Télécharger Imprimer la page

Sony SU-WL900 Instructions D'installation page 598

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Қабырғаға орнататын
кронштейн
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушыларға
Теледидарды немесе СКД
Мониторды қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ
КӘСІБИ ТҮРДЕ ОРНАТЫЛУЫ КЕРЕК
Бұл өнімді тек қабырғаның
теледидардың немесе СКД Монитордың
салмағына шыдамдылығын анықтауға
жаттықтырылған кәсіби орнатқыш
орнатуы керек. Егер орнату барысында
дұрыс бекітілмесе, теледидар немесе
СКД Монитор құлап, едәуір
жарақаттауы мүмкін. Sony компаниясы
дұрыс пайдаланбау, дұрыс орнатпау
немесе орнатуға болатын өнімнен
басқасын орнату салдарынан
туындайтын ешбір зақым немесе
жарақат үшін жауапты болмайды.
Заңды құқығыңыз (қандай да бір)
жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тәжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы пайдалану нұсқаулығын толық
оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын және зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы пайдалану нұсқаулығындағы барлық
нұсқауларды оқу, мұқият түсіну және
орындау сіздің жауапкершілігіңізде. Олай
істемеу едәуір адам жарақатына немесе
мүлік зақымына және кепілдіктің күшінің
жойылуына себеп болуы мүмкін. Болашақта
ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты
қолжетімді жерде сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код
таңбасының коды келесі форматта
көрсетіледі: ЖЖЖЖ / ММ, мұнда ЖЖЖЖ
- жыл MM - өндіріс мезгілі.
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан
Минато-ку Токио, 108-0075 Жапония
Қытайда жасалған
Тұтынушыларға
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Қабырғаға орнататын кронштейн немесе
теледидар немесе СКД монитор дұрыс
орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы
мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату
жұмыстарын жүргізе алатындығына көз
жеткізіңіз.
 Теледидар немесе СКД Монитор құлап,
дененің көгеруі немесе сынық секілді
ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
 Қабырғаға орнататын кронштейн
орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық
болса немесе еденге перпендикуляр
болмаса, құрал құлап, жарақатқа не
мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Қабырға теледидардың немесе СКД
Монитордың салмағынан төрт есе ауыр
салқмақты көтере алуы қажет.
(Салмағын тексеру үшін теледидардың
немесе СКД монитордың «Анықтама
нұсқаулығы» бөлімін қараңыз.)
 Қабырғаға орнататын кронштейн
қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап,
жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына
әкелуі мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар үстіне шығуға
рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Теледидарды немесе
СКД Мониторды
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензия бар мердігерлерден басқа
адамдар теледидарды немесе СКД
Мониторды тасымалдаса немесе
бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе
мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Үлкен
теледидарды немесе СКД мониторды
тасымалдау үшін екі немесе көбірек адам
(189,3 см (75 дюйм) және одан үлкен
теледидар немесе СКД монитор үшін үш
немесе көбірек адам) керек (Мысырды
қоспағанда).
Үлкен теледидарды немесе СКД мониторды
тасымалдау үшін екі немесе көбірек адам
(75 дюйм (189,3 см) және одан үлкен
теледидар немесе СКД монитор үшін үш
немесе көбірек адам) керек (тек Мысыр
үшін).
− 3 (KZ) −
Теледидарды немесе
СКД Мониторды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
немесе СКД Монитор құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға орнататын
кронштейннің
бөлшектерін
ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға
орнататын кронштейн құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Орнатуға болатын
өнімнен басқа
жабдықты орнатпаңыз.
Осы қабырғаға орнататын кронштейн тек
орнатуға болатын өніммен бірге қолдануға
арналған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Қабырғаға орнататын
кронштейнге
теледидардан немесе
СКД монитордан басқа
затты қолданбаңыз.
Теледидарды немесе
СКД Мониторды солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
немесе СКД Монитор құлауы немесе
мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға немесе СКД
Мониторға сүйенбеңіз
немесе асылып
тұрмаңыз.
Теледидарға немесе СКД Мониторға
сүйенсеңіз не асылып тұрсаңыз, ол сізге
құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Қателесіп жұтып
қойылмауы үшін
кішкентай керек-
жарақтарды ӘРҚАШАН
балалардың қолы
жетпейтін жерде
сақтаңыз.
KZ

Publicité

loading