
+ / - түймелерінің көмегімен жылдамдық деңгейін реттеп шығыңыз.
Жылдамдық деңгейлерінің индикаторы 15 секундтан кейін ажыратылады.
Реттелген жылдамдық деңгейі жадқа сақталады.
Өнімнің қосулы күйінде реттеу
+ / - түймелерінің көмегімен жылдамдық деңгейін реттеп шығыңыз.
Жылдамдық деңгейі реттеліп, өнімді өшірген кезіңізде жадта сақталып тұрады.
Құрама құралмен жұмыс істеу
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу және зақымдалу қаупі. Деформацияланған, дөкір немесе өзге жолмен зақым-
далған алмалы-салмалы аспаптар сынуы және жарақат тигізуі немесе мүлікке залал келтіруі
мүмкін.
Тозған немесе зақымдалған алмалы-салмалы аспаптарды қолданбаңыз.
Құрама құрал алуан түрлі тапсырмаларды орындауға арналған. Орнатылған алмалы-салмалы
аспапқа байланысты өнімді аралау, ажарлау, қырнау немесе жіктерді кетіру үшін пайдалануға
болады.
Кесу
Батырмалы ара төсемдері тар жерлерде, жиектерге жақын немесе үстіңгі бетпен бір сызықта
дәл кесіктер жасау үшін мінсіз болып табылады.
Құрама құралды орташа жылдамдық деңгейіне орнатып қойыңыз. Осылайша батыру кезінде
жақсырақ бақылау мүмкіндігіне ие боласыз.
Бірінші кесіктен кейін жылдамырақ кесу үшін жылдамдық деңгейін көтеруге болады.
Орташа қысыммен жұмыс істеңіз және алмалы-салмалы аспапты материалға итермеңіз.
Батыру кезіндегі қатты діріл тым көп қысым қолданылғанын білдіреді.
Ажарлау
Өнімді қосқаннан кейін дайындаманы алмалы-салмалы аспапқа тигізбес бұрын өнімге толық
тербелістер санына жетуге мүмкіндік беріңіз.
Өнімді өшірмес бұрын дайындамадан көтеріп алыңыз.
359
4
2381015
*2381015*

Publicité

loading