PELTOR™ WS Lite-Com™ Пайдаланушы нұсқаулығы
СЫмСЫз БАйЛАНЫС ГАРНИТУРАСЫ
Гарнитура екі немесе одан көп адамдар арасындағы сымсыз, сонымен қатар Bluetooth® технологиясы арқылы
Bluetooth орнатылған басқа құрылғымен, мысалы, қалта телефонымен арадағы байланысты қамтамасыз етеді.
Шудан оқшаулайтын Peltor микрофондары шулы орталардың өзінде сөйлесу мүмкіндігін береді.
Құрылғыны қолданар алдында берілген нұсқауларды мұқият оқып, келешекте анықтама ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАР
•
Сымсыз байланыс гарнитурасы 446 МГц жиілік диапазонындағы 8 арнаға арналған.
•
Жұмыс диапазоны жоғары шығыс қуаты параметрімен ашық кеңістікте 2 км шамасына жетеді.
•
Пайдаланушы топтарына бір-біріне кедергі келтірмей, бір радиоарнаны пайдалануға мүмкіндік беретін 38
CTCSS ішкі сигналдары.
•
Қалта телефонымен немесе Bluetooth орнатылған басқа құрылғымен арадағы қысқа диапазонды Bluetooth
байланысы.
•
Стерео микрофондары мен деңгейге тәуелді дыбыс шектеуі орнатылған шудан қорғайтын белсенді
құлақаспап.
•
Жұмыс уақыты батарея түрі мен пайдалану режиміне байланысты, әдетте бір жұмыс күнінен ұзақ.
•
Төмен батарея кернеуіне қатысты ескерту.
•
Соңғы іске қосудан 2 сағат өткеннен кейін автоматты өшу функциясы.
•
Таңдалған параметрлер дауыстық хабарламамен расталады.
•
Құрылғы өшірілгенде, соңғы параметр сақталады.
БӨЛШЕКТЕР (H суреті)
1.
Басқа тағылатын бөлік: күні бойы аса жайлы тұру үшін жұмсақ затпен толтырылған (MT53H7A4410WS5).
- мойынға тағылатын бөлік: бас бөлігіне басқа жабдық кедергі келтіріп тұрғанда, ыңғайлылық үшін
қолданылатын қосымша бөлік (MT53H7B4410WS5).
- Дулыға бекіткіштері: дулығамен қолданылады. Бұл бекіткіштердің күнқағар мен жауын қалқаншасын
бекітуге арналған тесіктері бар (MT53H7P3E4410WS5).
2.
Жеке амортизациясы бар тат баспайтын болаттан жасалған бас бөлігінің сымдары құлақ айналасына
қысымның біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Бас бөлігінің болаттан жасалған сымдары пластмассадан
жасалған бас бөліктеріне қарағанда, кең температура диапазонында икемділігін жақсырақ сақтайды.
3.
Төмен орналасқан екі нүктелі бекіткіштер биіктік бойынша реттеуді жеңілдетеді.
4.
Жұмсақ әрі кең, көпіршікті нығыздағыштан жасалған құлақ жастықшалары: қысымды біркелкі тарататын
ішкі арналары бар болғандықтан, төмен қысымды жақсы оқшаулауды және жеке ыңғайлылықты қамтамасыз
етеді.
5.
Икемді антенна: сезімталдығы жоғары.
6.
Сыртқы жабдыққа арналған қосқыш: басқа радиобайланыс құрылғысы, қалта телефоны, т.б. сияқты
жабдықтарды қосуға арналған.
7.
Батареялар. Гарнитура Peltor NiMH батареясымен (ACK051) және тиісті батарея зарядтағышымен бірге
сатылады.
Стандартты АА батареяларын да пайдалануға болады. Төмендегі «БАТАРЕЯЛАР» бөлімін қараңыз.
8.
Шуды компенсациялау жүйесі бар микрофон сөзді шулы ортада да жақсы тану үшін жасалған.
9.
Пернетақта: реттеуді және параметрлерді орнатуды жеңілдетеді.
Сымсыз Bluetooth байланысы: басқа Bluetooth орнатылған құрылғымен арадағы байланыс (суретте
көрсетілмеген).
295