Техникалық Деректер - 3M Peltor WS Lite-Com Mode D'emploi

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
82 дБ шамасынан жоғары өлшенген дыбыстық деңгей ортасында есту қабілетіңізді қорғау қажет. Шулы ортада есту
қабілетін қорғау құралдарының құлақшасын тіпті қысқа уақытқа көтерген жағдайдың өзінде құлақтың ішіндегі есту
органдары қалпына келместей болып зақымдануы мүмкін.
Белгілі бір шуыл деңгейіне арналған қолайлы есту қабілетін қорғау құралын пайдалану өзіңізді есту қабілетіңізден
айырылудан қорғау үшін есту қабілетін қорғау құралын әрдайым киіп жүруіңіздің ең жақсы кепілдігі болып
табылады.
Қорғау әсерін барынша жақсарту мақсатында, жастықшалар басыңызға дәл келуі үшін құлақтағы шаштарды бір
жаққа тарап қойыңыз. Есту қабілеті басқа жақын тұруы үшін, киілетін қандай да бір көзілдіріктердің немесе қорғағыш
көзәйнектердің ұстағыштары/ілгіштері барынша жұқа болғаны жөн.
КҮТІм/ТАзАЛАУ
Ұзақ пайдаланудан кейін немесе гарнитураның құлақшаларының ішіне ылғал тартылған басқа жағдайларда, келесі
пайдаланар алдында жастықшалар мен төсемдерді шығарып алып, құрғатыңыз.
Гарнитураны +55 °C жоғары температураларда, мысалы, автокөліктің аспаптар панеліне/бас киім қоятын сөресіне
немесе терезенің сыртқы жағындағы тақтайына қойып сақтамаңыз.
Гарнитура (әсіресе, құлақ жастықшалары) уақыт өте келе тозады. Механикалық зақымдану белгілері бар-жоғын
үнемі тексеріп отырыңыз және қажет болған жағдайда ауыстырыңыз.
Белгілі бір химиялық заттар бұл өнім үшін зиянды болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін ЗМ компаниясына
хабарласыңыз.
Корпустарды, құлақшаларды тартып тұратын ұстағышты және құлақ жастықшаларын тұрақты түрде сабын мен
жылы суды пайдаланып тазалап/зарарсыздандырып тұрыңыз. Ескерту! Суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Бұл өнімге WEEE directive 2002/96/EC (2002/96/EC санды WEEE директивасы) қолданылады және ол қайта
өңделеді. Өнімді ұлттық ережелерге сәйкес қоқысқа тастаңыз. Электрондық өнімдер үшін жергілікті қайта өңдеу
жүйесінің қызметін пайдаланыңыз.
БАТАРЕЯЛАР (C)
Батарея заряды аз деген ескерту дабылы естілгенде, құрылғы бірнеше минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Қайта зарядталатын Peltor ACK051 NiMH батареяларын тек Peltor FR05 зарядтау құрылғысында зарядтау керек. Әр
құралдың бір данасы ғана беріледі.
Басқа түрлі AA батареяларын да қолдануға болады: аккумулятор батареяларын да, 1,5 В сілті батареяларды да.
Батареяларды батарея қақпағына салыңыз.
Қақпақты жабар алдында, батареялардың + және – полюстері дұрыс тұрғанын тексеріңіз! (қақпақтағы суретті
қараңыз).
Құрылғы қосулы тұрған кезде, батареяларды ауыстыруға немесе салуға болмайды. Қайтадан қосар алдында,
батареялардың дұрыс салынғанын тексеріңіз.
АБАйЛАҢЫз! Қайта зарядталатын батареяларды тек өндірушінің нұсқауларына сәйкес зарядтаңыз. Құрғақ
батареялар зарядталған жағдайда жарылуы мүмкін!
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
СИГНАЛДЫҢ ӘЛСІЗДЕНУІ (сигнал – шу қатынасы) (D-суреті)
Гарнитура PPE құралдарына қатысты 89/686/EC директивасына және еуропалық EN 352-1:2002, EN 352-3:2002, EN
352-4:2001, EN 352-6:2002 және EN 352-8 стандарттарына сәйкес шудан қорғайтын құлақаспап ретінде тексерілген
және СЕ мақұлданған.
FIOH ұйымы (Topeliuksenkatu 41, FI-00250 Helsinki, Finland) сертификаттаған (Өкілетті органның нөмірі - 0403).
301

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières